Жоспары: І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім


Патологоанатомиялық өзгерістер



бет6/8
Дата30.11.2022
өлшемі103,35 Kb.
#53974
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Срс, індеттану

2.6. Патологоанатомиялық өзгерістер. Әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда байқалатын өзгеше бұдырмақ түйіндер (туберкулалар) туберкулезге тән ерекшелік болып есептеледі. Бұл бұдырмақтардың көлемі тарыдан тауық жұмыртқасына дейін, кейде одан да үлкен болады. Туберкулез ошағы дәнекер ұлпалы қапшықпен қоршалып, оның ішінде іріген, құрғақ, үгілген масса (казеозді өліеттену) болады. Ұзақ аурудың нәтижесінде туберкулез түйіні әктенеді.
Күйіс қайтаратын жануарларда туберкулезбен өкпе және көкірек қуысындағы сөл түйіндері жиі зақымданады. Өкпеде тығыз, сұрғылт қызыл түсті ошақтар кездеседі. Оларды тілгенде майға ұқсап жылтырап (өліеттенбеген) ортасында казеоз, кейде іріңдеген фокустары болады. Сирек жағдайда көлемі әр түрлі каверналар кездеседі (сиыр мен ешкіде). Сөл түйіндері, әсіресе жақ астындағы, жұтқыншақтағы, жауырын алдындағы, жиі зақымданады. Олар үлкейіп қатаяды, беті бұжырланып, тіліп қарағанда ортасындағы ұлпа казеозданып, іріп тұрады
Сірі қабықтар зақымданған кезде көкірек және құрсақ перделерінде көптеген "меруерт" деп аталатын тығыршықтанған, жылтыраған, үлкендігі кейде емен жаңғағына жететін туберкулез түйіндері кездеседі. Аурудың ішектегі түрі кезінде шеті белдеуленген дөңгелек ойылымдар аш ішек пен мықын ішектің кілегейлі қабығында ұшырасады.
2.7. Балау. Туберкулезге диагноз індеттанулық деректер мен клиникалық белгілерін талдау, аллергиялық, серологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық, микробиологиялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде қойылады.
Клиникалық әдіс туберкулезге диагноз қою үшін оншама маңызды емес. Мысалы, туберкулезді зерттеудің көрнекті маманы академик М.К. Юсковец туберкулезге шалдыққан 600 сиыр мен 250 бұзауды мұқият клиникалық тексеруден өткізгенде тек қана екі жағдайда ауруға дәл диагноз қойған екен. Тіпті аурудың айқын белгілері болғанда да диагноз қою үшін арнайы әдістермен қосымша зерттеулер жүргізілуі қажет.

