Жоспары: Тамыр мен тамыр жүйесі. Тамырдың морфологиялық құрылысы. Тамырдың анотомиялық құрылысы



бет3/6
Дата16.10.2023
өлшемі35,88 Kb.
#116635
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тамыр және тамырлар жүйесі

Анатомиялық құрылысы.Тамыр ұшының құрылысы.Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан,оның әртүрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды.Әдетте жас тамыр ұшынан тамырдың 4аймағын (бөліну,өсу немесе созылу,сору,өткізу) және тамыр оймақшасын ажыратады.
Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалық клеткалары өсу барысында әртүрлі ұлпаларға жіктеледі.Тамырдың бой конусы меристемалық құрылысын сақтап,тамырдың оң геотропизм бағытында тереңдеп өсуін қамтамасыз етеді.Өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен жанасады.Тамырдың бой консусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше паренхималық ұлпа клеткаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады.1-ші тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Ол клеткалардың сыртқы қабаттары тез ескіріп топырақтың қатты бөліктерімен жанасқан кезде түлеп түсіп отырады.Олардың орнын жаңадан жетілетін жас клеткалар басады.Тамыр оймақшасының әсіресе сыртқы клеткаларында көп мөлшерде крахмал дәндері жиналады.Құрлық өсімдіктерінің барлығының тамыр ұшында тамыр оймақшасы болады, ал суда өсетін өсімдіктерде тамыр оймақшасының орнына оймақшаға ұқсас тамыр қалташа жетіледі.Тұқымды өсімдіктердің көбінде,әсіресе даражарнақтылар тамырының ұшында калиптроген деп аталатын тамыр оймақшасының меристемасы болады.Соңғы деректерге қарағанда,калиптроген гормондарды синтездеп,тамырдың өсуіне әсер етеді.
Тамыр оймақшасының ішкі жағында клеткалардың бөліну аймағы жатыр.4-ші тамырдың барлық ұлпалары меристемадан тұратын бөліну аймағынан пайда болады.Инициалді клеткалардың саны әртүрлі.Папаротник тәрізділерде апикальды меристема 1инициалды клеткадан тұрса, ал ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларда олардың саны молайып,кейде тоттанып 3қабат түзіп жатады.Бөліну аймағында меристемалық ұлпаның 3 қабаты түзіледі.Сыртқы қабат – дерматоген ,ортаңғысы – периблема,ішкісі – плерома.Дермотогеннен тамырдың алғашқы жабындық ұлпасы эпиблема немесе ризодерма және тамыр оймақшасы,периблемадан алғашқы қабық, плеромадан орталық цилиндр қалыптасады.Бөліну аймағынан жоғары клеткалардың өсу аймағы орналасады.Бұл аймақтағы клеткалардың пішіні алғашқы кезде изодиаметрлі,созылып өсудің нәтижесінде цилиндр тәрізді пішінге ие болады.Клетка ішінде вакуольдер санының артуына орай олардың көлемі де ұлғаяды.
Бұдан жоғары орналасқан сору аймағын,кейде клеткалардың маманану аймағы деп те аталады.Өйткені,мұнда клеткалар жіктеліп,өзгеріске ұшырап,олардан әр түрлі ұлпалар пайда болады.Сору аймағында жетілетін тамыр түктері арқылы өсімдіктер өзі өсіп тұрған ортасынан суда еріген минералдық заттарды қабылдайды.
Тамыр ұшының эпиблемасының сабақ пен жапырақ эпидермасының айырмасы – мұнда клетка қабықшасы жұқалығынан,устьицилер мен кутикулалар болмайды және суды оңай өткізеді.Тамырдың сору аймағында эпиблеманың әрбір клеткасы бір клеткалы тамыр түгін жасауға қабілетті.Тамыр түктері шағын аймақта,әрбір шаршы милиметрге бірнеше жүзден,ұзындығы әр түрлі.Ұзындығы 1см-ге жететін ұзын түктер қант қызылшасы,асқабақ өскіндерінде кездеседі,астықта 0,75-тен 2 мм-ге дейін болады.Тамыр түктерінің клетка қабықшасы целлюлозалы,вакуолі ірі,цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады.Түктер түзетін эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ түйіршіктерін түктерге жабыстыратын шараналы заттармен жабылады.Тамыр түктері су және батпақты жерде өсетін батпақ қалтагүлінде және т.б.болмайды.Тамыр түктерінің тіршілігі 10-20 күннен аспайды.Олардың орнын тамырдың жаңа бөліктерінен өсіп шыққан түктер басады.Осыған қарамастан, тамыр кейбір өсімдіктерде түктерінің қабырғасы қалыңдап,сүректеніп,тіршілігін екі жылға дейін жалғастырады.
Келесі аймақ – өткізу аймағы.Мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.Бұл аймақта жанама тамырлар қалыптасады.Сондықтан ол жанама тамырлар аймағы деп те аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет