Жоспары: Тамыр мен тамыр жүйесі. Тамырдың морфологиялық құрылысы. Тамырдың анотомиялық құрылысы



бет2/6
Дата16.10.2023
өлшемі35,88 Kb.
#116635
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тамыр және тамырлар жүйесі

Тамырлар жүйесі деп – бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі,мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп,бірінші реттегі өс – негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші,үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды.Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады.2-ші кейде 3-ші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықта орналасуы бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп,ерекшеленіп тұрады.Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар бөлімінің қосжарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.
Екінші сызықша қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі.Мұнда негізгі тамыр жүйесі нашар жетілген,қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды.Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп,басымдық білдіреді.Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе,астықтарға тән,ол сирек жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.
Тамырларды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде негізінен олардың пішінінің алуантүрлілігі,консистенциясы,бұтақтану ерекшеліктері және кеңістікте орналасуы ескеріледі.Пішіні жағынан әдетте кең тараған тамырлар: цилиндр тәрізді, жалпақ жапырақты кермек, ұршық тәрізді,шомыр тәрізді,түйнек тәрізді тамырлар.
Тамырлардың экологиялық 4 типі ажыратылады.Олар:жерасты тамыр,сутамыр,ауатамыр және гаусториялық тамырлар,Жерасты тамырлары тұтасынан немесе жартылай топырақ арасына таралады.Мұндай тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің 70%қамтиды.
Сутамырлары су қабаттарында орналасады.Су түбіне жетпейді.
Ауатамырлары ауада болады,атмосфералық ылғалды сіңіреді.Мұндай тамырлар ылғалды тропикалық орманның эпифидтеріне тән.қа
Гаусториялы тамыр паразитті тіршілік ететін,негізгі өсімдіктердің денесіне еніп,ондағы дайын қоректік заттарды сорып,қабылдау қызметін атқарады.
Тамыр системасы.Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды.Тамыр системасының негізгі 3түрі бар: Кіндік тамыр системасы,ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан,сонымен бірге одан кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарларынан тұрады.Қосалқы тамырлардың системасы,ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады,аралас тамырлардың системасы ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет