10-оқушы: Батыр қыздың ерлігі туралы еміс-еміс естіген, әскери бір-екі киімдегі суретін көрген кейінгі ұрпақ Мәншүкті қабағына қар қатқан, жүрегі мұздай, сезімнен жұрдай, баһадүр деп қабылдауы мүмкін-ау. Әйтпесе қазір арамызда жүрген бойжеткен құрбыларымыздың ой-сезімі, жастық шақтың жарқын сәттері ол кісінің де басында болды ғой.
11-оқушы: «Әпкетай, бір кішкентай айна салып жіберерсіз»,- депті бір хатында Мәншүк. Елден келген Алматының алмасынан ауыз тигеніне соншалық қуанады.
13-оқушы: Мәншүктің туған күні қазан айының 2-сі болатын. Өзінің 21 жасын алғы шепте атап өткен қайсар қыз арада екі апта уақыт өткенде, 16 қазан күні Невель қаласын азат ету үшін болған ұрыста қаза тапты. Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылса, батыр қыздың еншісіне 418 күн бұйырыпты.
14-оқушы: Ән «Жойылсын соғыс».
Мұғалімнің қорытынды сөзі.