Т. Айбергенов «Сағыныш»



Дата03.12.2023
өлшемі13,57 Kb.
#132978
түріСабақ
Байланысты:
document name 2



Автор: Жумабаева Кенжеш Тагибергеновна
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Адам жанының құпиясы
Тақырып: Т.Айбергенов «Сағыныш»

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

9.1.2.1. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау

Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығарманың негізі тақырыбын анықтап, өлең жолдарынан психологизмді табады

Тілдік мақсаттар:

Сағыныш,өлең құрылысы,троп,фигура

Бағалау критерийлері:

- Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды; - Өлең құрылысына талдай отырып, өлең ішінен психологизмді табады

Құндылықтарды дарыту:

Зайырлы қоғам және жоғары руханият аясында бір-бірін сыйлауға,ұйымшылдыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу

АКТ-ны қолдану дағдылары:

презентация аудиомәтін

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, музыка

Бастапқы білім:

Т.Айбергенов шығармашылығы

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 мин)

Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгелдеу) Ширату жаттығуы.«Мен сізді көргеніме қуаныштымын, себебі....» Топқа бөлу. «Мозайка әдісі» 1-топ: Сағыныш 2-топ: Ана 3-топ:Бір тойым бар Алдыңғы білім. «Конверттегі сұрақ» әдісі

https://ziatker.kz/docx/

Сабақтың ортасы
(30 мин)

І. «Миға шабуыл» әдісі 1.Психологизм туралы не білеміз? 2. Қазақ әдебиетіндегі тырнақалды психологиялық романды атаңыз? 3. Т.Айбергенов және қазақ поэзиясы? 4.Т.Айбергеновтің өлеңдері 1961 жылы қай жинақта жарық көрді? ІІ. СЖ. «Пирамида» әдісі Оқушылар Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңін аудиотаспадан тыңдайды. Тыңдап болғасын өлеңге сатылай кешенді талдау жұмысын жүргізеді. Шығарма авторы Тақырыбы Жанр түрі Идеясы Шумақ Бунақ саны Буын саны Ұйқас түрі Дескриптор: Білім алушы - Өлең мазмұнын түсінеді. - Өлеңді тыңдай отырып өлеңге сатылай кешенді талдау жасай алады ҚБ. «Бірін-бірі бағалау» әдісі ІІІ. ТЖ. «Жүзіп шығу» әдісі 1.Оқушылар өз топтарына берілген тапсырма арқылы өз пікірін білдіреді. Топтардың айтқан ойларын тыңдай отырып келесі топқа сұрақ дайындайды. 1-топ: Өлеңді оқып, өлең оқушылар жолдарынан троп түрлерін тауып ажыратады 2-топ: Ақын өлеңдегі сағынышты өзің басыңнан кешкен сағынышыңмен салыстырып, пікірін өлең немесе қарасөз түрінде жазады 3-топ: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтап, ақынның сағыныш сезімін және психологизмін талдайды Дескриптор: Білім алушы - Өлең жолдарындағы сағынышын өз сезімдерімен байланыстыра алады - Троп түрлерін ажыратады ҚБ. «Бағдаршам» әдісі 2. ЖЖ.«Сұраққа жетіп ал»әдісі Өлеңдегі автор бейнесін және оның ішкі сезімін білдіретін сөздерді тауып, кестеге толтырады Өлеңнен үзінді Автор сезімі Менің ойымша Дескриптор: Білім алушы - Өлеңнің үзіндісі арқылы өз ойын тұжырымдайды - Автор сезімін түсіне отырып өз ойын жеткізе алады ҚБ. «Индекс карточкалары» әдісі

http://shalkarfm.kz/kz/news/shalkar_sazy/

Сабақтың соңы
(5 мин)

Сабақты қорытындылау.Рефлексия «Рефлексиялық нысана»әдісі. Оқушылар бұл нысананы пайдалана отырып, нысана тұсына стикерлер жапсырады. «Менің сағыныш сезімім» атты сыни мақала жазу

Стикерлер

Рефлексия

Сабақ барысында сабақ мақсатына және оқушылардың деңгейлеріне байланысты тапсырмаларға саралау жүргізілді, нақты тапсырмалар берілді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріліп, деңгейі жоғары оқушы сұрақтарға толық жауап берсе, деңгейі төмен оқушы сұрақтарға қарапайым жауап береді. «Жүзіп шығу» әдісін жүргізу барысындатапсырма орындау арқылы өз пікірін білдіреді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар өз ойларын жеткізе отырып келесі топқа сұрақ дайындай алады. «Сұраққа жетіп ал» әдісін жүргізу барысында өлеңдегі автор бейнесін және оның ішкі сезімін білдіретін сөздерді тауып қана қоймай оны кестеге толтырып автордың ішкі сезімін білдіретін сөздерді өмірмен байланыстыра алады. Бұл әдісте деңгейі төмен оқушыға тірек сөздер берілді жеке саралау жұмысы жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет