«Жүрек жылуы» тақырыбындағы психология апталығының бағдарламасы Маңыздылығы



бет1/3
Дата20.04.2023
өлшемі24,9 Kb.
#84938
түріБағдарламасы
  1   2   3

«Жүрек жылуы» тақырыбындағы психология апталығының бағдарламасы
Маңыздылығы: оқу жүктемесінің көптігі, ақпаратты меңгеруге деген уақыттың тапшылығы бала үшін психотравма болып, ұйқы мен тынығу, физикалық белсенділік уақытының аздығынан бала организміне стресстік әсер береді. Оқушылардың тәрбие мен білім алуының физикалық және психикалық жүйесін жетілдіру үшін баланың дұрыс қалыптасуына және үйлесімділікте дамуына ықпал ететін теориялық білімге негізделген және әдістемелік тұрғыдан тексерілген жаңа педагогикалық технологияларды дайындап іске асыру керек.
Өтілетін уақыты:20.12.2021-24.12.2021 жыл


Өтілетін орны: И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледж
Мақсаты:

  1. Білім беру мекемелерінде оқушылардың психологиялық саулығын сақтау және нығайту бойынша жағдай жасау;

  2. Оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық құзыреттілігін арттыру;

  3. Адамтанудың құрамдас бөлігі ретіндегі психологиялық ғылымның маңыздылығы туралы түсініктерді қалыптастыру;



Міндеті:
1. Оқушылардың«психология» ғылымы, оқушылардың психикалық денсаулығының маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту;
2. Табысқа жету мен қолдау сезімін қалыптастыру;
3. Оқушылардың өз өміріндегі, адамдардың өміріндегі психологияның рөлі мен орны туралы ойларын қалыптастыру және дамыту;
4. Мектеп оқушыларының бойында татулық сезімдерін қалыптастыру;


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың өз-өзіне деген сенімділігі, стреске қарсы тұруы артады;

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығаяды;

  • Оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық құзіреттілігі артады.



Бағдарлама жұмысының негізгі бағыттары:
1. Топтар арасында психологиялық қабырға газеттері мен коллаждар конкурсын өткізу
2. Суреттер конкурсы
3. Үзілістерде плакаттармен жұмыс жасау
4. Психология сабақтары
5. Әлеуметтік – психологиялық КТК
6. Психологиялық ойындар
7. Сынып сағаттары
8. Білімдік үдеріске қатысушыларды жеке және топпен диагностикалау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет