Жоспары: І. Кіріспе


Лимон ағашын өсірудің жолдары



бет6/9
Дата13.01.2023
өлшемі6,21 Mb.
#61141
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.1. Лимон ағашын өсірудің жолдары
Тек жаздың ыстық айларында ғана тіке түскен күн көзінен қалқалау қажет, басқа уақытта жарықта жақсы өседі.
Қыс айларында 12-14ºС төмен болмағаны дұрыс, егер осы температуралық жағдай жасалмаса өсімдік көктемде гүлдемей қояды. Ал, гүлдегенде, түйін салғанда 18ºС төмен болмауы керек. Азынақ желден, температураның кенет өзгеруінен, өсімдік гүл күлтелері мен түйінін тастап жібереді.



Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 13

Жаз айларында аптасына 2-3 рет, қыста айына 2-3 рет суғарып тұру керек. Су бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұрған абзал. 10-15 күнде бір рет толық минералды тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет.Ауа құрғап кетсе өрмекші құрты, кене, өсімдік биті секілді зиянкестердің әсерінен ауырады. Жарықты жақсы көреді, тек жаздың аптап ыстық күндерінде терезеден түскен күн сәулесінен қалқалау қажет.
Қыста 12ºС салқын жерге қою керек, егер осы температуралық жағдай туғызылмаса, өсімдік көктемде гүлдемей қояды.
Оның себебі, салқын жерде өсімдік өсуін тоқтатып, «ұйқыға» кетеді де, көктемге дейін демалады. Дәл осы демалу кезеңінде гүл түйнегін қалай бастайды. Демалу кезеңінде тыңайтқыштармен қоректендіруге болмайды, ал басқа уақыттарда 10-15 күнде толық минералды немесе арнайы лимонға арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған дұрыс.
Су бүркіп ылғалдандырып, әрі шаң-тозаңнан тазартып тұрған абзал. Лимон гүлдей бастағаннан орнынан қозғап мазалауға болмайды, гүлін, түйінін тастап жібереді.
Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар,қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар,А, В1,В2, С, Д, Р дәрумендері, қабығында – эфир майы болады. Лимон жемісі тұрмыста аспаздықта кеңінен қолданыс тапқан. Одан кондитерлік тағамдар, мармелад, джемдер, шараптар, түрлі иістендіргіштер жасалады. Сонымен қатар лимон шырыны косметикада да қолданыс тапқан. Оның шырыны теріні тазартып, ағартатын қасиетке ие.

Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 14

- Лимон ағашы жарықты жақсы көреді. Тек жаздың аптапты күндерінде күн көзінен қалқалау қажет етіледі.
- Қыста - 5-100С температуралық жағдайда, топырағы кеуіп кетпес үшін ғана сирек және аз мөлшерде суарылып тұрады. Бұл шақта ағаш ұйқыға кететіндіктен қоректендіруге болмайды.
- Көктемде 18-20 С жылы бөлмеге алып шығып, арнайы лимонға арналған немесе органикалық, минералдық заттармен қоректендіре бастау керек.
- Гүлдері сыпырылып түсіп, жеміс бермей қалатындықтан лимон ағашын гүлдеп тұрғанда орнынан қозғауға болмайды. Бұл шақта 15 күн сайын қоректендіріп тұрса құба-құп.
- Көктемде жас лимонның топырағын ауыстырып үлкен ыдысқа отырғызу керек. 3-4 жылдық лимонның топырағын ауыстырғанда тамыр топырағын қозғамай жартылай ауыстырған жөн.

Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 15



- Су бүркіп ылғандандырып, шаң тозаңнан тазартып тұрған абзал.
Ал енді лимонды көбейту жолдары қандай дегенде оны қаламшелеу және дәннен өсіру арқылы өсіруге болады.
- Қаламше арқылы өсіргенде лимонның бір жылдық сабақтарын кесіп алып, тамырландырады. Алынған сабақтың ұзындығы 12-15 см, кемінде 3-4 жапырағы болуы керек. Шым топырақ, шым тезек, құм қосылған қоспаны қаламше отырғызылатын ыдысқа салып бетіне 3 см таза құм төсейді. Сол құмға қаламшені отырғызып, бетін полиэтиленмен немесе шынымен жабады. Құм қабатында тамырланған қаламше өсе келе астыңғы қабаттағы топырақтан нәр алып, өсе бастайды.
- Дән арқылы өсіп шыққан лимонды қарындаштың жуандығындай болған кезде топырақтан 3-5 см биіктікке өткір пышақпен қабығын Т тәрізді етіп кесіп, сол жерге жеміс беретін ағаштың өркенін кіргізіп байлап тастайды да, өркен өскен кезде байлауын шешеді.
Лимонды өсіргендегі мақсат негізінен әсемдік үшін екені белгілі. Дегенмен өсіп тұрған лимон ағашының әсемдігінен бөлек лимон жемісінің шипалық сипаттары өз алдына бір төбе. Лимон жемісінің шипалық сипаты ежелден-ақ белгілі болып, медицинада, тұрмыста қолданыс тапқан.
Эфир майынан тұратын тығыз қабықты жемістің құрамы лимон қышқылы, қант, минералдық тұздар А, В1, В2, С, Д, Е дәрумендері, т.б. бірқатар пайдалы элементтерге бай, медицинада дәрумен жетіспеушілігінде, қан қысымы жоғарылағанда, атеросклерозда, асқазан ауруларында, өт жолында тас пайда болғанда т.б. жағдайда пайдаланылады.

Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990


16

Аспаздық салада кондитерлік тағамдарды дайындағанда, косметологияда кеңінен қолданыста екені аян. Және бір атап өтерлігі лимонның Мейер, Жаңагрузин, Павлов, Майкоп, Сочи, Урал, Лисабон сияқты үйде өсірілетін түрлері тез өсіп, 3-4 жылда жеміс бере бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет