Жеке жұмыс. «Ұшқыр ой» әдісі(құрылымдық тапсырма) Жердің алғашқы жасанды серігі «Спутник-1» 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Бірінші серік Жерді дәл шеңбер бойымен айналмай, бір жағы созылыңқы доғамен – эллипс бойымен өтті де, Жерді тәулігіне 15 рет айналды. Траекторияның шеңберден эллипске ұқсауы бастапқы жылдамдықтың шамадан тыс артуына байланысты еді.
Жасанды серікті Жерге жақын жіберуге болмайды, себебі бізді айнала қоршаған ауаның қалың қабаты күшті кедергі жасайды да, ұшқан денені қатты қыздырады. Керек десеңіз балқытып та жібереді. Мысалы, Жер бетінен 10 км биіктікке көтеріліп, сағатына 3600 км ұшатын ұшақтың қанаттары 300 0С-қа дейін қызады, ал жылдамдығы 12 000 км/сағ-қа жеткенде 45000С-ға көтеріледі. Мұндай қызу тек Күннің бетінде болады.
Міне, сондықтан жоғары жылдамдықпен ұшатын денеге біріншіден ауа кедергі жасамауы үшін және екіншіден балқып кетпеу үшін, оны тез ұшырып, ауасыз кеңістікке шығару қажет.
1-тапсырма Жасанды серік неліктен Жерге құламайды?
2-тапсырма Жер бетінен бастапқы жылдамдығы 7,9 км/с ғарыш ракетасы ұшады. Ракетаның қозғалатын траекториясын көрсетіңдер.
А) Жер айналасынан эклиптика бойымен
В) Жер айналасынан шеңбер бойымен
С) Парабола бойымен және Күн жүйесінен шығады
Д) Жерден алшақтап Күннің серігі болады
3-тапсырма Төмендегі тұжырымдардың шындық немесе жалған екенін анықтаңдар.
А) Жоғары жылдамдықпен ұшатын денені (ЖЖС) балқып кетпеу үшін оны тез ұшырып , ауасыз кеңістікке шығару қажет.
Шындық/Жалған___В)'>Шындық/Жалған
В) Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық үшінші ғарыштық жылдамдық деп аталады.
Шындық/Жалған
С) Жасанды серік белгілі орбитамен айналу үшін алдымен оны сол орбитаға шығару керек.
Шындық/Жалған
4-тапсырма Марс ғаламшарының радиусы 3380 км, ондағы еркін түсу үдеуі 3,86 м/с2 тең. Марс серігінің бірінші ғарыштық жылдамдығын есептеңдер.