Жоспары Жоспары



бет2/5
Дата03.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#112865
1   2   3   4   5

Патогенезі:

Патогенезі:

Негізгі патогенетикалық звено, экстрапиримидті жүйедегі дофамин алмасудың бұзылуы. Дофамин бұл қозғалыс актілеріне көмекші және медиаторлы функцияны атқарады, оның негізгі түзілетін орны қара субстанция (Substantia nigra). Қара субстанция қызметі бұзылған кезде, бас ми қыртысындағы экстрапирамидалық жүйенің және corpus striatum жіберген сигналдарды жұлынның алдыңғы мүйізіне жетпейді. Сонымен қатар, сол уақытта жұлын алдыңғы мүйізіне бозғылт дене (pallidum) және қара субстанцияның ингибирлеуші импульстері келіп тұрады. Нәтижесінде жұлындағы альфа және гамма мотонейрондар циркуляциясы белсеніп, альфа белсенділігі басым бола бастайды. Бұл экстрапирамидалық ригиттілікті тудырады.


Паркинсон ауруы кезіндегі қара субстанцияның азаюы және жоғалуы

Клиникалық көрінісі

Клиникалық көрінісі

Клиникалық көрінісі: Негізгі клиникалық көрінісі акинетико- ригидті немесе гипертонико –гипокинетикалық синдромдармен көрінеді. Ол өз кезегінде келесідей триададан тұрады: брадикинезия ,бұлшықет ригидтілігі, тремор. Науқаста өзіндік бүгілген поза пайда олады: басы және денесі алға қарай еңкейген, қолдары шынтақ, қәріжілік-білезік және фалангалық буындарда бүгілген. Сөйлеуі ақырын, монотонды, модуляциясыз, сөздің соңында ақырындап өшіп қалады (затухание). Жүру кезінде қолды қалыпты сілтеп жүру қасиеті жоқ (ахейрокинез).+

Клиникалық көрінісі: Постуральды тұрақсыздық-сырқат жүріп келе жатып тоқтаған кезде аяқтарының қимылын тежей алмай бір орында таптап тұрып қалады.Осы кейіптен қайтадан жүріп кету мүмкіндігі де қиын болады.Егер сырқатты арқасынан нұқып қалса,ол сол бетінде алға қарай ұмтыла жүріп кетеді (пропульсия),бүйірінен түртіп қалғанда сол бағытта өзін-өзі ұстай алмай қозғала береді (латеропульсия),кеудесінен итеріңкіреп жіберсе артқа қарай жылжи береді (ретропульсия).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет