Жүрек-қантамырлар жүйесінің эмбриогенезі және жасқа байланысты морфологиясы
Орындады: Қайратұлы Аят
Факультет: Жалпы Медицина
Топ: 212
Қабылдаған;Құралай Төлеугажиновна
Нұр-Сұлтан
2022
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Жүректің өткізгіш жүйесі
4 Қан тамырлардың дамуы
1 2 Тамырлардың адамның жасына байланысты өзгерістері
Жүректің құрылысы және дамуы
3 Жүректің адамның жасына байланысты өзгерістері
5 Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүрек-қан тамырлар жүйесі кұрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар, газдар мен метаболизм өнімдері бар қан мен лимфаның организмде таралуын қамтамасыз ететін мүшелерден (жүрек, қан және лимфа тамырларынан) тұрады. Қан тамырлары тасымалдау қызметін атқаратын, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін және қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды реттейтін, диаметрі әр түрлі тұйықталған түтікшелер. Жүрек қан тамырлар жүйесі – ағзада иммундық қорғаныс реакцияларға қатысады. Зат алмасудан пайда болған, соңғы қалдық өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады. Сонымен қатар, тасымалдау қызметін атқарып, қан мен лимфа сұйығы ағзадағы мүшелерге, тіндерге қоректік заттарды, тыныс алуға оттегін мүшелерге тасымалдап, көмірқышқыл газын мүшелерден алып шығады. Мүшелерді бір бірімен байланыстырып, жүйелер түрінде ағзаның біртұтастығын сақтайды. Қан айналым жүйесі жүйке, эндокринді және иммунды-қорғаныс жүйелерімен тығыз байланыса отырып, ағза мүшелеріне, оның тіндері мен жасушаларына қажетті медиаторларды, биологиялық белсенді заттарды, гормондарды бөліп, әрі тасымалдай отырып, қанмен қамтамасыз етеді.
I.Қан тамырлардың дамуы
Алғашқы қан тамырлары эмбрионалдық дамудың 2—3 аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан және хорионның қабырғасында қан аралшықтарының құрамында пайда болады. Аралшықтың шетінде орналасқан ангиобласттық қабілеттері бар мезенхималық жасушалар орталық бөлікте орналасқан жасушалармен байланысын жойып, пішіні жайпақтанып, алғашқы қан тамырларының эндотелиоциттеріне дифференцияланады. Аралшықтың орталық бөлігіндегі жасушалардың пішіні дөңгелектеніп, қан жасушаларына дифференцияланады. Кейінірек қан тамырларының сыртында орналасқан мезенхималык жасушалардан жазық бұлшык ет жасушалары, перициттер, тамыр кабырғасының адвентициялық жасушалары, фибробласттар дамиды. Ұрыктың денесінде пішіні түтікше және қуысты кеңістіктер тәрізді алғашқы қан тамырлары мезенхимадан пайда болады. Құрсақ ішілік дамудың 3-ші аптасының соңында ұрық денесінің тамырларының ұрықтан тыс мүшелердің тамырларымен байланысуы басталады. Қан тамырларының қабырғасының әрі қарай өсуі қан айналымы басталғаннан кейін дененің әр түрлі бөлімдерінде қалыптасатын гемодинамикалық жағдайлардың (қан қысымы, қан ағымының жылдамдығы) әсер етуіне байланысты өтеді, ал ол мүшелердің ішінде және мүшелердің сыртында орналасқан тамырлардың қабырғасының арнайы ерекшеліктерінің пайда болуына әкеледі. Эмбриогенез кезінде алғашқы тамырлардың қайта кұрылуы барысында олардың жартысы кері дамиды.