Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары



бет3/6
Дата13.12.2022
өлшемі319,5 Kb.
#57024
1   2   3   4   5   6

Қан ауруы.

  • Жүктілік кезінде жиі анемия ауруын байқауға болады. Гемоглобин санының төмендеуін ағзадағы темірдің нәресте қажеттілігіне жұмсалуымен байланыстыруға болады. Анемия қабылданған ас құрамынан темірді қажетті түрде өндіру алмауына апарып соғатын дұрыс тамақтанбау, ас қорыту мүшелер жұмысының бұзылуы және басқа ауруларға байланысты пайда болады.
  • Тамақтанудың дұрыс тәртібі және емдеу әсерінен гемоглобин саны өседі. Жүкті әйелге жеміс пен көкөністер, бауыр, дәрумендер, темір препараттарын қабылдау ұсынылады.
  • Қатерлі қан аздық жүктілік кезінде тез өрбиді, сол себепті жүктілікті үзу көрсетілген.
  • Жүктілік л е й к о з ауруының ағымына кері әсер тигізеді, науқас жағдайы әдетте төмендейді, науқас соңы босану кезінде немесе босанудан кейін қан кетуден болған өліммен аяқталуы мүмкін. Лейкозды диагностикалау кезінде шешуші рольді қанды тексеру процесі атқарады.

Жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын жүкті, босанған әйелдерге көмекті көрсету.

  • Жүрек-қан тамыр ауруларымен ауырса да жүктілігін сақтап қалған әйел адам жүктілік мерзімінің барлық ағымында және босанғаннан кейін терапевтің, акушер-гинекологтың үнемі бақылауында болуы керек. Көрсеткіштер бойынша оны окулист, ревматолог және басқа дәрігерлер қарайды.
  • Жүрек ақаулары, гипертониялық және басқа да жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын жүкті әйелдер осы аурулардың асқынулары және акушерлік патология болмаса да үш реттік жоспарлы госпитализацияға алынады:
  • а) диагностикалық мақсатпен (жүктілікті сақтау сұрағын шешу үшін) жүктіліктің 12-аптасында терапиялық стационарға; жүктілікті үзу қажеттілігі туған жағдайда - білікті акушер- гинекологиялық стационарға;
  • б) алдын алу, қажет болған жағдайда емдеу мақсатында жүктіліктің 28-30 аптасында (жүрекке максималды гемодинамикалық күш түсу кезеңінде) - терапиялық стационарға;
  • в) босануға дайындау және босану жоспарын әзірлеу және жүргізу үшін босануға дейінгі 2-3 апта бұрын арнайы акушерлік стационарға.

Несеп шығару жолдарының аурулары.

  • Н е ф р и т - жүктіліктің маңызды асқынуларының бірі. Жіті нефрит жүктілік кезінде бұрындары ауырған баспа және басқа жұқпалы ауруларға байланысты туындауы мүмкін. Нефрит кезінде жүктіліктің өздігінен үзілуі жиірек кездеседі. Жіті және созылмалы нефрит кезінде де жүктілікті үзу көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет