Байланысты: Жүрегіміздесің, жан апа! тақырыбындағы тәрбие сағаты жоспары (Мәншүк Маметова туралы)
5-оқушы: Мәншүкті бауырына басарда «оқытамын, өз баламдай тәрбиелеймін»,- деп уәде берген Ахмет өз сертін орындап та кеткен секілді. Өйткені, ұяда көрген тәрбие, болашақ батыр қыздың бойына әбден сіңіп, елін сүйген ержүрек, намысты да жігерлі жан етіп шығарыпты.
6-оқушы: Мәншүктің майданға баруға неге сонша ынтық болғаны жөнінде қазір мынадай бір қисынды әңгіме айтылып жүр. Әкесінің еш жазықсыз, жаламен ұсталып кеткеніне кәміл сенген Мәншүк оны ақтап алу үшін өзін құрбан етуге даяр болған. Жоғарыдағы өтініште Ахметті айтпауы түсінікті еді, өйткені «халық жауының» қызына сенімсіздік көрсетіп,
Майданға жібермей қоюы мүмкін ғой. Бірақ, Мәншүктің арманы орындалып, әскер қатарына алынған соң әкесінің жазықсыз екендігін дәлелдеп, Сталинге бірнеше рет хат жазды.
7-оқушы: 1943 жылдың 7 тамызында Әмина Сүлейменқызына жазған хатында мынадай жолдар бар.
Мәншүк: «Әпкетай, мен сізді өте сағындым, тірі қалсам, соғыстан соң елге аман келсем деп армандаймын. Менің тағдырым бірақ шатқаяқ, басқаша айтқанда сау қаламын деу қиын. Мен сізге, әпкетай, ашық жазып отырмын, тек езіліп қынжылмаңыз. Егер қаза болсам, Отан үшін, әкем үшін және сіз үшін...»
8-оқушы: Түсінген адамға бұл есейген, ересек адамның сөзі, сезімнің емес, салмақты, сау, ақылды адамның сөзі. Бейбіт кез болса жиырмадағы жас қыздың аузынан осындай сөз шығар ма еді? Қыз дәуреннің көктемі гүлшешек атып тұрар сәті емес пе? Әйтсе де өмірдің аты – өмір ғой. Жас жүрек, өмірге іңкәр жүректің кейбір мезеттік оқиғаларынан Мәншүктің адами, шынайы, нәзік жаратылысын аңғарып қаламыз.
9-оқушы: Алматыда құрылған №100 дербес атқыштар бригадасын тиеген әскери эшелон Орал қаласында сәл кідіргенде Мәншүк поездан қалып қоя жаздапты деген аңыздай әңгіме бар. Орнынан қозғалып екпін ала берген поезға жүгіріп жармасып, вагонға әрең іліккен Мәншүкті құрбылары ортаға алып:
Қайда жүрсің?- демей ме.
Су іштім.
Су дегенің анау бакта тұр емес пе?
Жоқ, менің ішкенім өзгеше су, Жайықтың суы!- депті Мәншүк.