Кие, қасиет ұғымдары және қойнауы құт Тарбағатай ....
Халқымыз ұрпағына қасиет, кие деген сөздерді кішкентайынан үйретіп құлағына сіңіреді. Себебі, кие қонған қасиет дарыған елдің ұрпағымыз.
Құстан аққу, үкіні киелі, бес қаруды, құран кітапты, әулиелі жерді киелі қасиетті дейді.Оларды халық ерекше құрметтеген. Ол тазалық пен имандылық болған жерлер. Қасиет қонған жер көп қазағымның даласында. Шырайлы Шығыс жерінде ғана Қоңыр әулие, Ырғызбай ата, Еңілік-Кебек пен Қозы Көрпеш Баян сұлу кесенелері қасиетті жерлер болып табылады.
Қойнауы құт халқы қонақжай, әлемді таңқалдырған талай дүлділ шыққан мекен, символы бауырмалдық болған Тарбағатай өңірінен шыққан әулие, емші Ырғызбай баба туралы мен айтып беремін.
Ырғызбай Досқанұлы, Ырғызбай әулие 1787 – 1850 жылдарда Тарбағатай ауданы жерінде өмір сүрген. Ырғызбай жасынан шипалы шөптерді пайдалана отырып, талайдың дертін жазып емдеген. Ол аурулардың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ қолмен сылап-сипау арқылы да ем-дом жасаған және көріпкелдік қасиеті де үлкен болған. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжаған, сырқаттарды ақысыз-пұлсыз емдеп, ауқаттылардың берген дүниесін, пұлын жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестірген. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Ырғызбай арнайы шақырумен Шыңғыстауға барып, белгілі би Құнанбайды емдеп, асқынған ауру-шешек дертінен жазған. 1990 жылы Ырғызбай басына күмбезді мазар тұрғызылып, әр түрлі рәсімдерді өткізуге арналған арнайы орын салынды. Ырғызбай әулиенің жатқан жері киелі орын болып есептеліп, қазірде көп адам басына барып тағзым етеді.
Дала емшісі Ырғызбай емші құнарлы жерімізде өскен барлық шөпті танып қажетке жаратқан екен. Әрбір емдік шөпті әзірлеу пайдалану жолын жетік білген. Даланың дара тұлғасы ешқандай медициналық білімсіз осы шөптерді пайдаланып адам өмірін сақтап қалған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Ырғызбай емші Тарбағатай тауынан өмір -тамырғ яғни, жень-шень тамырын көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Ерте кездегі емі жоқ деген шешек ауруымен сырқаттанған Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны емдеп жазған. Құнанбайға өмір сыйлаған әулие атамыз пайдаланған емдік шөптерді көру экранға назар салуларыңызды сұраймын. (слайд)