Жоспары: І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім



бет6/13
Дата27.11.2022
өлшемі2,34 Mb.
#53012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жүйке жүйесінің бұзылыстары мен менталдық бұзылуы бар адамдардың БДШ ұйымдастыру.

ОЖЖ-нің аурулары

  • Ми қан айналымының бұзылуы, ми шайқалу, жарақаттану, ми мен жұлындағы ісік — осының бәрі жоғары жүйке жүйесі ауруларына жатады. Мұндай қауіпті сырқаттардың кеселінен спастикалық паралич, жансызданып қалу немесе сезімталдығы кему, трофикалық күйреу, сіңір рефлекстері көтерілу, ақыл-естің өзгеруі т. б. көптеген жағымсыз белгілер білінеді.
  • Мидағы қан айналымы бұзылуы, сол қан тамырларының таралуы, склерозға шалдығуы, соңында миға қан құйылуға немесе тамырлардың мүлде тығындалып қалуына әкеп соғады. Мұндай кезде мидағы өзгерістер әр клеткада байқалады.
  • Осыған душар ететін факторлар гипертония ауруы, адамның дене және ой еңбегімен қиналуы, жұқпалы аурулармен ұзақ ауыру, дененің әр түрлі заттармен улануы болып табылады.Аурудың басталуы кенеттен болады. Аяқ астынан адам есінен айырылып, жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелерінде өзгерістер байқалып, бір жағы жансызданып қалады. Кейде тілден де айрылады.

Жансызданған қолдың иілетін бұлшықеттері сіресіп, жазылмай, бүгілген қалпында қалады. Аяқта керісінше, жазылғыш еттер икемге келмей сіресіп, көсілген қалпында қақиып қалады. Осының бәрін жеңу үшін бірінші күннен бастап жансызданған аяқ-қолды қозғалтып, әр түрлі қалыпта ұстайды. Емдік гимнастиканы екінші аптадан бастап тағайындайды. Оны массажбен үйлестіре жүргізу өте тиімді.

  • Жансызданған қолдың иілетін бұлшықеттері сіресіп, жазылмай, бүгілген қалпында қалады. Аяқта керісінше, жазылғыш еттер икемге келмей сіресіп, көсілген қалпында қақиып қалады. Осының бәрін жеңу үшін бірінші күннен бастап жансызданған аяқ-қолды қозғалтып, әр түрлі қалыпта ұстайды. Емдік гимнастиканы екінші аптадан бастап тағайындайды. Оны массажбен үйлестіре жүргізу өте тиімді.
  • Емдік гимнастиканы қолданғандағы негізгі мақсаттары:

  • 1. Адамның көңіл-күйін, еңсесін көтеру;
  • 2. Жансызданған жағында қан-лимфа айналысын жоғарылатып, зат алмасуын жақсарту;
  • 3. Жүрек-қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту сияқты ішкі ағзалардың қызметін қалыптастыру;
  • 4. Терінің ойылуын, буынның бүгілмей қалуын, контрактура болмауын, өкпенің көп жатқаннан қабынбауын қадағалап, алдын-алу;
  • 5. Жоғалған қимыл-қозғалысты қалпына келтіру;
  • 6. Жүру үйлесімділігін қадағалап, өзін-өзі бағдарлау, өз бетімен кіріп-шығып, тамағын алып ішуге дағдыландыру.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет