Қорытынды
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Су біздің ғаламшарымыздың үстінде 3-3,5 млрд жыл бұрын жер қыртысының газсыздануы саядарынан шыққан бу түрінде пайда болған деп есептеледі. Қазіргі кезде судың салмағы жер салмағының 0,025%-ын құрайды және оның жалпы мөлшері 1,6*10,9 текше шақырым болып саналады. Су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық, табиғи зат. Сондай-ақ ол толық құнарсыздығымен ерекшеленеді. Солай бола тұра жер әлеміндегі барлық тіршілік үшін қажет. Аусыз адам да, жан-жануарлар да, өсімдіктердің де тіршілік етуі мүмкін емес. Су ең жақсы еріткіш болып табылатынымен өзінің жай заттарға ыдырауы қиын, химиялық енжар зат. Ол барлық табиғат ортасында: су буы және қар, жаңбыр, шық түрінде әуеде сығынды сулар түрінде жер қыртысының үстінгі қабатында, тіршілік шарасында, яғни тірі заттар құрамында болады. Сондай-ақ су шарасын, яғни жердің айрықша сулық белдеуін құрайды. Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі- ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған «Су кодексі». мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері- халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1) Сагимбаев Г.К. Экология и экономика – Алматы мектеп 1997-144 б.
2) Ә.Бейсенова, А.Самақоға, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», «Ғылым», 2004
3) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: экология және табиғатты қорғау – Алматы мектеп ААҚ 2002ж. 392 б.
4) Қоженбаев С. Махмудов С. Табиғатты қорғау – Алматы: «Ана тілі» 1992 ж. 144 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |