Ер адам 39 жаста, кенеттен есін жоғалтты, тонико-клоникалық ұстамалар пайда болды, тері жамылғылары бозғылт, ұйқы артериясында пульс жоқ, тыныс жоқ. Кардиомониторда – түзу сызық.
ЕҢ алғашқы кезектегі шұғыл көмек?
жүректің жабық массажы және ӨЖЖ 30:2 қатынасында
жүректің электрлік дефибрилляциясы
лидокаин 100 мг көктамырға физ. ерітіндіде
амиодарон 300 мг көктамырға физ. ерітіндіде
көктамырішілік инфузия 4% натрий бикарбонат ерітіндісі
Науқас 56 жаста қарау кезінде есін жоғалтты, тері жамылғыларында цианоз дамыды, тынысы жоқ және ұйқы артериясында пульс жоқ. Кардиомониторда: жиі тұрақсыз ретсіз әр түрлі амплитудалы және формалы толқындар.
ЕҢ алғашқы кезектегі шұғыл көмек?
электрлік дефибрилляция
ауыз қуысын тазалау
амиодарон енгізу
Сафардың үштік әдісі
өкпені жасанды желдету
Науқас 43 жаста. Шағымдары: жүрегінде 40 минуттан астам уақыт қысып ауыру сезімі, ентігу, өлім қорқыныш сезімі, кенет әлсіздік, тершеңдік алғаш рет ауыр психоэмоционалды күйзелістен кейін пайда болды. Жағдайы өте ауыр. Тері жабындылары бозарған, цианоз, суық, тер басқан. ЖСЖ– 22 рет мин. Жүрек тондарының кенет тұйықталуы, ырғақты, тахикардия. АҚ 100/70 мм сын.бағ. Пульс 120 рет мин, ырғақты, ЭКГ: синусты тахикардия 120 рет мин. III, avF әкетулерде Q терең, R тісшесінің ½ көп, кеңейген, ST сегментінің изолиниядан 4 мм жоғары көтерілуі.
Қандай препарат науқастың ауыру сезімін басу үшін ЕҢ тиімді болып табылады?
морфин
аналгин
кетонал
промедол
фентанил
Науқас 46 жаста. Физикалық жүктемеден кейін ұстама пайда болды. Әлсіздікке, қорқыныш сезіміне, жүрек тұсындағы қысып ауыру сезіміне шағымданды. Науқас бозарған, шошынған, күйгелектенген (ұстама пайда болғаннан соң 60-70 минут өтті). Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, ЖСЖ 22 рет мин. Жүрек тондары қатаң, ырғақты. Пульс 102 рет мин., ырғақты, аз толуы. АҚ 110/70 мм. сын. бағ. ЭКГ синусты тахикардия 102 рет мин. Қалыпты ЭОС. Әкетулерде Т теріс. I, II, AVL.
Жедел жәрдемді көрсетуде ЕҢ дұрысы: