Жүрегіміздесің, жан апа! Тәрбие сағатының мақсаты



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі20,88 Kb.
#127625
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Жүрегіміздесің, жан апа! тақырыбындағы тәрбие сағаты жоспары (Мәншүк Маметова туралы)


Жүрегіміздесің, жан апа!


Тәрбие сағатының мақсаты: Кеңес Одағының Батыры туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, оқушыларды ерлікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Интербелсенді тақтадан Мәншүк ерліктерін бейнелейтін бейнеролик көрсетіледі.
Оқушылар Мәншүк апаларының ерлігін баяндайды.
1-оқушы:
«Мен, Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмен, қазір халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі торағасы орынбасарларының жеке хатшысы болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша мағлұмат бере отырып, сізден ағаларым және апаларымен бірге фашист қарақшыларын талқандап құрту үшін мені майданға жіберуіңізді сұрағым келеді. Өйткені, майданға баратындай ағайым да, апайым да жоқ, сол себептен де өзім сұранамын.
Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол мүшесі. 27.08.1941жыл»
2-оқушы:
Бұл – қазақтың қайсар қызы, Шығыстың жұлдызы атанған қаһарманның бірі – Мәншүк Мәметованың майданға сұранып жазған сансыз өтініштерінің бірі. Жасы жиырмаға да толмаған нәзік жанның қанды қасап ортасына түсіп, қайталанбас ерліктің иесі атануы – таңқаларлық жәйт. Өйткені, жиырма жасар бойжеткен мен соғыс ұғымы бір жерге тоғыспайды-ақ. Қаршадай қызды қаһарманға айналдырған ерліктің сырын Мәншүктің өмірімен жақынырақ таныссаңыз ұға бастайсыз.
3-оқушы:
Мәншүктің шын есімі – Мәнсия. Оның ата-анасы кейбіреулер ойлағандай Ахмет Мәметов пен Әмина Сүлейменқызы да емес. Мәншүктің өз әкесі Жеңсікәлі Ахметпен үш атадан қосылатын немере ағайын болып келеді. Анасының есімі – Тойылша. Өздері перзент сүймеген Ахмет пен Әмина Мәншүкті бір көргеннен ұнатып, қоймастан сұрап, 5-6 жасында бауырына басыпты.
4-оқушы:
Ахмет Мәметов – ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қатарынан орын алған азамат. 1912-1914 жылдары Қазан қаласынан «Ғибрат», «Кеңес» атты атты екі кітап шығарған ақын Саратов университетінің дәрігерлік факультетін тәмәмдап, Алматыдағы тері-жыныс аурулары ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастырушы алғашқы директоры болатын. Қазақтың қаймағы «халық жауы» атанған отызыншы жылдар зобалаңы Ахаңның басына қара бұлт болып төніп, ақыры жұтып тынған.

Көрініс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет