Зерттеу мақсаты: Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға болашақ педагог-психологты даярлау процесінің ғылыми негіздемесін жасау.
Зерттеу болжамы: Егер болашақ педагог-психологқа салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың қызметтік-үдерістік моделі мен әдістемесі жасалып, практикаға ендірілсе, онда мектеп оқушыларының салауатты тамақтану мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасады, өйткені ұсынылған модель мен әдістеме педагог-психолог мамандарды кәсіби-педагогикалық даярлаудың теориялары мен тұжырымдамаларына негізделеді.
Зерттеу міндеттері:
-Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеп, салауатты өмір салтының маңызды бөлігі ретінде қарастыру.
-Салауатты тамақтану мәдениеті мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен теориялық негіздерін анықтау;
-Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетінің қалыптасуына әлеуметтік желілер мен заманауи ақпараттық құралдардың ықпалын айқындау;
-Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың қызметтік-үдерістік моделін жасау;
-Оқу-тәрбие үдерісінде «Салауатты тамақтану мәдениеті – дені сау ұрпақ тәрбиесініңнің тірегі» тәжірибелік жобасының мазмұнын жасау және әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: Болашақ педагог-психологтың кәсіби педагогикалық даярлығы.
Зерттеу пәні: Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты, философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге теориялық талдау, Қазақстан Республикасының ресми материалдарына талдау, мектеп оқушылары арасында сауалнама, жалпы орта мектептің оқу-тәрбие үдерісін педагогикалық бақылау, эксперимент, оның нәтижелеріне баға беру, жиналған материалдарды өңдеу және сараптау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері Бірінші кезеңде (2022-2023ж.ж.) мәселенің теориялық тұрғыда зерттелуіне арналды. Зерттеу мәселесі бойынша еңбектерімен танысу, салауатты тамақтану мәдениетін зерттеу, материалдар жинақтау, тұжырымдау, арнайы әдебиеттерге, құжаттарға талдау жасау, ғылыми аппаратты айқындау.