Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
–
қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым,
Қазақстан
ғылым академиясының
академигі (
1946
),
филология
ғылымдарының докторы,
профессор
(
1946
),
Қазақ
КСР
-
нің
еңбек сіңірген ғылым қайраткері (
1957
).
[1]
Өмірбаяны
Ол қазіргі
Шығыс Қазақстан облысының
Абай ауданы
жерінде
1897
жылы жиырма сегізінші қыркүйекте
туған. Алғашқыда
1908
жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс
мектебінің дайындық курсына ауысады.
1910
жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына
училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені
1915
жылы аяқтап,
Семей
қалалық мұғалімдер семинариясына түседі.
Семинарияда
оқып
жүріп
Шәкәрім Құдайбердіұлының
«Жолсыз жаза» дастанының негізінде «
Еңлік
-
Кебек»
пьесасын жазып,
оны
1917
жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка
Ресейдегі
саяси төңкерістер
Әуезов
өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде
«
Алаш
жастары»
одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады.
Жүсіпбек Аймауытовпен
бірігіп
жазған
«
Қазақтың өзгеше мінездері»
аталатын алғашқы мақаласы
1917
жылы 10
наурызда
«
Алаш»
газетінде басылды.
1918
жылы 5
-
13 мамырда
Омбы қаласында
өткен Жалпы қазақ
жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов
жазушы
Жүсіпбек Аймауытовпен
бірлесіп, Семейде
«
Абай»
ғылыми
-
көпшілік журналын шығаруға
қатысады.
1919
жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық
-
саяси жұмысқа араласады.
1919
жылы
желтоқсанның төртінде
Семейде
большевиктер билігі орнап, Әуезов
Семей губревкомының
жанынан
ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «
Қазақ тілі»
газетінің ресми шығарушысы болып
тағайындалады.
1921
жылы қараша айында
Қазақ АКСР
-
і
Орталық атқару комитетінің (
ОАК
) төралқа
мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы
«
Қорғансыздың
күні»
әңгімесі
«
Қызыл Қазақстан»
журналының №3 –
4 сандарында жарияланды.
1922
жылы
күзде
Ташкенттегі
Орта Азия
университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі
әрі
«
Шолпан»
және«
Сана»
журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда
«
Қыр суреттері»
,
«
Қыр әңгімелері»
, «
Үйлену»
, «
Оқыған азамат»
, «
Кім кінәлі»
, «
Заман еркесі»
(«
Сөніп
-
жану»
) әңгімелері
жарияланады.
1923
жылы маусым айында
Ленинград
(
қазіргі
Санкт
-
Петербург
) мемлекеттік
университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің
тіл
-
әдебиет
бөліміне оқуға ауысады.
1924-1925
жылы
Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп
«
Таң»
журналын
шығарады. Онда
«
Кінәмшіл бойжеткен»
, «
Қаралы сұлу»
, «
Ескілік көлеңкесінде»
, «
Жуандық»
әңгімелері
жарияланды.
1925
жылы
Ленинградқа
қайтып барып, оқуын жалғастырады.
1926
жылы жаз
айында
Семейге
арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде
жазылған
«
Әдебиет тарихы»
монографиясы
1927
жылы кітап болып шығады.
1927
жылы
жазда
Жетісу
өңіріне сапармен келіп,
Ілияс Жансүгіровпен
бірге болашақ шығармаларына материал
жинайды.
Ленинградқа
қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде
«
Қараш
-
Қараш
оқиғасы»
повесін,
«
Қилы заман»
романын,«
Хан Кене»
пьесасын жазады.
1928
жылы
Орта Азия
мемлекеттік университетінің
аспирантурасына қабылданды әрі
Қазақ
ағарту институтында сабақ берді.
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысының
көсемдерімен бірге
1930
жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып,
1932
жылы сәуір
айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен,
маусым
айында түрмеден
босатылып,
Қазақ педагогика институтының
(
ҚазПИ
-
дің
) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы
жылдары
театр
,
драматургия
,
мәдениет пен өнер
,
әдебиет
,
фольклор тарихы
,
орыс
әдебиетінің
классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады.
