Жоспары: Кіріспе І. Судың сапасының тұрғындар денсаулығы жағдайына әсері II. Су қорларын қорғау


СУДЫҢ САПАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ



бет2/4
Дата16.04.2022
өлшемі44,55 Kb.
#31203
1   2   3   4
Байланысты:
өнеркәсіпте қоршаған ортаны қорғау

СУДЫҢ САПАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл  мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз  су  сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті  көрсеткішпен анықталады.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас  сулардың ішінде  тұрмыстық сарқынды  суларда органикалық  заттар 58%, минералдық  заттар 42 тей  болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын  заттармен  сулардың  ластануы өте  қауіпті. Бұлар –химиялық  ластану  көздері. Соның  ішінде сулы  экожүйелердің пестицид, гербицид және  басқа  да химиялық  улы  препараттармен ластануы Қазақстанда  кең  етек алған. Мәселен, мақта  мен  күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне   қарсы бұрынғы Кеңес  үкіметі кезеңінде өте  көп  химиялық  заттар  пайдаланылған Нәтижесінде, су  ластанып,  оның  сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз  кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары  азық –түлікпен  адам организмін кері  әсерін  тигізді.

Қазіргі  кезде ашық өзен, көл суларымен  қатар  жер  асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен  және еріген зиянды заттармен  ластанып  отыр.

Оның  негізгі  ластану  көздері мыналар:

—         өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

—         химиялық заттар  және  тыңайтқыштар;

—         тұрмыстық  қалдықтар;

—         жер асты  суларымен жалғанатын  құбырлар;

—         ірі  құрылыс учаскелері;

—         күзгі  алаңдар, бұрғы-скважиналары болып  табылады.

Жер  асты суларында  әртүрлі жұқпалы  аурулар  тарататын микробтар,  вирустар  кездеседі.

Қазақстан  жағдайында өзен-көлдердің ластануы  көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда,  полигондар мен мұнай-газ өндіретін  жерлерде жаппай  сипат  алуда.

Өзендердің  ішінде  Ертіс  су  алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор  қорғасын  зауыты,  Березов  кені, Зырьян зауыты  секілді  өндіріс  орындарының сарқынды  лас  суларымен  ластануда. Су  құрамында қорғасын,  мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті  мөлшерден  асып  кетуі жиі  байқалады.

Іле-Балқаш  бассейні суының сапасы  да  мәз  емес. Мұндағы ластағыш  заттар – ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік  бірлестігі, «Балқаш балық  өнеркәсібі», «Сарышаған» ракета  полигондары, т.б. кен  рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш  көліне мыңдаған  тонна  зиянды заттарды  төгуде. Іле  өзенінің ортаңғы ағысы,  жалпы өзен экожүйесі,  күріш  алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге  байланысты минералды  тыңайтқыштар мен  химиялық  препараттар өте  көп  қолданылып келеді.  Нәтижесінде,  өзен  суының сапалық  құрамы төмен. Оның  үстіне Іле өзені  арқылы мұнай  тасымалдау, Қапшағай су  қоймасы,  Қытай жеріндегі судың  ластануы  ондағы  экологиялық  жағдайды  қиындата  түсуде.

Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу  өзендерінің сулары  біршама таза деп  есептелінеді. Соның  ішінде Сырдария, Шу, Талас  өзендері ауыл  шаруашылығын химияландыру мен дренажды  сулармен  ластануда. Әсіресе, Арыс,  Келес  өзендері күріш пен  мақта  егіндісінде жиі  қолданылатын пестицидтермен ластанып  отыр.

Соңғы  жылдары Каспий  теңізінде мұнай  өндіруге  байланысты және  теңіз  деңгейінің табиғи  көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің  көтерілуі жүздеген  мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен  шығарды. Қазір бұл  жерлерде 6 мұнай газ  кені,  жүздеген  елді мекендер,  коммуникациялар,  өнеркәсіп орындары су  астында қалды. Нәтижесінде, теңізге  көптеген мөлшерде лас  заттар,  мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар,  ауыр металдар суға  араласуда.  Оның  үстіне Еділ  мен  Жайық  өзендерінің  лас  сулары  теңіз  суын  уландыра  түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар  аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы  қара  уылдырық және  ет  беретін бекіре тұқымдас  балықтардың азайып  кетуі  тіркелді.

Ал, 1999 жылы қырылып  қалған  20-30  мың  итбалықтың  және  жүздеген  мың  құстардың  өлуі теңіз  суының  бүгінгі  сапасының  көрсеткіші – биоиндикаторы  болса  керек. Қазіргі  Каспий  мұнайын  игеру бүкіл  әлемді  дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз «қара  алтынын»  игеруге  ұмтылдыруда.  Ал,  олардың  судың  сапасы   мен  ластануына  көңіл  бөлуі, экологиялық  нормаларды  сақтауы  күмән  туғызады.

Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға  төгілуі қоршаған  ортаға  зиянын  тигізуде. Жерге  сіңген  мұнайдың  қалыңдығы 10 метрге жетіп,  жер  асты  суына қосылуда. Қазір мұнаймен  ластану  аймағы 200 мың га алып  жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай  қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған.

Ақтөбе облысындағ  су  айдындардың да экологияның жайы  нашар. Мәселен, Елек өзені амин  өнеркәсібі есебінен  және бормен ластануда.

Қарағанды  металлургия  комбинатының және Теміртау қаласындағы  «Карбид» өндірістік  бірлестігінен  шыққан сулар Нұра  өзенін барынша  ластауда. Жамбыл  фосфор зауытының сарқыгнды  лас  сулары Талас, Асы өзендері  мен оның  алқаптарын фтор және  сары  фосформен ластап  отыр.

Оңтүстік Қазақстан  облысында ең  көп ластану Бадам-Сайран кен  орындарында байқалуда.  Әсіресе, Бадам  өзені бойындағы қорғасын, фосфор,химия өнеркәсіптерінен  бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей  жерлерде шекті мөлшерден 50  есеге  дейін  асып  кететіні  тіркелген.

Су  ресурстарының биологиялық ластануы Арал  аймағы мен Батыс Қазақстанда  жиірек ұшырасуда.

Қазақстанның  су  ресурстарының  сапасын  жақсарту  және  қорғау  шараларын  жүзеге  асыру  бағытында мемлекет  тарапынан  көптеген игі істер  жүргізілуде.


 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет