Невроздар әртүрлі жас кезеңінде пайда болуы мүмкін, бірақ невроз пайда болуына аса тән жас кезеңі 25-40 жас. Невроздар психикалық бұзылыстардың ішінде жиі кездесетін түрі болып табылады. Олардың таралуы дамыған елдерде 5-15% құрайды яғни әрбір оныншы адам неврозбен зардап шегеді.

Невроз үш түрге бөлінеді:
Истерия
Неврастения
Жабысқақ жағдай невроз
Ипохондриялық невроз
Неврастения
Клиникалық көрінісіне барлық психикалық үрдістердің айқын қажуы тән. Науқастар тез шаршайды, көңіл-күйі тұрақсыз, жиі аффект ұстамалары, тітіркену реакциялары жеңіл пайда болады. Ұйқы бұзылысы байқалады, өте нашар ұйықтайды немесе ұйқысы беткей, жиі оянады, ұйқыдан кейін демалғандық сезімі болмайды. Жалпы психикалық қолайсыздық жағдайы соматовегетативтік бұзылыстармен бірге жүріп отырады.
Неврастенияның клиникалық көрінісіндегі психопатологиялық бұзылыстар неврастенияда үш сатыны немесе форманы ажыратуға мүмкіндік берді:
гиперстениялық,
тітіркенген әлсіздік (өтпелі)
гипостениялық
Классикалық жағдайларда ауру гиперстениялық көріністерден басталады, содан кейін тітіркенген әлсіздік және гипостения байқалады. Гиперстениялық сатысындағы науқастарда жоғары тітіркенгіштік, ұстамсыздық, шыдамсыздық, зейін бұзылысы байқалады. Сонымен қатар, өршу кезеңдерінде ментизм белгілері байқалады: ойлары ретсіз шатасады, хаосты, бірақ жаттылық және еріктен тыс пайда болу сезімі болмайды- бұл астениялық ментизм деп аталады. Неврастенияның ұзақтығы әртүрлі және бірнеше айлардан бірнеше жылға созылуы мүмкін, ол психогенияның айқындылығы мен әсер ету ұзақтығына, тұлға құрылымына, органикалық зақымның бар-жоғына, қосалқы соматикалық ауруларға және т.б. Көптеген факторларға байланысты. Әдетте психожарақаттық жағдайларды жойғаннан кейін немесе оған деген науқастың көзқарасын өзгерткенде және сәйкес ем қолданғанда науқас айығады