Әуезов
сценарийі
бойынша
«
Райхан»
көркем фильмі (
1940
) түсіріледі.
1936
жылы
Мәскеуде
өткен қазақ әдебиеті мен
өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары
«
Абай»
романын жазуға кірісіп, оны
1941
жылы бітіреді.
«
Абай»
романының жарық көруі (
1942
) Қазақстанның
мәдени
өміріндегі ерекше оқиға болды.
1943
жылы
«
Абай»
романын талқылау үлкен науқанға айналады.
1946
жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп,
ол
1947
жылы жарық көреді.
1950
жылы роман
-
эпопеяның
«
Ақын аға»
аталатын үшінші кітабы жарық
көреді.
1943
жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (
ҚазМУ
-
дің
) қазақ
әдебиеті кафедрасына
профессор
болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2
-
дүниежүзілік соғыс жылдарында
«
Сын сағатта»
(
1941
),
«
Намыс гвардиясы»
(жазушы
Әлжаппар
Әбішевпен
бірігіп, 1942),«Қынаптан қылыш»
(1945) пьесалары мен
«Абай»
операсының либреттосын
(1944),
«Абай әндері»
фильмінің сценарийін (
1945
) жазады.
1946
жылы
Қазақстан Ғылым
академиясы
құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып
сайланады,
филология
ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.
1951
—
1954
жылдары Әуезов саяси
-
идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа
алынып,
1953
жылы
сәуір
айында
Мәскеуге
жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады.
Мәскеу
мемлекеттік университетінде
профессор
болып орналасып,
«
КСРО халықтары әдебиетінің
тарихы»
деген арнайы курс бойынша дәріс берді.
1954
жылы
Алматыға
қайтып оралып,«
Абай
жолы»
роман
-
эпопеясын түпкілікті аяқтады.
1955
жылы шет елге сапарға шығып,
Герман демократиялық республикасы
(
ГДР
)
жазушыларының
Берлинде
өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен
барып қайтады.
1956
жылы
КСРО
мәдениет қайраткерлері өкілдерінің
қатарында
Чехословакияда
болды.
Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде
салтанатпен атап өтіледі
.
Атом
және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық
қозғалыстың
Жапонияда
өткен 3
-
конференциясына
қатысады.
1958
жылы
Ташкентте
өткен
Азия
және
Африка
елдері жазушыларының 1
-
конференциясын
ұйымдастырушылардың бірі болды
.
1960
жылы
АҚШ
-
қа
барып қайтып,
1961
жылы
Үндістанға
екінші рет
сапар шегеді.
1955
—
1957
жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады.
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі –
оның ғылыми зерттеулері. Ол
қазақ ауыз әдебиетін
жинақтап,
жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен
шығармашылығы,
әдебиеттану
мен
фольклордың
теориялық
-
проблемалық мәселелері жөнінде іргелі
еңбектер жазды.
Қоғам
және
мемлекет
қайраткері ретінде
Әуезов
жиырмадан астам шет елдерде болып,
адамзат қоғамының дамуы,
рухани
ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары
оның
«
Абай жолы»
роман
-
эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды.
1961
жылдың жиырма жетінші
маусымында
Мәскеу
қаласындағы ауруханада қайтыс болды;
Алматы
қаласында
жерленген. Сол
жылы
Қазақстан Ғылым академиясының
Әдебиет
және
өнер
институтына оның есімі берілді, одан кейін
жазушы тұрған үйде мұражай
-
үйі (
1963
) ашылып, ескерткіштер орнатылды.
Қазақ академиялық драма
театры
,
Алматы, Астана, Семей
және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер
Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы
ЮНЕСКО
-
ның
шешімімен,
дүниежүзілік деңгейде (
1997
) аталып өтті.
Туған жері —
бұрынғы
Семей
уезінің
Шыңғыс
болысы (қазіргі
Шығыс Қазақстан облысының
Абай
ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен.
Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да
атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей
дәрежеге жетеді.
1908
жылы хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.
1910
жылы
бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «
Дауыл»
атты алғашқы шығармасын
жазады.
1915
жылы
Семей
қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде
Шәкәрім
Құдайбердіұлының
«
Жолсыз жаза»
дастаны негізінде «
Еңлік
-
Кебек»
пьесасын жазып, оны
1917
жылы
маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.
1918
жылы М.Әуез
Семей
қаласының өкілі ретінде
Омбы
қаласында өткен жалпы қазақ жастарының
құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда
«
Алашорда»
үкіметі мен
Алаш
қозғалысының бағытын ұстанған «
Жас
азамат» атты Бүкілқазақстандық
жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «
Абай»
ғылыми
-
көпшілік журналын
шығаруға (
Ж. Аймауытовпен
бірге) атсалысады.
1919
жылы —
Семей
губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің
қызметкері,
1920жылдың
ақпанынан бөлім меңгерушісі. «
Қазақ тілі»
газетінің ресми шығарушысы болып
тағайындалады.
1921
жылы
Семей
облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін
атқарады.
1921
жылғы қараша айында
Қазақ АКСР
-
і
ОАК
-
нің
төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси
хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «
Еңбекші қазақ»
газетіне басшылық
жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме
-
дәл келеді.
Бір қыс
Ташкенттегі Орта Азия
мемлекеттік университетінде, төрт жыл
Ленинград
университетінде
оқып,
филология
факультетін бітіреді. Сол жылы
Орта Азия
университетінің
Шығыс
факультетінің
жанындағы аспирантурада оқиды.
Ұлттық
теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін
«
ұлтшыл, алашордашыл»
атанып, саяси сахнадан
шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай
шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.
1930
жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып,
1932
жылғы сәуір
айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10
маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «
Казахстанская правда»
газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық
хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен,
«
Қарагөз»
, «
Еңлік
-
Кебек»
, «
Хан Кене»
, «
Қилы заман»
сияқты шығармаларынан бас тартатынын
мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен
айналысуға рұқсат алды.
М. Әуезов
1934-
61 жылдар аралығында университетте ұстаздық қызмет атқарды. Қазақ әдебиеті
кафедрасының негізін қалады. Осы жылдары студенттерге арнап
«
Қазақ халқының ауыз әдебиеті»
,
«
Қазақ әдебиетінің тарихы»
, «Қазақ халқының суырыпсалма айтыс енері», «Туысқан халықтар
әдебиеті»,
«Абайтану»
секілді жалпы және арнаулы курстардан дәріс оқыды, бұл курстардын оқу
бағдарламалары мен оқу құралдарын, оқулықтарын жазды. Жазушы Абайдың өмірі мен
шығармашылығы туралы бұл еңбегінің ҚазМУ
-
да бірнеше жыл бойы оқыған абайтану атты курстан
құралып келген көлемді монография екендігін 1954 жылы 27 тамызда бұрынғы Семей
облыстық
«Екпінді»газетінің редакциясы қойған сұраққа жауап ретінде арнайы айтты.
Әуезовтің
«
Абай жолы»
роман
-
эпопеясының жазылу тарихында да оның университеттегі қызметінің
алатын орны зор. Сөйтіп ол
абайтану
атты жаңа ғылымды ұлттық университетте осылайша
қалыптастырды.
Қаламгер Қазақ университетінде қызмет ете жүріп, студент жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп
-
жетілуіне ерекше мән берді. Әсіресе әдеби бірлестік жұмысын жандандыру, онда талантымен көзге
түскен жастарға қамқорлық көрсету, ақыл
-
кеңес беру арқылы студент жастардың шығармашылық
белсенділігін өлшеусіз арттырды. Мұнын жарқын бір мысалы
-
Әуезовтің 1960 ж. 26 желтоқсанда ҚазМУ
-
да әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен өткен жастар поэзиясының кешінде сөйлеген сөзі («Жыл
келгендей жаңалык. сеземіз»). Кезінде жазушының өзі басшылық жасаған әдеби бірлестік 1961 жылдан
бастап
«Әуезов атындағы әдеби бірлестік»
деп аталып, оның өмірін, шығармашылық қызметін,
ұстаздық ұлағатын тану мен танытудың үлкен мектебіне айналды. Әр жылы желтоқсанның соңғы
онкүндігі мен қыркүйектің соңғы он күндігі «Әуезов күндері» ретінде әдеби шығармашылық мейрамына
айналған.
Филология факультетінде қызмет жасайтын
«Әуезов аудиториясы»
да ірі шығармашылық ұяға
айналды. Онда өтетін түрлі ғылыми мәжілістер мен мәслихаттар, көрнекті ғалымдардың лекциялары
-
өзінің ғылыми
-
практикалық маңызының жоғарылығымен бағалы. Жазушының 100 жылдығы тұсында
университеттің ғылыми кеңесінің мәжіліс залының төріне ілінген гобеленнен тоқылған үлкен бейнесі,
филология факультетінің фойесіне қойылған үлкен қола мүсіні мен фойе қабырғасына орнатылған
мемориалдық тақта М. Әуезов есімін университетте мәңгі қалдыру мақсатында жасалған іс
-
шаралар еді.
Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйрену, танып
-
таныту ісінде университет
студенттеріне оқытылатын жалпы және арнаулы курстардың атқаратын қызметі өте жоғары.
«Қазақ
әдебиетінің тарихы», «Әдебиеттану ғылымына кіріспе», «Әдебиет теориясы», «Мұхтартану», «М.
Әуезовтің шығармашылық шеберханасы»
секілді пәндер аясында жазушының шығармашылығы,
шеберлігі, поэтикасы және шығармашылық еңбек психологиясы ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде
оқытылады. Аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтары Қазақстанның
барлық университеттерінде бірдей қолданылуы Әуезовті тану мен танытудағы үлкен жетістіктерге
жатады.
Университет студенттері Әуезовтің өмірі
мен шығармашылық мұрасын оқып үйреніп қана қоймай,
оларды зерттеуге де белсене араласады. Жыл сайын қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде
курс жұмыстары, диплом жұмыстары жазылады. Ғалымдар зерттеу еңбектерін жазып, кандидаттық,
докторлык диссертацияларын қорғайды. 3. Қабдоловтың«Менің Әуезовім», Р. Нұрғалиевтің
«Әуезов
және алаш», Ж. Дәдебаевтың
«Мұхтар Әуезов», Ө. Күмісбаевтың
«М. Әуезов және Шығыс»
т. б.
еңбектер 1997 жылдың жетістіктері. Бұған 1997 ж. 23
-
24 қыркүйекте өткен
«Мұхтар Әуезов және әлем
әдебиеті»
атты халықаралық ғылыми симпозиумды және оның университет баспасынан жеке том
болып шыққан материалдарын қосуға болады. Түркия, Өзбекстан, Кыргызстан, Қытай елдерінен келген
баяндамашылар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ ғалымдарына бұған дейін белгісіз
болып келген ірі мәселелерді көтеріп, симпозиумның ғылыми
-
теориялық деңгейін арттыра түсті.
ҚазМУ ғалымдарының Әуезовтің өмірі мен шығармашылық өнері туралы мақалалары
«Қазақ
университеті» газетінде
, республикалық газеттер мен журналдарда, шетелдік басылымдарда жарық
көрді. Солардың ішінде 3. Қабдолов пен Ж. Дәдебаевтың Анкарада түрік тілінде шыққан
«Мұхтар
Әуезов хақында мақалалар»
атты кітапта жарияланған мақалалары Әуезовті түркі әлеміне жана
қырынан танытуға жол ашты. Сонымен қатар Қазақ радиосы мен теледидарында бірнеше хабар
ұйымдастырылды, университеттің телестудиясында «Мұхтар Әуезов және әл
-
Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттік университеті» атты 40 минуттық бейне фильм жасалып, орталық теледидардан көрсетілді.
[2]
Ол
1961
жылы 27 маусымда
Мәскеу
қаласындағы
Кремль
ауруханасында операция кезінде қайтыс
болды.
1961
жылы қайтыс болғаннан кейін
Республика
Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі
есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының
Әдебиет
және
өнер
институты мен [Қазақтың
мемлекеттік академиялық драма театры|
Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына
Мұхтар
Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және
Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.
Ағарту ісі
Мұхтар Әуезов|Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс
беріп отырады. Әуезов ғылыми
-
педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық
ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен
жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.
«
Сарыарқа»
газетінде
1917
жылы жарияланған «Оқудағы құрбыларыма!» атты алғашқы
мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда журген қурбы
-
құрдастарын уақытты бос өткізбей,
халықты оқу
-
білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырса
« Қайсысын қолданамыз» деген мақаласында орысша және
ескіше
-
мұсылманша оқыған
азаматтардың оқу ісін жүргізуде бір ауызды болуы жайында орнықты шешімге келу қажеттігі туралы
сөз қозғайды.
Ж.
Аймауытовпен
бірге шығарысқан «
Абай»
журналының
1918
жылы11
-
санында жарияланған «Оқу
ісі» атты мақаласында қараңғылықтың құшағында қалған туған халқын мәдениетке, елдікке
жетелеудің үлкен бір жолы
-
оқу
-
ағарту ісін дұрыс жолға қоюды, бұл үшін бірінші мақсатта ана
тіліндегі ұлт мектептерін ашуды көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, мұғалім кадрларының
тапшылығын, оқу құралдарының жеткіліксіздігін сөз қылады, бұл істерді дұрыс жолға қоюдың бірінші
кезектегі міндеттеріне тоқталып, өз ұсыныстарын айтады
.
1919
-
21 жылы
Семей
губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болып
тұрған кезінде Семейде шыққан «Қазақ тілі» газетіне ағартушылық жұмысын жолға қою мәселесін
көтерген бірнеше мақалалар жариялайды.
1922 жылы 27 тамызда «Қазақ тілі» газетіне жазушының (Орынборда қазақ АССР Орталық атқару
комитетінің басшылығында істеп жүріп) Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне ашық хаты
басылады. Хатта жер
-
жерде оқыған қазақ қызметкерлерінің халықты сауаттандыру жолында өнер
-
білімге жұмылдыру ісіндегі самарқаулығы сыналады.
1930 жылы Қазақстан Оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімімен Қызылордада басылып шыққан
«Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» деген халық ағарту
саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет туралы» атты
бөлімін Әуезов
Бейімбет Майлин
,
Әлкей Марғұланмен
бірлесіп жазған. Бағдарламада қазақ шаруа
жастарының үш жыл ішінде қазақ әдебиетінен нені оқып үйрену қажеттігін айтып, қазақ
әдебиетіндегі дәуірлеу мәселесін ұсынады.
1957 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған республикалық кеңес қарсаңында «Қазақстан
мұғалімі» газетінде (28 наурыз) «Ана тіл әдебиетін сүйіңдер» деген күн тәртібіндегі осы мәселеге
байланысты кезек күттірмес шаралар туралы ой қозғайды. Қазақ әдеби тілі мен көркем әдебиет тілі
жөнінде шынайы жанашырлық сезіммен жазылған көлемді мақалалары қазақ тілінің өрісі, сөз
қолдану сипаты, орыс тілінен аудару мәселелеріне көңіл аудартады.
Туған тіл мен әдебиетті сүюге шақырып, бұрынғы одақтық «Учительская газетада» жарияланған
«Орыс тілінің біздің халық үшін маңызы туралы» мақаласында (1956, 9 мамыр) бұл тілдің қазақ
халқы ушін үлкен рөл атқарғандығын тілге тиек етеді. Әуезов мектептермен, жоғары және арнаулы
орта оқу орындары ұжымдарымен тығыз байланыс жасап, олармен кездесулерінде, қазіргі әл
-
Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған дәрістерінде де халық ағарту, оқу
-
тәрбие ісі үшін пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтқан.
