Жоспары I. Кіріспе



бет5/5
Дата17.03.2023
өлшемі21,14 Kb.
#75273
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоспары I. Кіріспе-melimde.com

Назар және бұзылыстар?

Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала кӛзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Ойлау қабілетінің бұзылуы?
Ойлау қоршаған дүниенің жалпылай түсінуге, болмысты заңдылықты байланыстармен қатынастар негізінде тануға мүмкіндік береді. Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу – ойлаудың басты міндеттері, осыдан ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға нақталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, онымен бірге қасиеттер мен мәәнді белгілейді бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрініп қоймайды. Ойлау прблемасы көп дәуірге дейін психология саласы болудан гөрі, философия мен логика нысаны болып келді. Сондықтан да ойлау процесін зерттеуде ғылым бағыттары арасындағы күрес бірде толастырылмаған.

Қорытынды

Психология пәні тұлға, психика, сана, бейсана, мінез-құлық, іс-әрекеттерді зерттеп, мынадай міндеттерді:


• Психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
• Психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
• Психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
• Психологиялық білімдерді адамдар өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы түрде енгізуде жәрдем ету.
Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ, ол-АДАМ, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер

1. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы «Мектеп» 350б.1980, 350б.


2. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: оқулық. А. «Білім» 2002, 415б.
3. Жұмасова К.С. Психология. Астана-2006,289б.
4. Намазбаева Ж.И. Психология .Алматы: 2005, 293б.

5. Маклаков А.Г. Общая психология М.,2006г.580с.



6. Тәжібаев Т. Жалпы психология Алматы, «Қазақ университеті», 1993ж., 238б.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет