Тақырыбы: «Мектептану – педагогиканың маңызды саласы»
Жоспары:
1. Мектептанудың негізгі мәселелері.
2. ҚР "Білім туралы" Заңының негізгі ережелері.
3. Педагогикалық менеджмент.
4. Мектеп басшыларының қызметі.
5. Қазіргі кезеңдегі мектеп басшының рөлі, талаптар, басқару әдістері, стилі.
1. Мектептану – педагогиканың бір бөлімі, мақсаты – еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесінің ерекшелігін анықтау. Мектептану тәрбие максатына сай дамиды.
Мектептанудың зерттейтіні:
• халыққа білім беру;
• лауазымды адамдардың іс-әрекеті;
• оқу-тәрбие процесіне басшылық ету;
• оның формалары, әдістері.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмысына байланысты. Мектептанудың методологиясының негізі - тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.
Мектептану сүйенетін дерек көздері:
• басқару туралы заң;
• Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы;
• шетелдердегі білім беру ісін басқару тәжірибесі. Мектептану мектепті басқару тәжірибесіне сүйеніп, озат тәжірибені насихаттап тәжірибеге енгізеді.
Мектептану үшін маңызды дерек көзі белгілі педагогтардың мектепті басқару жөнінде берген құнды ұсынбалары. Бірақ оны сын көзбен оқыған дұрыс.
Мектептану мазмұны: мектепті басқарудың негізгі принциптері; білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны; әдістері, т.б. Мектептанудың зерттейтін саласы дидактика мен тәрбие саласынан өзге, оларды қайталамайды.
Педагогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді.
Мектептану ғылымның басқару тұрысы жетістіктерін, субъекті ғылыми ұйымдастыруды толық қолданады. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі, озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.
2. "Білім туралы Заңның" негізгі ережелері.
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер "Білім туралы" Заңның 8-бабында белгіленген.
Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.
6) Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
7) Елжандылыққа тәрбиелеу.
8) Қүқықтық тәрбие беру.
9) Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
10) Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
11) Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
12) Білім беруді ақпараттандыру.
13) Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
"Білім Заңына" сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
"Білім туралы Заң" жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.
3. "Менеджмент" – ағылшын сөзі.
Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның "манус", яғни "қол, күш" – деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне былай берілген:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі.
2. Билік және басқару мәдениеті.
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
4. Басқару органы, әкімшілік бірлік.
Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша да түрлі мағынаны білдіреді. Менеджмент – басқару сөзінің аналогы болғанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Басқару сөзінің аясы кең, ал менеджмент белгілі бір басқару түрін, яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпорациялардың, жеке шаруаұщ қожалығының жұмысын әлеуметтік, экономикалық процесс негізінде басқару.
Менеджмент теориясын алғашқы ұсынушылардың бірі Ф.Тейлор менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, П.Друкер жоғарыдағы аталған элементтері бола түра, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гәрі, тәжірибеге жуыұтау деген. Менеджмент ұғымын іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда, тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Ал менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг менеджмент – өндірісті басқарудың әдістері мен тәсілдері, өзін-өзі басқару, өзін-өзі іштей реттеу, нәтижеге жетудің ізгіленген, пайдалы, тиімді амалы десе, орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау, мақсатқа жетуің тиімділігі дейді. Менеджмент – өндірісті басқару мен өнімнің артуын іске асырудағы стратегияның тиімділігі, өзін-өзі ақтауы, принципі, әдіс-тәсілдері. Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді: "Бұл адамдардың айналасындағы басқарудың арнайы түрі, яғни, адамдардың өз ісіне икемдеуге және бірге істейтін істе тиімді нәтижеге жету үшін күш салуға, осал жақтарын жеңуге бағытталады".
П.Дуркер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:
1. Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай алмайсың.
2. Әрбір қызметкердің қажетін білу, мүмкіндігінше оны қанағаттандыру.
3. Адамдардың өзін-өзі дамытуын естен шығармау.
4. Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы, білімі әр түрлі және олардың атқаратын қызметі де әр түрлі болғандықтан, олардың өзара қарым-қатынасы өзара түсінушілікке құрылуы керек.
5. Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды. П.Друкер менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге талпынбайды. Оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді. Олар былай деп жазады: "Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыда қарағанда, менеджмент дегеніміз - адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Қандай ұжым болмасын оның өзінің жеке менеджменті болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда меджмент ұғымын тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады". Менеджмент ұғымы туралы классиктердің тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецидің пікірінше, басқару процесі – өнер. Оның басты мәні басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін нақты жағдайда қарап қолдану. Американ экономисі В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша: "Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдерінің, формаларының жиынтығы".
Батыс елдерінде менеджмент бизнесті, коорпорацияны, фирмаларды басқару ғана емес, бір мекемедегі адамдардың әр түрлі көзқарастарын, танымын, қызметін, біліктілігін біріктіріп бір мақсатқа жетуге ұйымдастыратын әрекет деп түсіндіріледі. Менеджмент - нарықтың экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен тәжірибесі.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымды басқару мен ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент – бизнесте жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат-мұратын қою, атқарылатын істің уақытын, орындаушысы, жұмыс барысының қалай өтетінін, барлық деңгейдегі басқару мен ұйымдастыруды бақылау.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықты игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады.
Сонымен, менеджментті екі түрлі түсіну керек. Бірінші, бұл басқару, басшылық ету ұйымы. Екінші, бұл адамдарды басқару әрекеті.
4. Білім беру ісін басқару:
Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.
Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т.б. білім беру басқармасының, педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.
Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі – кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерді түзетіп отырады.
Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері - мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.
Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.
Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).
Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.
Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:
• мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;
• барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;
• мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;
• мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;
• оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;
• педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.
Мектеп басшысының жұмыс бағдарламасы:
• мектепке жалпы басшылық ету;
• мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару;
• жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;
• мектеп жұмысын жоспарлау;
• оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;
• ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;
• мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;
• оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;
• мектеп кітапханасымен жұмыс;
• мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;
• мектепшілік бақылау жүйесіне басшылық жасау;
• мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;
• мектеп асханасымен жұмыс;
• демеуші мекемелермен байланыс орнату;
• баланың денсаулығына қамқорлық жасау;
• техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау;
• халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмысының мазмұны:
• жалпы білім беруді жүзеге асыру;
• оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау;
• мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптың және сабақ жоспарларын бекіту;
• сабақ кестесін педагогикалық талапқа сай жасау;
• пән бойынша жүргізілетін әдістемелік жұмысты бақылау;
• сынып журналдары және оқушылардың күнделіктерінің, дәптерлерінің талапқа сай безендірілуін тексеру;
• оқытудың барысына, оқушылардың білім сапасына бақылау жасау және басшылық ету;
• оқушылардың арасында жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу;
• оқушылардың білімін бақылау. Баға қою жүйесін қадағалау;
• пән үйірмелерінің және факультативтердің жұмысын бақылау;
• кітапхананық жұмысы. Сыныптан тыс окуды тексеру;
• зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне басшылық жасау;
• еңбекті оқыту, еңбек тәрбиесі және мамандық талдау жұмыстарын, өнімді еңбекті ұйымдастыру;
• оқушылардың аудандық, қалалық жарыстарына қатысуына көмектесу.
Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:
Бақыланатын нысандар:
• оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;
• оқу кабинеттерінің жұмысы;
• оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар;
• үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;
• тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;
• педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;
• мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;
• мектеп құжаттары;
• педагогикалық оқу;
• адамгершілік тәрбиесі;
БАЯНДАМА
Тақырып: Мектептану педагогиканың маңызды саласы
Орындаушы: Ораз Аяжан
Топ: ББ-3-20
Тексеруші: Мұсақұлова Аида