Жануарларға тірі кезінде диагноз қоюдың негізгі әдісі - аллергиялық зерттеу. Малдың туберкулинмен ауруға тексеру екі айлық жасынан басталады. Ол үшін туберкулез қоздырушысының өсінінен алынған дәрмек - туберкулин қолданылады. Туберкулиннің үш түрі болады: альттуберкулин, сүт қоректілерге арналған құрғақ тазартылған туберкулин (ППД), құсқа арналған құрғақ тазартылған туберкулин (ППД). Туберкулинді тері ішіне және көз конъюнктивасына жібереді. Тері ішіне жіберу туберкулиндеудің негізгі әдісі болып саналады. Сиыр, буйвол, зебу (енеке), бұғы мен маралға мойынының ортаңғы үштен біріне тері ішіне шприц немесе инесіз инъектор арқылы жібереді. Шошқаға құлағының түбіне тақау сырт жағына жібереді. Қой, ешкі, ит, маймыл, терісі бағалы аңдарға (күзенен басқа) санының ішкі бетіне, күзенге жоғарғы қабағына интрапальпевральдік әдіспен, түйеге құрсақ қабырғасының шонданай бұдырының тұсындағы терісіне, тауықтын сырғалығына, күрке тауыққа жағының астыңғы қалтасына, үйрек пен қазға жағының астыңғы тері қатпарына жібереді. Туберкулинді жіберетін жерді жүнін қырқып (қауырсындарын жұлып), 70%-да спирт жағады. Туберкулин жіберу үшін теріге дәрмек жіберетін арнайы ине және сыйымдылығы 1-2 мл шіриц қолданылады. Малға туберкулин жіберу үшін инесіз инъекторларды кең түрде пайдаланады. Туберкулиннің дозасы сүтқоректі жануарларға 0,2 мл, маймыл мен күзенге және құстарға 0,1 мл. Реакцияны сиырда, бойволда, зебуде, түйеде, маралда, бұғыда 72 сағаттан соң, ал қой, ешкі, шошқа, ит, маймыл, терісі бағалы аңдарда - 48 сағат, құстарда 30-36 сағат өткен соң есепке алады да, нәтижесін "оң" немесе "теріс" деп бағалайды. Егер туберкулин жіберген жер жайылған айқын шекарасыз қабынып, консистенциясы иленген қамырға ұқсап, орны шектеулі температурасы көтеріліп, гиперемия байқалса, реакция оң болып есептеледі. Кейбір жануарларда реакция контуры айқын, тығыз, ауырмайтын қабыну ретінде байқалады.
Сиыр, буйвол, зебу, түйе, марал, бұғының туберкулинге реакциясы жоғарыда айтылған белгілермен қоса терінің қатпары маңындағы туберкулин жіберілмеген жердегі тері қатпарымен салыстырғанда 3 мм және одан артық қалыңдаса, онда тексерудің нәтижесі "оң" деп бағаланады.
Аталық бұқаға, егер туберкулин құйрық түбіндегі тері қатпарына жіберілсе, ол жері ісініп тері қатпары 2 мм және одан артық қалыңдаса, онда реакцияның нәтижесі "оң" болып бағаланады.
Қой, ешкі, шошқа, ит, маймыл, терісі бағалы аңдар мен құстар туберкулин жіберілген жерде қандай бір болмасын ісік пайда болғанда, реакцияның нәтижесі "оң" деп табылады, ал күзенде мұндай қорытынды үшін туберкулин жіберілген қабағының ісінуі негіз болады.
Тері ішіне туберкулиндеу - туберкулезге тән балау әдісі болып табылады. Бірақ та бұл әдістің де кемшілігі жоқ емес. Біріншіден, коңы төмендеген, әлсіреген жануарларда, сонымен қатар туберкулез денеге жайылған жағдайда организм туберкулинге реакция бермейді немесе реакция әлсіз болады (анергия). Екіншіден, туберкулин жібергенде туберкулезге тән емес парааллергиялық реакция болады. Мұндай реакция мал организмінің басқа микробтармен, мысалы құс туберкулезі мен паратуберкулездің қоздырушыларымен, зардапты емес атиптік микобактериялармен сезімталдандырылу нәтижесінде болады. Телімді реакция мен телімсіз реакцияны ажырату үшін сүт қоректілерге және құсқа арналған екі түрлі туберкулинді қатарынан симультанды қолданады немесе бұл мақсатта атиптік микобактериалардан даярланған КАМ туберкулині пайдаланылады.
Туберкулинді көзге тамызу арқылы тексеру 5-6 күндік үзіліспен екі мезет жүргізіледі. Көз түтікшесі арқылы төменгі қабықтың конъюнктивасына немесе көздің қасаң қабығына 3-5 тамшы туберкулин тамызылады. Реакцияны есепке алу туберкулинді бірінші рет тамызғаннан соң 3, 6, 9, және 24 сағат кейін, ал екінші рет тамызған соң 3, 6, 9, және 12 сағат өткенде жүргізіледі. Егер көздің ішкі шетінен қоймалжың немесе іріңді сора ағып, конъюнктива қызарып, домбығатын болса реакция оң болып есептеледі.
Егер туберкулинге реакция берген 2-3 малды сойғанда ішкі ағзалары мен сөл түйіндерінде туберкулезге тән патологоанатомиялық өзгерістер табылса, ал ондай өзгерістер болмаған жағдайда бактериологиялық, гистологиялық немесе биологиялық зерттеулер оң нәтиже берсе, туберкулезге диагноз қойылды деп есептеледі де, шаруашылық туберкулезден сау емес деп жарияланады.
Туберкулезді балау үшін әр түрлі серологиялық реакциялар байқаудан өтті. Солардың ішінде айтарлықтай нәтиже бергені - конглютиндеуші кешенді байланыстыру реакциясы (ККБР). Бұл реакцияны туберкулинмен зерттеу әдісіне қосымша сау емес шаруашылықтарды сауықтыру шараларын іске асырғанда қолдануға болады.
Емі. Туберкулезбен ауырған малды емдемейді, оны сою қажет. Сау емес аң фермаларда туберкулезді дауалау үшін тубазид (изониазид) қолданылады. Дәріні жемге қосып күніне бір рет 10 мг/кг дозада 75 күн қатарынан береді. Басқа жануарларға, атап айтқанда ірі қараға, туберкулезге қарсы тубазид қолдану ойдағыдай нәтиже бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет