Жүрек-қантамырлар жүйесінің эмбриогенезі және жасқа байланысты морфологиясы



бет2/7
Дата22.09.2022
өлшемі487,95 Kb.
#39833
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қайратұлы Аят 212

Қантамырларға жалпы сипаттама

  • Кан тамырлары жүйесінде артерияларды, артериолаларды, гемоқылтамырларды, венулаларды, көктамырларды және артериоловенулярлық анастомоздарды ажыратады. Артериялар мен көктамырлардың арасындағы байланыс микроайналым арнасының тамырлары арқылы жүзеге асырылады. Артериялар бойынша қан жүректен мүшелерге карай ағады. Венозды қан тасымалдайтын өкпе артериясынан басқасында, бұл қан оттегіне қанық болады. Көктамырлар бойынша кан жүрекке келеді және өкпе көктамырынан басқаларындағы қанда оттегі аз болады. Гемоқылтамырлар артериалық және венозды тамырлар жүйесін байланыстырады, тек ғажайып торды (rete mirabile) кұрайтын гемоқылтамырлар ғана аттас тамырлардың арасында орналасады (мысалы, бүйректе артериялар арасындағы тамырлы шумақ). Барлық артериялардың, сондай-ақ көктамырлардың да, қабырғалары 3 қабықшадан тұрады: ішкі (tunika intima немесе interna), ортаңғы (tunika media) және сырткы (tunika adventitia немесе externa). Олардың қалыңдығы, тіндік кұрамы мен қызметтік ерекшеліктері әр түрлі тамырларда әркилы болады. Қабырғаларының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты артериялардың 3 түрін ажыратады: эластикалық, бұлшық етті және аралас (бұлшық етті- эластикалық). Жіктелуі артериялардың ортаңғы қабықшасындағы бұлшық ет жасушалары мен эластикалык элементтердің мөлшерінің ара-қатынасына негізделген

Орта калибрлі артерия мен көктамырдың қабырғасының құрылысы
(Ю. И. Афанасьев бойынша): а — артерия;
б — көктамыр;
I — ішкі қабықша:
  • — эндотелий;
  • — базальды мембрана;
  • — эндотелий асты қабаты;
  • — ішкі эластикалық мембрана;

  • II — ортаңғы қабықша:
    5 — жазық миоциттер;
    6— эластикалық талшықтар;
    7 — коллаген талшықтары;
    III — сыртқы қабықша:
  • — сыртқы эластикалық мембрана;
  • — талшықты дәнекер тіні;
  • — тамырдың тамырлары

II.Тамырлардың адам жасына байланысты өзгеруі

  • Тамырлардың кұрылысы адамның өмірі барысында үздіксіз өзгерістерге ұшырап отырады. Тамырлардың қызметтік жүктемеге байланысты дамуы шамамен 30 жасқа қарай аяқталады. Кейін артериялардың қабырғасында дәнекер тіні өсіп, оның тығыздалуына әкеледі. Бүл үдеріс басқа артерияларға қарағанда эластикалык артерияларда басымырақ болады. Барлық артериялардың ішкі қабықшасында 60—70 жастан кейін коллаген талшықтарының ошақтық тығыздалуы байқалады, оның нәтижесінде ірі артериялардың ішкі қабықшасының қалыңдығы ортаңғы қабықшаның қалыңдығына жақындайды. Ұсақ және орта көлемді артериялардың ішкі қабықшасы аз ұлғаяды. Ішкі эластикалық мембрана жасқа байланысты біртіндеп жұқарады және жойылады. Ортаңғы қабықшаның бұлшықет жасушалары семуге ұшырайды. Эластикалық талшықтар түйіршікті ыдырауға ұшырап, фрагменттерге бөлінсе, коллаген талшықтарының мөлшері көбейеді. Бұл өзгерістермен қатар егде шақта ішкі және ортаңғы қабықшаларда липидтердің және әктердің шөгуі пайда болады, олардын мөлшері адамның жасы ұлғайған сайын арта түседі. 60—70 жастан асқан адамдарда сыртқы қабықшада бойлай орналасқан жазық бұлшықет жасушаларының шоғыры пайда болады. Көктамырлардың қабырғасында дамитын өзгерістер артериялардағы өзгерістерге ұқсас. Бірақ, көктамырлардың қабырғасында өзгерістер өмірдің бірінші жылында-ақ басталады. Адам туар алдында сан көктамыры мен аяқтың тері асты көктамырларының ортаңғы қабықшасында тек айналмалы орналасқан бұлшык ет жасушаларының шоғыры ғана болады. Аяғын басып, тұра бастаған (алғашқы жылдың соңына қарай) және дистальды гидростатикалық қысым жоғарылаған кезден бастап қана бойлай орналасқан бұлшықет жасушаларының шоғыры дамиды. Балаларға қарағанда (1:1), ересек адамдарда көктамырлардың диаметрі артериялардың қуысынан үлкен (2:1) болады.

қуысының кеңеюі
  • Көктамырлардың

  • олардың

қабырғасының төмендігіне,
серпімділігінің
ересектерде қан қысымының
жоғарылауына байланысты. 50—60 жасқа дейін тамырдың тамырлары орташа тарылған күйде болады, 65—
70 жастан кейін олардың қуыстары
ашылады. Егде жастағы адамдардың көптеген мүшелерінің лимфа тамырлары көп мөлшерде ұсак варикозды кеңеюлер және бұлтиып шығулардың болуымен сипатталады. 35 жастан асқан адамдарда ірі лимфа сабауларының және кеуделік өзектің қабырғасының ішкі қабықшасында коллаген талшықтарының саны
жоғарылайды. Бұл үдеріс 60—70
жасқа қарай едәуір артады. Осы
мезгілде онымен қатарласа бұлшық
ет жасушаларының және эластикалык талшықтардың саны азаяды.
Микроайналым арнасының тамырлары (Ю. И. Афанасьев
бойынша кесте): 1 — артерия; 2 — кектамыр; 3 —
артериолалар; 4 — қылтамырлар; 5 — венулалар; 6 —
артериоловенулярлық қосылыстар; 7 — лимфалық
қылтамыр; 8 — лимфа тамырлары. Жуан сызықтармен қан мен лимфаның ағу бағыты; жіңішке
сызықтармен — трансқылтамырлық алмасу бағыты көрсетілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет