Жоспары: Тамыр мен тамыр жүйесі. Тамырдың морфологиялық құрылысы. Тамырдың анотомиялық құрылысы



бет5/6
Дата16.10.2023
өлшемі35,88 Kb.
#116635
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тамыр және тамырлар жүйесі

Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.Бұл қабаттың негізгі міндеті – қабықтың сыртқы қабаттары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналасқан өтккізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу.Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденең кесіндісінің пішіні төрт бұрышты клеткалардан тұрады.
Эндодерма клеткалары онтогенезінде 3 кезеңнен өтеді.1-ші кезеңінде клеткалардың радиалды және көлденең қабырғалары қалыңдайды.Егер бұл қалыңдаудан көлденең кесінді жүргізсек,олардың пішіні нүкте тәрізді болып көрінеді.Ол Каспари дақтары деп аталады.Басқа бағыттағы кесінділер қалыңдаулардың клетканы шеңбер жасап қоршап жататындығын көрсетеді.Сондықтан ол Каспари белбеуі деп аталады.Көрші клеткалардың белбеулері бір-бірімен жалғасып,орталық цилиндрді қоршап жатады,Химиялық талдаудың нәтижесі Каспари белбеуінде суберинге ұқсас заттың жиналатындығын және сүректену жүретінін көрсетті.
Эндодерма дамуының алғашқы кезеңі плаундардан басқа өсімдіктердің тамырынан табылған.Екінші кезеңде эндодерманың барлық клетка қабырғаларының ішкі бетіне суберин сіңеді.
Дара жарнақтылардың және қос жарнақтылардың көбінде тамырларына екінші рет қалыңдау тән емес,сондықтан мұнда эндодерма дамуының үшінші кезеңі байқалады.Бұл кезеңде клеткалардың барлық қабырғасы қатты қалыңдайды және сүректенеді.Тек сырт жаққа қараған қабырғалары ғана салыстырмалы түрде жұқа қалпында қалады.Эндодерманың жоғарыда сипатталған құрылымының мәне өте үлкен.Өйткені Каспари белбеуі арқылы қоректік заттар қабықтан орталық цилиндрге өтеді,ал цилиндрден қабыққа қарай өте алмайды.Заттардың эндодерма клеткаларының тірі бөлігі ғана арқылы өтуі мүмкін,
Бұл кезеңде де эндодерма қабатының арасында кейбі клеткалардың қабықшасы қалыңдамайды.Олар өткізгіш клеткалар деп аталады.Өткізгіш клеткалардың саны орталық цилиндрдегі ксилема сәулелерінің санына сәйкес келеді және олар осы сәулелерге қарсы орналасады.Эндодермадан заттардың өтуін өткізгіш клеткалар қамтамасыз етеді.
Орталық цилиндр негізінен түтікшелер мен сүзгілі түтіктерден тұратындықтан,оны түтікшелі цилиндр немесе стель деп атайды.Стель плеромадан пайда болады және тамырдың қабық бөлімінен меристемалық клеткалардың перицикл деп аталатын қабаты арқылы бөлінеді.Перициклден іщке қарай прокамбий клеткалары жатады,олардан алғашқы өткізгіш ұлпалар пайда болады.Перицикл клеткаларының бөлуінен жанама тамырлар өсіп шығады,сондықтан бұл перикамбий деп аталады.Перицикл камбийдің және феллогеннің пайда болуына да қатынасады.
Флоэма элементтері бөліні аймағына таяу жерде ксилемадан бұрын пайда бола бастайды.Алғашқы сүзгілі түтіктер серік клеткаларынсыз перицикл маңайында пайда болып, протофлоэманы түзеді.Флоэманың одан кейінгі элементтері тамырдың ортасына таяу қалыптасады және метафлоэманы түзеді.Протофлоэма мен метафлоэма екеуі бірге алғашқы флоэма деп аталады.Флоэманың ксилемадан бұрын пайда болуы протофлоэма арқылы тамырдың төбе меристемасына,оның тіршілік әрекеттері үшін қажетті қоректік заттардың жеткізілуіне байланысты.
Ксилема флоэмадан кейін пайда болады.Оның алғашқы элементтері тамырдың созылу аймағында қалыптасады әрі сақиналы, серіппелі түтіктерден тұрады.
Сонымен,флоэма мен ксилема тамырдың шетінен ортасына қарай,яғни экзархты қалыптасады.Ксилема даму барысында флоэманы басып озып, тамырдың ортысын алып жатады.Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысына ксилема радиус бойлай сәулеленіп,ал флоэма клеткаларының тобы сол сәулелердің арасында орналасады.Ксилема сәулелерінің саны 2-еу және одан көп болуы мүмкін.Бір сәулелі шоқ моноархты,екі сәулелі шоқ диархты,үш сәулелі шоқ триархты,төрт сәулелі шоқ тетрархты,одан ары пентархты,гексархты және т.б.болып жіктеледі.Моноархты шоқтар өте сирек,кейбір папоротник тәрізділерде,гүлді өсімдіктерден су жаңғағында ғана белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет