Жоспары: Курстың мақсаты, міндеттері


Мүмкіндігі шектеулі балалары инклюзивті мектепке баратын ата-аналарда пайда болатын қиындықтар



бет8/21
Дата14.02.2022
өлшемі429 Kb.
#25524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
ДӘРІСТЕР

Мүмкіндігі шектеулі балалары инклюзивті мектепке баратын ата-аналарда пайда болатын қиындықтар.

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектебінде оқыту процесіне ата-аналардың әлсіз қатысуы. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-аналарының жалпы білім беру мектебін таңдау себептері:

а) жақсы білім алады, қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытады – 4,12 %

б) қарым-қатынасқа түсуге үйренеді, ортаға бейімделеді, жеке тұлғалық қасиеттері дамиды, адамгершілік қасиеттері тәрбиеленеді – 35,3 %.

в) жалпы білім беру мектебінде оқыту арқылы өзіндік қабілетін және тәуелсіз өмір сүруге үйренеді – 23,5%.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы мен мұғалімдердің арасындағы қарама-қайшылықтардың себептері:

1) ата-ана баласының даму бұзылыстары бар екендігін мойындауы және ерекше білім алу қажеттіліктерін мойындау;

2) оқыту процесіндегі қиындықтар (сөйлеу бұзылыстары, ес процесінің әлсіздігі және т.б.);

3) ата-ананың мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу процесінде қамқорлық жасамауы;

4) мүмкіндігі шектеулі балалардың білімдерін мұғалімдер дұрыс бағалай алмауы;

5) мүмкіндігі шектеулі балалардың себепсіз сабақтан қалуы;

6) арнайы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту мүмкіндігінің жоқтығы;

7) мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныпен қақтығысқа түсуі;

8) мүмкіндігі шектеулі балалардың тез шаршауы.

Мұғалімдер мен ата-аналардың келіспеулері:

1) мұғалімнің объективті қарай алмауы;

2) оқу талаптарының тым жоғары болуы;

3) бағалаумен келіспеу.

2. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері:

1) ата-аналардың уақыты болмауы;

2) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының өз ой-пікірін (оқу процесіне қатысты) айта алмауы, ертеңгі күні мұғалімнің балаға көзқарасы өзгеруінен қорқу;

3) ата-ананың өз баласы туралы «жаман» сөз естуден қорқу;

4) баланың өз бетінше жүруі, мектептің іс-әрекеттеріне араласу қажеттілігінің жоқтығы;

5) мектептің мәселелерін шешуге мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының араласу құқықтарының жоқтығы;

6) баласымен жеке жұмыс жүргізілгені үшін материалдық төмен жасау қажеттілігінен қорқу.

Ата-аналардың ойынша, мүмкіндігі шектеулі балалар «жақсырақ» оқитын еді, егер мектепте келесі жағдайлар жасалған болса:

1) жалпы білім беретін мектептің штатына арнайы педагогтар немесе тьюторлар қосылса;

2) «ұзартылған күн» топтары ашылса;

3) мектептің штаттық маманы қосымша түзету сабақтарын жүргізсе;

4) баланың жеке даму ерекшеліктері ескерілсе;

5) оқыту процесінде заманауи көмекші аппаратура мен технологиялар қолданылса;

6) мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлғасына сыйластықпен қараса.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек беру концепциясын құруда бірқатар теориялар мен зерттеулер негізгі (маңызды) орын алады:

1) психофизикалық бұзылыстары бар баланың психологиялық-педагогикалық даму заңдылықтары, оның күрделі әлеуметтену процесінің нәтижесі (Т.А.Власова, Л.С.Выготский, В.И.Лубовский, Д.Б.Эльконин).

2) дизонтогенез жағдайында даму арнайы түзете-дамыту ортасын құруды қажет етеді (К.С.Лебединская, В.В.Лебединский, И.Ю.Левченко, В.И.Лубовский, Е.М.Мастюкова, М.С.Певзнер, В.Г.Петрова, С.Я.Рубинштейн, У.В.Ульенкова).

Инклюзивті мектепте мұғалім мен ата-аналардың өзара байланыстары келесі принциптерге негізделуі керек:

1) сыйластық пен түсіну;

2) мәлімет пен іскерліктермен алмасу;

3) шешімдер қабылдауға қатысу;

4) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалдығын қабылдау.

Мұғалімдер мен ата-аналарға қойылатын талаптар:

1) баланың жетістіктері жайлы білуі үшін ата-аналар мұғалімдермен жиі кездесуі керек;

2) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалды білім алу «жолын» құруда ата-ана белсенділік таныту керек;

3) мұғалімдер баланың «жеке даму картасын» жүргізуі керек: жетістіктері- оқу және тәрбиеленуде;

4) баланың жеке даму бағдарламасына (оқу/тәрбиелеу) қатысты бірқатар міндеттерді ата-аналар атқаруы тиіс;

5) әр тоқсан соңында ата-аналар баласының жетістіктері жайлы мәліметтерді алуы керек;

6) ата-аналар сабаққа қатыса алады;

7) тәрбиелік іс-шараларға шақырылуы керек;

8) іс-шаралады өткізуде ата-аналардың көмегіне жүгінуге болады;

9) ата-аналар балаларына сабақ орындауға көмек беруі қажет;

10) мектептен тыс іс-әрекеттерін, спортпен, басқа да үйірмелерге қатысуға жағдай жасау керек;

11) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арнап арнайы педагогтар, психологтар, мұғалімдер семинарлар, тренингтер өткізулері қажет;

12) мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы ата-аналар комитетіне қосылу керек;

13) мұғалімдерге арналған семинар,тренингтерге ата-аналар қатыса алады;

14) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бірігіп, пікір, тәжірибе алмасу үшін (жалпы білім беретін мектепте баланы оқыту мәселесі бойынша) Ассоциация құруы мүмкін;

15) мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне баруы керек, сонда баланың жақындары арасында қалай өзін сезінетіні жайлы мәліметі болады;

16) (мұғалім - ата-ана) екі жақты нақты міндеттерді атқаруда келісім-шарт жасалып, қол қойылып, жауапкершілікпен жұмыс жасалуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет