Тістерді нығайту
Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары – мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.
«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»
4
Мүйізгектер
Ұйықтар алдында аяқты ыстық сумен буландырыңыз, құрғақ болғанша сүртіңіз және кішкене балдырмен лимонның қабығын – лимонның шетін мүйізгекке байлап қойыңыз. 4 – 5 күннен кейін мүйізгек толығымен жоқ болып кетеді.
Аяқ сіңірінің тартылуы
Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.
Тырнақтарды күту
Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек.
Талып қалу
100 г құрғақ лимон қабықтарын ұсатыңыз, 1 л арақ құйыңыз, анда санда шайқап отырып, 3 апта жылы жерде ашытыңыз. Сүзіңіз. Күніне 3 рет 25-30 тамшыдан қабылдаңыз.
Жасарту
Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз.
«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» 5
Бұлақ
Құлаққа 2-5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл ауыруды басады және естуді жақсартады.
Қайызғақ
4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.
Ежелде шығыс елдері лимон жемісін жылан уын қайтаруға, оба, тырысқақ ауруларын емдеуге қолданған екен. Сондай-ақ атақты шығыс ғалымы Ибн Сина лимонды теңіз ауруына шалдыққанда және жүкті әйелдер итжерік болған жағдайда жақсы көмектесетін емдік дәрі ретінде ұсынған. Әсіресе, ірі және қанық сары түсті лимон ағзаға өте пайдалы. Лимонның тәтті түрі қаназдыққа пайдаланылады, ал қышқыл лимон терідегі дақтарды кетіруге жақсы. Лимон асқазанның қызметін реттеп, тамақтың дұрыс қорытылуына, ағзадағы артық заттарды шығаруға көмектеседі. Дегенмен асқазанында қышқыл мөлшері жоғары адамдарға, асқазанында жарасы барларға және гастрит түрлерімен ауыратындарға, лимонды өте абайлап пайдалану қажет. Мұндай науқастарға күніне лимонның 1-2 бөлігінен артық пайдалануға болмайды, өйткені лимон асқазан қыжылын күшейтуі мүмкін. Лимон шырынын көзге тамызсаңыз, жанарыңыз тұнық бола түседі екен. Лимонның қышқыл болатын себебі, бір лимонның құрамында 5-8 пайыз лимон қышқылы бар. Лимонды жиі пайдаланатын адамның ағзасындағы қышқыл мөлшері бірқалыпты болып тұрады. Лимон ағашының бұтағынан, жапырағынан эфир майы алынады, қабығында гликозид, цитронин бар. Лимонның шырыны минералдық тұздарға, органикалық қышқылдарға өте бай. Оның құрамында C, A, D дәрумендері бар. Лимон күшті антимикробтық және антисептиктік қасиетке ие. 20-ға жуық микроб түрлерін өлтіре алады.
2 литр лимон суымен 40 тіс бөлініп езілген сарымсақ, қою түсті немесе cырты қағазбен қапталған банкаға салынып аузы мықтап бекітіледі. 25 күн бөлме температурасында сақталынады. Әр күні сарымсақтардың жақсы еруі үшін шайқап тұру керек. 25 күннен кейін күнде таңғы астан жарты сағат бұрын жарты немесе 1 стакан ішіліп отырылады. Қақпағын әрдайым жабық күйде ұстап, ішіне мүлдем су немесе шекер т.б қосылмауы тиіс. Тек ішер кезде ғана стаканға су қосуға болады. Мүмкін болғанша күнде бір уақытта іше отырып бітіру керек.
«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» 6
Барлық тамыр қабынулары жазылады, бітелген тамырлар ашылып, тамыр қатаюы мен гипертонияның алдын алады.
Холлестерин мен липидтің мөлшерін түсіреді, зиянды майлардың қорытылуын қамтамасыз етеді, салмақ қосады, тәбетті ашады, (бұл кезде диетаға назар аудару керек), шекер мөлшерін түсіреді және ұйқы безінің жаңалануын қаматамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |