Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі. Аты-жөні: Қасымбай Салтанат Серикқызы Ғылыми зерттеу тақырыбы



бет3/4
Дата23.11.2022
өлшемі21,84 Kb.
#51969
түріДиссертация
1   2   3   4
Байланысты:
Диссертацияға негіздемеееемммм

Екінші кезеңде (2022-2023ж.ж.) оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып, салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға арналған оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрлері айқындалды, әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Үшінші кезеңде (2023-2024ж.ж.) салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға байланысты эксперимент жұмыстары бойынша педагогикалық ой-пікірлер жүйеге келтірілді.
Төртінші кезеңде (2023-2024ж.ж.) әдістеменің тиімділігі тексеріліп, нәтижелері диссертация мазмұнына енгізілді және қорытындыланып, ұсыныстар берілді.
Зерттеу базасы: жалпы орта мектеп
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Салауатты тамақтану мәдениеті тұжырымдамасы маңызды құндылықтардың бірі ретінде нақтыланды және толықтырылды.
- Салауатты тамақтану мәдениеті мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен теориялық негіздері нақтыланды;
- Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақиану мәдениетінің қалыптасуына әлеуметтік желілер мен заманауи ақпараттық құралдардың ықпалы айқындалды;
-Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың қызметтік-үдерістік моделі даярланып және оның компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды;
Зерттеудің практикалық мәні:
-Болашақ педагог-психологтың жұмыс тәжірибесіне арналған бағдарламалар біріктірілген.
- Жоғары оқу орындарында «Педагогика және психология» мамандығын кәсіби даярлауға арналған «Салауатты тамақтану психологиясы» атты элективті курсы;
-Салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін салауатты тамақтанудың интегративті мәні анықталды.
- Болашақ педагог-психологтарға және мектеп мұғалімдеріне арналған «Салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру технологиялары» атты танымдық үйірме;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерінің ғылыми аппаратқа сай болуымен, зерттеу әдістерінің, тәжірибе-эксперимент жұмыстарының жоспарлы және жүйелі іске асуымен, ұсыныстардың жалпы білім беретін мектептердің іс-тәжірибелеріне енгізілуімен, сондай-ақ зерттеудің негізгі мәселелері мен нәтижелері ғылыми-практикалық конференцияларда талқылануымен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет