Қойнау-жүрекше түйіні (nodus sinoatrialis, лат. nodus — түйін, sinus қойнау, atrium — жүрекше) — жүректің өткізгіш жүйесін құрауға қатысады. Ол жүректің оң құлақшасы мен алдыңғы (адамда жоғарғы) қуыс вена аралығындағы шекаралық сай тұсында орналасады. Қойнау-жүрекше түйіні жүректің өткізгіш кардиомиоциттерінен тұрады. Олардың цитоплазмасында миожіпшелер тым аз болады, ал диаметрі жиырылғыш кардиомиоциттердің диаметріне қарағанда 2-3 есе жуандау келеді. Қойнау-жүрекше түйінінің орталығында жүректің ырғақты (ритм) жиырылуына түрткі болып, оны іс жүзіне асыратын майда дөңгелекше келген түрткі жасушалар (пейсмекер жасушалар) орналасады Жүрекшелер миокардының жасушаларындағы, жүректің өткізгіш миоциттеріндегі (Пуркинье талшығы) және қарыншалар миокардының жасушаларындағы 1-ші фазаның табиғаты жүйке және қаңқа бұлшықет талшықтарындағы ӘП-ының пайда болу (үдемелі) фазасының табиғатымен бірдей. Бұл фаза натрийдің өтімділігінің артуымен анықталады, яғни жасушалы мембрананың жылдам натрий каналдарының белсенділігімен анықталады. ӘП-ң шыңы кезінде мембраналық потенциалдың таңбас өзгереді. Жүректің өткізуші жүйесінің жасушалары жеңіл ыдырайтын гликогенге бай, оларда анаэробты гликолиз өтеді, ал аэробты ферменттерінің активтігі төмен. Бұл жасушаларда калийдің деңгейі төмен, ал кальцийдің деңгейі жоғары(жұмысшы кардиомиоциттермен салыстырғанда). Миокардта афференттік және эфференттік нерв талшықтары көп, олардың қозуы жүрек соғуының ритмін өзгерте алады.
Жүректің өткізгіш жүйесінің кардиомиоциттері (П.П. Румянцев бойынша):
I — жүректің өткізгіш жүйесінің элементтерінің орналасу кестесі;
— синустық және жүрекше-қарынша
түйіндерінің кардиомиоциттері:
а — Р-жасушалар;
б — өтпелі жасушалар;