Гуманизм принципі. Бұл принцип баланы терең және жан жақты зерттеуді, оның жолында кездескен қиыншылықтарды жоюдың жолдары мен әдістерін іздестіруді, жалпы білім беретін мектепте көрсетілетін қажетті және мүмкін шаралардың барлығы жағымды нәтиже бермеген жағдайда ғана оның арнаулы мекемелерге жолдама алуын қарастыруды жүктейді.
Балаларды кешенді зерттеу принципі. Бұл принцип балаға диагноз қоюда барлық мамандардың: дәрігердің, дефектолог пен психологтың тексеруімен алынған деректердің есепке алынуын міндеттейді. Мамандар пікірі бір бірінен алшақтаған жағдайда бақылау қайта жүргізілуі тиіс. Ең күрделі жағдайларды шешкен кезде басты орында баланың қажеттіліктері тұруы тиіс.
3.Баланы жан - жақты және біртұтас зерттеу принципі. Бұл принцип баланың танымдык, эмоциялық еріктік сферасын, мінез құлқы мен дене дамуы жағдайын тұтастай бірлікте зерттеуді білдіреді. Бала туралы алынған деректер жанжақты салыстырылып,есепке алынуы тиіс.
Баланы динамикалық зерттеу принципі. Осы принципке сәйкес баланы тексеруде оның оқу үрдісіндегі мүмкіндіктерін де ескеру қажет. Бұл принцип негізіне Л.С.Выготскийдің «баланың таяу даму зонасы» ілімі алынған, яғни балалардың оқыту үрдісіндегі потенциалдық (тек қазіргі сәттегі емес, болашақтағы) мүмкіндіктері қарастырылуы қажет.
Сандықжәне сапалықөлшемдер принципі. Бұл принципке сәйкес бала орындаған тапсырманы бағалаған кезде тек соңғы нәтижені ғана емес, сонымен бірге тапсырманы орындаған кездегі қабылданған шешімдердің тиімділігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, қолданған әдістері сияқты критерийлерді де міндетті түрде ескеру қажет.
Белгілі бір патологиясы бар балаларды баска топтағыбалаларданбөлектеу,
шектеу принципі. Принцип негізінде арнаулы мекемелердің әртүрлі типтеріне қабылдауға арналған өзіндік ерекше ережелер жасалады.
7. Дамуындағы ауытқушылықтардың ауырлық дәрежесіне қарай
дифференциалдықокыту принцип., Принципке сәйкес дамуында сипаты бойынша бірдей, бірақ ауырлық деңгейі әртүрлі ауытқушылықтары бар балалар бөлек оқытылады. Себебі оларды оқыту әдістерінде едәуір айырмашалықтар болады (мысалы, соқыр балалар тактильді негізде Браиль жүйесі бойынша, ал нашар көретіндер көруге, қарауға негізделген әдісқұралдармен оқытылады).
Жас ерекшелігі принципі. Әрбір топқа немесе сыныпқа балалар жас ерекшелігіне сәйкес қабылданады.
Ауытқушылықтарды түзету, тексеру жұмыстарының принциптері мен әдістері
Балаларға коррекциялық көмекті дер кезінде көрсету мақсатында оларға неғүрлым ертерек диагноз қойған дұрыс. Сондықтанда психологиялық–медициналықпедагогикалық кеңестерде(ПМПК) бала туғаннан бастап 18 жаска дейін тексеріліп тұруы тиіс.
ПМПКныңтұрақты штатында төмендегідей мамандар болуы тиіс: әлеуметтік педагог,
психолог; дәрігерлер: психиатр, невропатолог, отоларинголог, ортопед, офтальмолог,
терапевтпедиатр; дефектологтар: сурдропедагог, тифлопедагог, логопед.
Ауытқушылықтарды тексеруде психологиялықпедагогикалық зерттеу әдістері
де қолданылады. Олар төмендегідей:
1. Әңгіме әдісі. Әңгіме баламен қарымқатынас орнатудың құралы ретінде қолданылады. Ол баланың мінезқұлық ерекшеліктері мен қасиеттері туралы мағлұмат алуға, дамудағы кейбір ауытқушылықтарының себептерін ашуға мүмкіндік береді. Баланың ақылой қабілеттерін тексеруде айқындалуы қажет мағлұматтар: баланың өзі туралы, атаанасы, жақын туыстары мен достары туралы ойлары; «отбасы», «көрші», «туысқан», т.б. ұғымдарды ажырата алу біліктері; уакыт, табиғат құбылыстары туралы түсініктері, кеңістікте бағытбағдар таба білу (оң сол, жоғарытөмен) дағдылары, Отан туралы, оқыған кітаптары мен көрген фильмдері туралы түсініктері мен елестетулері, т.б.
Бақылау әдісі. Бақылау мақсатты түрде жүргізіледі және нәтижеде жинақталған материал міндетті түрде тіркеліп отыруы тиіс. Әсіресе баланың ойын қызметін бақылау өте маңызды. Балаға ойыншықтармен ойнауға мүмкіндік бере отырып, зерттеуші ол туралы алғашқы мағлұматтарды тіркейді: ойыншықты көргендегі эмоциялық реакция сипаты (куаныш, енжарлық); ойыншықты таңдай білу және ойынды ұйымдастыра білу қабілеттері; ойнау кезіндегі қимыл координациясы да зерттеушіге өте маңызды ақпараттар береді.
Суреттерді зерттеу әдісі. Балаларды зерттеп, тексеруде сурет салу – дифференциалдық диагностикалық маңызды көрсеткіш. Баланың педагогикалық құжаттарындағы суреттері белгілі бір тұрғыда күмән туғызса, жағымсыз әсер қалдыратын болса, балаға сурет салуда тақырыптық еркіндік немесе нақты тапсырма бере отырып арнайы зерттеулер жүргізген дұрыс. Баланың тақырыпты тандай алуы, суреттің сипаты, сурет салу процесі нақтылы диагноз қоюда косымша құнды материалдар беруі мүмкін. Ақыл ойы кем балалар, әдетте, тақырып таңдауда қиналады, сюжет құра алмайды, олардың еркін тақырыпқа салынған суреттерінде белгілі бір ой, фантазия болмайды. Сондай ақ олар форма, пропорция сақтай алмайды, түрлі түстерді орнымен қолдана алмайды, салынған суретті түсіндіріп бере алмайды. Психикалық ауруға шалдыққан балалардың суреттері ерекше болады. Шизофрениямен ауыратын балаларға суреттің аяқсыз қалуы, негізгі бөліктерінің болмауы немесе көп қабаттылық пен көп құрамдылық, сурет жоспары мен қағаз өлшемінің сай келмеуі, кағаз шетінен алысқа кетуден қорқу және т.б. симптомдар тән.
Эксперименттік - психояогиялық зерттеу әдістері. Бұл әдіс әдейі зерттелуі қажет психикалық процесстерді жандандыратын белгілі бір ситуацияларды жасауға негізделген. Эксперименттік әдістер көмегімен баланың түрлі жағдайларының себептері мен механизмдерін анықтауға болады. Бұл әдістер баланың дәл қазіргі жай күйін ғана анықтап қоймай, оның дамуына болжам жасауға, сонымен бірге баланың қажетті деңгейде дамуы үшін жүргізілетін жұмыс бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
Тест әдістері. Балаларды психодиагностикалық мақсатта тексеруде көбінесе Д. Векслердің балаларға арналған тест жүйесі қолданылады. Жеке дара психологиялық тексерулерде бұл тест бала туралы қосымша мағлұматтармен қатар, баланың өзіне деайтарлықтай көмектесе алады. Бұл тест, әсіресе акыл ойы артта қалуының жеңіл түрлерін, психикалық дамудың мүлдем тежелуінен ажыратуда өте пайдалы. Д. Векслер тестінің құрамында вербалды және вербалды емес сипаттағы диагностикалық тапсырмалар топтамасы қарастырылған. Топтама 5 пен 16 жас арасындағы балаларға арналған 12 тестен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |