Үсу дегеніміз – төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.
Үсік — көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты болатын құбылыс. Үсік барысында ауаның температурасы қысқа мерзімде 0°С-тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді. Ол суық ауа массасының (адвекциялық үсік) басып кіруінен немесе топырақ пен өсімдік жамылғысы бетінің түнгі суынуынан (радиациялық үсік) пайда болады.Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.
Үсудің пайда болу себептері
суықтың;
желдің;
жоғары ылғалдылықтың;
тар және дымқыл аяқ киімнің;
науқастың жалпы жағдайының нашар болуы (қандай да бір ауруға шалдығу, алкогольдік масаю, көп қан жоғалту) және т.б. себептер әсер етеді.
Жиі үсуге бейім бөлімдер – аяқ жақтың дисталды бөліктері, құлақ және мұрын. Яғни дененің шеткі, қанмен нашар қамтамассыз етілетін ағзалар.
1 – ші кезең.Тері бетінде қайтымды қанайналым бұзылыстары анықталады. Үсікке шалдықан тері беттері бозарған, біраз ісінген, сезімталдығы төмендеген немесе мүлдем жойылған. Теріні жылытқаннан кейін терінің түсі көк-қызыл түске айналып, ісіну және ауырсыну сезімі пайда болады. Үсіген жердің қабынуы бірнеше күнге созылады және бұл аймақтар суыққа өте сезімтал болып келеді.
2 – ші кезең. Тері беттерінің жансыздануымен, мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуымен сипаталады.. Зақымдалған жердің қанайналымы баяу қалпына келеді. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене температурасы жоғарылайды, тәбеті нашарлайды, ұйқысы бұзылады. Зақымдалған аймақ 15-30 күнде жазыла бастайды. Тері сезімталдығы өте төмен болады.