Жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу


Қант диабетінің 1-ші түрі



бет2/3
Дата28.04.2023
өлшемі39,52 Kb.
#87785
1   2   3
Қант диабетінің 1-ші түрі. Бұл ұйқы безінің өздігінен инсулин өндіре алмауы салдарынан қан құрамында осы гормонның тапшылығы туындауы. Бұл көбіне жас адамдарда кездеседі.
Қант диабетінің 2-ші түрі. Бұл ең көп таралған түрі. Ол ұйқы безі тым көп инсулин түзіп, бірақ глюкоза молекуласының ағза жасушаларына жеткізілуін қамтамасыз ете алмауы кезінде туындайды.
"Глюкоза – бұл энергетикалық субстрат. Ол машинаға арналған жанармай секілді энергия береді. Егер қандағы инсулин жұмыс істемесе, ол ағзада жеткіліксіз деңгейде болса, онда глюкоза жасушаларға жетпейді. Соның салдарынан жасуша жұмыс істей алмайды. Ол кейбір жасушаларға қарапайым диффузия жолы арқылы түсе алады. Ол жасушаға еніп, бір бөліктен екіншісіне өтеді. Сондай-ақ глюкоза өздігінен жете алмайтын жасушалар да бар. Оларды ақуыз жеткізуі керек. Бұл ақуыз көлік рөлін атқарады. Оны глют 4 деп атайды. Бұл ақуыз инсулин әсерімен түзіледі", - дейді эндокринолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Зухра Павлова.
Гестациялық қант диабеті. Ол тек жүкті әйелдерде кездеседі. Босанғаннан кейін көміртек алмасуы қалпына келіп жатқан кезде оның жоғалуы жиі болады. Бірақ қант диабетінің 2-ші түріне айналуы да мүмкін.
Сонымен қатар генетикалық ақаулар салдарынан туындайтын қант диабетінің басқа да айрықша түрлері кездесіп жатады. Бірақ ол сирек кездесетін жағдай.
Қант диабетінің себептері
Қант диабетінің 1-ші түрі ағзадағы аутоимундық процесс аясында пайда болады: "жүйеде ақау" болып, ағзаны қорғауға тиіс иммундық жасушалар ұйқы безіне шабуыл жасай бастайды. Уақыт өте келе ұйқы безіндегі инсулин түзетін бета-жасушалар саны азаяды да, қант диабетінің симптомдары пайда болады.
Ал қант диабетінің 2-ші түрінің туындауына біз өзіміз кінәліміз.
"ХХІ ғасырдың дерті – семіздік екені ешкім үшін жасырын емес. Диабеттің қатысы қанша? Қатысы бар. Себебі семіздіктің 80%-і ерте ме, кеш пе, қант диабетіне алып келеді. Семіздікке ұшыраған әрбір екінші адам қант диабетіне тап болуы ықтимал", - дейді эндокринолог дәрігер Зухра Павлова.
Шамамен 20 жыл бұрын Америкада зерттеу жүргізіп, медбикелерді бақылады. Зерттеу бірнеше жылға созылды. Нәтижесі көрсеткендей, сынақ басталған кезде артық салмағы болған, бірақ семіздігі жоқ медбикелер семіздіктің 1-ші деңгейіне дейін артық салмақ қосқанда, қант диабетіне шалдығу қаупі 70%-ке артты.
Соның салдарынан микрогипоксия – осы жасушалардағы қанның микроциркуляциясы бұзылады. Ағза мұндай жасушаларды қауіп ретінде бағалап, олардың көзін жоя бастайы.
"Егер мұнда жасушалар саны онша көп болмаса, онда аса сау емес жасушалардың жойылуымен ғана аяқталар еді. Бірақ артық салмағы бар адамның ағзасында мұндай жасуша өте көп болғандықтан, бұл жағымсыз жағдайдың басталуына алып келеді. Себебі шамадан көп түзілген май жасушаларының көзін жою процесі кезінде қабыну пайда болады. Көп және өліп жатқан адипоциттер айналасында ақ қан жасушалары жинала бастайды. Олар қабынуға қосымша себеп болады. Жасуша неғұрлым көп болса, қабыну да соғұрлым күшті жүріп, осы арқылы ақ қан жасушалары мен қабыну факторларын ынталандыра түседі. Былай айтқанда, қабыну өзін-өзі тудыратын процеске айналады", - деді Зухра Павлова.
Ағзадағы бұл созылмалы қабынудың белгілері аса қатты байқалмайтыны да жағдайды ушықтырады.
"Ол адамдардың бойында қауіп сезімін тудырмайды. Мысалы, біз тұмауға шалдықсақ, дене қызуы көтеріледі және тағы басқа симптомдар пайда болады. Соған қарай адам әрекет етіп, ем қабылдайды. Ал семіздік саналы түрде бола бермейді. Оны сезіп білу мүмкін емес. Әрине адам бойында әлсіздік пен шаршаңқылық секілді өзгерістер пайда болады. Бірақ ешкім оған жете мән бермейді", - деді дәрігер.
Соның салдарынан семіздік аясындағы қабыну инсулинге төзімділікке алып келеді. Яғни ағза инсулин әсеріне төзімді бола бастайды.
"Глюкоза жасушаға түсе алмайды, жасуша энергия жетіспейтіні туралы миға сигнал береді, ми аштық орталығын іске қосады. Соның салдарынан адамның тәтті жегісі келеді. Себебі тәтті тағам ағзаны энергиямен өте жылдам қамтамасыз етеді. Бұл қандағы глюкозаның көлемін тез арттыратын және энергия беретін ең қарапайым өнім. Қанда глюкоза саны тағы артады. Соның салдарынан инсулинның қосымша синтезі басталады. Ақырында қанда глюкоза да, инсулин де көп болады. Бірақ жасушада глюкоза жетіспейді", - деп дерттің туындау механизмін түсіндірді дәрігер.
Ми энергия тапшылығы туралы сигнал беруді жалғастыра береді де, адам бей-берекет тамақтана бастайды. Көбіне тәтті, құнарлы, энергияға толы тағам таңдайды. Соның салдарынан салмағы одан бетер артып, бұл қант диабетінің туындау қаупін еселей түседі.
Қазір қант диабетінің 2-ші түріне шалдыққан адамдар саны семіздікке тап болғандардың өсімімен байланысты екеніне анық көз жетті. Жақында ғана дәрігерлер 2025 жылға қарай "диабет" диагнозы бар адамдар саны 380 миллионға жетеді деп болжаған еді. Алайда бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 400 миллионнан асып кететіні анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет