1.Фузариоз. Егін далаларында Fuzarium тұқымдастығына жататын өсімдіктің тамырын, сабағын және сағағын зақымдайтың саңырауқұлақтар тудыратын ауру тараған.Сағақтын және дәннің фузариозы ауаның ылғалдылығы және температурасы жоғары болғанда дамиды.Фузариозды дәнмен улану бұрын некротикалық ангинаға ұқсағандықтан септикалық ангина деп атаған. Негізінде зақымдалған дәннен пісірілген нанды қолданғаннан кейін 1-2 жетіден кейін қанда гранулоциттердін санының өзгеруі байқалады, ал содан соң миелоидты және лимфоидты тіндердін зақымдалуы, сүйік кемігінің некрозы байқалады, нәтижесінде қанайналым бұзылады.
Егіннің қатты сорттары, сонымен бірге вегетециялық периоды ұзарған және органогенез фазаларының ақырындауымен сипатталатың сорттар фузариозбен зақымдалуға сезімтал болып келеді. Сағақтың қабыршағы дәнге тығыз жанасқан және қатты, тығыз кутикуласы бар егін сорттары фузариозға тұрақты болып келеді.Дәндердің токсигендігін анықтау әдісі фузариозбен зақымдалуы өнімнін төмендеуіне және адам және жануар денсаулығына қауыпты заттардын ең алдымен вомитоксиндердің жиналуына әкеледі..Фузариоздар деп фузариум тұқымдастығының саңырауқұлақтармен зақымдалған нан өнімдері қолдану нәтижесінде туатын алиментарлық ауру. Бұл аурудың этиологиясы толық зерттелмеген. Уланудын кең тараған түрі «пьяный хлеб» және алиментарлы-токсикалық алейкия.
«Пьяный хлеб» улануы. Fusarium тұқымдастығының саңырауқұлақтармен зақымдалған дәндердің сырт пішіні кедір бүдір және кейде аққызыл налет болады.Зақымдалған дәнде органикалық заттардын терең ыдырауы байқалады, кейбір авторлардың айтуынша оның ішінде токсикалық заттар түзіледі.Зақымдалған дәннен піскен нан «пьяный хлеб» деп аталады, себебі ол кейбір
гастроэнтерикалық көріністерден басқа алкогольмен мас болғандағы көріністер байқалады. Бас ауруы, бас айналу, құлақта шу, бұлшықеттік әлсіздік, аяқ қол дірілі байқалады. Сонымен бірге қарашықтын кенеюі, бет түсінің ционотикалығы, жүрістін бұзылуы және гастроэтерикалық көріністер байқалады. Айтылған барлық көріністер 2 тәуліктен кейін жоғалады. «Пьяный хлеб» улануының клиникалық көрінісі этиологиясы сияқты толық зерттелмеген.