[3]
«Абай жолы» роман
-
эпопеясы
«
Абай жолы»
–
Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман
-
эпопеясы. «
Абай жолы»
–
қазақтың көркем
прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов
өзінің роман
-
эпопеясында қазақ халқын, оның
ұлттық
дәстүрін
барлық қырынан энциклопедиялық
деңгейде жан
-
жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «
Абай жолы
роман
-
эпопеясы әлемдік деңгейде: «
ХХ
ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі»
(
Луи Арагон
) деген жоғары баға алды. Сондай
-
ақ бұл роман
-
эпопея
қазақ
халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де
танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «
Абай
» (
1942
,
1947
), онан кейін мұның жалғасы болып
табылатын «
Абай жолы
» (бұл да екі кітаптан тұратын
;
1952
,
1956
) романын жазды. Осы төрт томнан
тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея
жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени
-
танымдық дәстүрлері:
жаз
жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы,
дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман
-
эпопеяның танымдық мәнімен
бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан
тұратын
«
Абай»
романы үшін жазушыға
КСРО Мемлекеттік сыйлығы
(
1949
) беріліп, төрт томдық «
Абай
жолы»
роман
-
эпопеясы жарық көргеннен кейін ол
Лениндік сыйлықтың
лауреаты (
1959
) атанды.
Эпопея
дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «
Әлем әдебиеті
кітапханасы»
топтамасында екі том болып басылды.
Жазушының драматургия саласындағы еңбектері
Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде,
фольклорда түр жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп.
Батырлар
жырында толғаулар
мол.
Салт
өлеңдері,
беташар
,
сыңсу
,
жар
-
жар
,
жоқтау
түрі мазмұны жағынан драмалық шығармалармен
ағайындас.
20 ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы
байлықты игерген қаламгер
-
Әуезов Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине қазақтың көшпелі өмірі,
қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз
ұзату салтанаты,
алтыбақан
ойындары тұңғыш драмаға енгізілді. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы
тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті.
Әуезовтың драмалық шығармалары
Әуезов қаламынан 30
-
дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50
-
ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған.
Онда
трагедия
да,
комедия
да,
драма
да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л.
Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан
-
Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ
қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары
-
Жетісу
қазақтарының революцияға
келуі. Кейіпкерлері
-
Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың
мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке
«
Еңлік
-
Кебек»
алып келді. Шығарма өзегі
-
эпостық
материал
. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе
енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік
-
Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна
тілімен сөйлейді.
Автор
өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы
-
көркемдік тамаша
табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс
қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі
-
«Түнгі сарын». Бұл
-
қазақ драматургиясында реализмнің
орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық
тартыс шығармада жай схема түрінде емес,
адам
тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын»
-
қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін»,
«Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі
-
түрлі құралдарын пайдаланған.
1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса
көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ,
қырғыз
билерінің реалистік
бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы
бірінші сыйлық алды. 30
-
жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі
өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл
пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30
-
жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек
етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы
мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған
«Абай» пьесасы кейінгі
эпопея
тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері
қамтылған. 30
-
жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол
Абай тақырыбына осындай шақта келеді.
Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды
көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін
опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған
-
Асқар Тоқпанов. Абай
рөлін Қ.Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да
жазған. Ол
-
«Дос
-
Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді»
деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен
шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл
тауып,
олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету
-
Әуезов пьесаларының басты
ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ
интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов
-
қазақ драматургиясының
жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен
өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі
әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді
(айтыс, беташар, жар
-
жар, шешендік дауы)
жаңашылдықпен пайдалана білді.
[4]
Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік
сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов
-
қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан,
реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал
-
мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай
жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары
-
қазақ әдебиетінің
алтын
жамбадай
қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.
[5]
Достарыңызбен бөлісу: |