Тақырыбы: Психологияның объектісі, мәні мен міндеттері. Психология бағыттары. Психология салалары. Психодиагностика. Тұлғаның қорғаныс механизмдерінің қызметтері және түрлері. (ығыстыру, мойындамау, проекция, реакциялар, рационализация, сублимация және т.б.).
Орындаған: Жакетай А.Е
Тобы: Мейіргер ісі 203
Тексерген: Нуржигитова А.Қ
БӨЖ
Әрбір ғылымының өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейін объектіні бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып саналады. Оған психикалық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер адамның ішкі жан дүниесіне тән.
Алайда, психология ғылымы ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі оның дүниеге келген ең алғашқы жері ежелгі Греция. Гректің екі сөзінен тұрады: "псюхе" – жан, "логос" - сөз, ілім, яғни жан туралы ілім деген мағына береді. Бірақ та мұны психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.
Психологияның дамуы және оның кезеңдері
Ч.Дарвин Психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымы үлкен ықпал жасады
Э.Торндайк Бихевиоризм психологиясының негізін қалаған