Жоспары: Қоғам дегеніміз не?



Дата21.12.2022
өлшемі21,99 Kb.
#58818
Байланысты:
Әскербек А.Ж. Адам және қоғам.


Адам және қоғам

Жоспары:


  1. Қоғам дегеніміз не?

  2. Адам ұғымына түсінік.

  3. Адам мен қоғам байланысы.

  4. Қоғам адамды ма, адам қоғамды ма?

  5. Қорытынды.

1.«Қоғам» ұғымы әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Қоғам – адамдардың мәдени әрекеттері мен қажеттіліктері мен қызығушылықтараның, мақсаттарының саналы ұйымдасқан формасы.


Огюст Конттың айтуы бойынша, қоғам-еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа бағытталған, қызметтік жүйе.
Эмиль Дюркгейм: қоғам ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын шындық.
Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға дамытқан Карл Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі.
Қоғамның сипаттары:

  1. тұтастық;

  2. өзіндік ұйымдастырушылық;

  3. динамиклық;

  4. дамуға мүмкіндігі;

  5. заңдылық;

  6. өзіндік реттеу.

Бұл сипаттар өте орынды және дәл берілген деп білемін, себебі, адамдар бір бірімен араласып бірге жұмыс істемес, ұйымдастырушылықтың орнына алауыздық болса, алға дамымай кері шегіну болса , белгілі бір заң болып реттелмесе ол жерде ешқандайда біртұтастық болмайды және бұл сипаттар болмаған жерде әрине қоғам қалыптаспайды. Менің, қоғам дұрыс қалыптаспаса, іріткі салғыштар көп болса ол мемлекет ешқандай да дамушы емес,артқа құлдыраушы деп есептер едім.

2. Адам — жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы.


Адам — әлеуметтік-тарихи қызмет пен мәдениеттің субъектісі, санасы, ақыл-ойы бар әлеуметтік жаратылыс болып табылады. Адам қоғамнан бөлек тіршілік ете алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым-қатынас жасау арқылы, тек әлеуметтік әсер етуіне байланысты ғана адам-кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамуы, тұлғалық дамуы, өсуі тек айналасымен байланысты. Сондықтан да бізге, жеке адамның психологиясын, өмір салтын түсіну үшін оның қоршаған ортасын білуіміз жеткілікті. Осы орайды, досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтайын деген даналық сөз орынды деп ойлаймын. Себебі, адам ортасына қарай көсіледі.

3. Адам қоғамның маңызды бір бөлшегі. Адам қоғамнан, адмдардан тыс өмір сүре алмайды. Өмір сүре аламын десе де ол ұзаққа бармайды, себебі, адам тек адамдармен байланысып отырып қана дамиды, отбасын құрып көбейеді, бірге жұмыс істей отырып беделге жетеді. Халық қоғамның өндіруші, материалдық және рухани құндылығы.


4. Мен адам қоғамды қалыптастыру керек деген тұжырымды ұстанамын. Әрбір адамда өз жауапкершілік сезімі болуы керек. Әрбір адам санасында менің мемлекетім, менің қоғамым деген ойды ұстанып, жауапкершілікті түсіне білсе қоғам жақсы жаққа қарай өзгереді. «Заманың түлкі болса, тазыңды қу» деп отыра беретін болсақ, ол түлкі бізді қайда жетелейтінін білмейміз. Сондықтан да, қоғам алдындағы жауапкершілікті түсініп, адам дұрыс жолға бағыттайтын болса қоғам түзеледі. Ислами тұрғыда қарасақ біз ниеттенсек Алла береді. Философия тұрғысынан болса алдымен қоғамды емес, сен өзіңді түзе деген тұжырым бар. Яғни, барлығы адамның қолында.


5. Қорытындылай келе-адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, ал қоғам адамнан құралған. Осыған орай адамсыз қоғам, қоғамсыз адам болмайды деп түсінемін. Социумның дамуының ең басты күші-халық.


Қоғам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында өзара байланысудың тарихи қалыптасқан формасында біріккен адамдар жиынтығы. Адамзаттық құндылықтар негізінде ұлттық құндылық қалыптасады және де екеуі бірлесе келе қоғамдық құндылықтар қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. М.Тәжин. Б.Аяғанов. “Социология негіздері”

  2. «Адам және қоғам» пәні бойынша ОБСӨЖ-ден әдістемелік нұсқаулары 2008 ж

  3. Адам және қоғам - "Ой түйін" бағдарламасы http://semeytv.kz/kz/programs/oityin/...

  4. Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы.

  5. https://itest.kz/kz/ent/adam-qoham-quqyq/adam-zhane-alem/lecture/adam-zhane-dunietanym


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет