Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.Ашық тұқымдылар мен қосжарнақтыларда өсімдіктер жасының артуына байланысты тамыр жуандап өсіп,соның алғашқы құрылысы соңғы құрылысымен ауысады.Папоротник тәрізділерде және дара жарнақтылардың басым көпшілігінде тамырдың анотомиялық алғашқы құрылысы сақталады.
Тамырдың алғашқы құрылысының соңғыға ауысуы кезіндегі өзгеріс орталық цилиндрден басталады. Ксилема сәулелері мен флоэма бөлімдерінің арасындағы паренхималық клеткалар меристемалық қасиет білдіріп бөлінеді.Одан соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болады.Ксилема мен флоэманың арасындағы камбий қабаттары әуелде бір-бірінен бөлек орналасады.Көп кешікпей перициклдің протоксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан клеткалары тангентальды бөлініп,камбий қабаттарын бір-біріне қосады.Осыдан алғашқы ксилеманы қоршай орналасқан тұтас камбий сақинасы түзіледі.Камбий қызметінің нәтижесінде алғашқы флоэма сыртқа қарай ығысады.Камбий клеткаларының бөлінуінен пайда болған соңғы флоэма элементтері оның сырт жағына,соңғы ксилема элементтері іш жағына қарай орналасады.Сонымен,флоэманың ұлғаюы сырттан ішке қарай ,ксилеманың ұлғаюы іштен сыртқа қарай жүреді,соңғы ксилема радиус бойлап емес,каллотералды орналасып камбий түзуі шеңбер пішініне ие болады.Камбийдің перициклден пайда болған бөлігінен өткізгіш ұлпа элементттері түзілмейді,олардан алғашқы ксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан өзек сәулелерінің паренхимасы қалыптасады.
Сонымен,анатомиялық алғашқы құрылымның соңғы құрылымға ауысуы барысында мынадай кезеңдерді өткереді: 1.Флоэма мен ксилеманың арасында камбий пайда болуы
2.Перициклден феллогеннің пайда болуы
3.Алғашқы қабықтың түлеп түсуі
4.Өткізгіш ұлпаның радиусты бойлап орналасуынан коллатералдыққа ауысуы.
-жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.
-бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.
-тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа. ... дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады
-қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты. ... бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді.
-дөңгелек піщінді,ірі және паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.
-ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығы.
-алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.
-мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл