Невроз деп психикалық жарақаттың әсерінен пайда болатын аурулар тобы, жалпы күйдің және әртүрлі соматовегетативті функциялардың бұзылуымен, эмоционалды тұрақсыздықпен, қоршаған ортаға дұрыс баға берудің жеткілікті сақталуымен және өзінің дертті күйін түсінумен жүретін жағдай
Аурудың психожарақаттаушы фактормен байланысына негізделген невроздардың диагностикалық критериялары Карл Ясперс триадасына (1910) анық келтірілген
Психогенді ауру тікелей психикалық жарақат әсерінен кейін дамиды;
Ауру көріністері психожарақат мазмұнымен тікелей байланысты және ол ауру клиникасында көрініс беріп отырады; олардың арасында психологиялық түсінікті байланыстар бар;
Аурудың ағымы психикалық жарақаттың айқындылығымен және актуальдылығымен тығыз байланысты; психикалық жарақат шешімін тапқан жағдайда ауру көрінісі жоғалады немесе әлсірейді.
Негізсіз үреймен бірге өзін нашар сезіну, жоғары шаршағыштық, тұрақсыз, көп жағдайда жабырқаулы көңіл-күй. Өзін сезіну және көңіл-күй таңертеңгі уақытта көңілтоларлық, ал кешке нашарлайды. Мұндай өзгерістерді науқас еңбекке қабілетті жағдайда да сезінеді. Олар физикалық және интелектуалды жүктемеден тез шаршайды. Бірақ демалғаннан кейін олар жұмыстарын жалғастыра алады. Барлық науқастарға ұйқы бұзылысы тән. Олар жиі денесіндегі жағымсыз сезімге, ішкі мүшелерінің функцияларының бұзылуына шағымдар айтады. Бұл сезімдер мен ауырсынулар сипаты соматикалық аурулардың белгілеріне ұқсауы мүмкін.