25 Қазан - Республика күні «Менің Отаным - Қазақстан!»
Фанфар
Жүргізуші 1:
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
Жүргізуші 2:
Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
Жүргізуші 1:
Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар , бүгінгі біздің 25 қазан - Республика күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!
/Әнұран / Хор
Жүргізуші 2:
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің егемендік мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Жүргізуші 1:
1990 жылдан бастап қазанның 25 - сі – Республика күні. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды барлық әлем таниды. Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен жан - жақты карым – қатынас жасайды.
Жүргізуші 2:
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн!
Жанымызды жарылқайтын жарқын күн!
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.
Құттықтау сөз мектеп директоры Гүлнара Кенесқызына беріледі.
/марапат/
Жүргізуші 1:
Жарқырай түс, жайнай түс,
Республика күнінде.
Шаттық әуен байқалсын,
Қуанышты үніңде.
Мерекені тойлайық,
Қазағым боп біз бірге.
Бірлігіміз жарассын,
Ынтымақты елімде.
Арайлы атсын таңымыз,
Шуақ шашып, күн күліп.
Егеменді ел тойласын,
Мерекені бір жүріп.
Ән: Көк Тудың желбірегені- орындайтын
Жүргізуші 2:
Республика күні бұл,
Мерекесін тойлайық.
Күліп-ойнап қазағым,
Мерекеде жайнайық.
Жаса менің қазағым,
Көк туымыз желбіреп.
Патриоттық сезіммен,
Жүрегіміз елжіреп.
Жаса Қазақ, жаса деп,
Бірге шықсын үніміз.
Қазағым деп жазылар,
Таусылмасын жырымыз.
Би: «Көктем биі» «Мерей» би тобы
Жүргізуші 1:
Қазақстан – туған Отан алтын бақ,
Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан,
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария,
Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!
Ән: Хуатхан Жолбарыстың орындауында «Отаным қазақ Елі»
Жүргізуші 2:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.
Жиырма бесі қазанның оу қазағым,
Республика күні біздер тойлайтын.
Кұтты болсын мерекең келіп жеткен,
Қанмен бірге жанымызға бойлайтын
Би: Қазақ қыздар биі «Мерей» би тобы
Жүргізуші 1:
Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.
Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.
Қазақ аты танылсын,
Барлық әлем жұртына.
Таңдансын да таң қалсын,
Салт-дәстүрім, ғұрпыма.
Ән: «Мәңгілік Ел» Әпсәмет Кәусар
Жүргізуші 2:
Бұл күнде қазақ елі дамып жатыр,
Аты – жөнін жер әлем танып жатыр.
Халқының ілгерілеу қамын ойлап,
Ата заңды басшылыққа алып жатыр.
Орнасын жер әлемде тыныш заман.
Өмір сүрсін теңдікте барлық адам.
Зу етіп өте шығар бұл жалған да,
Аман жүрсін бар қауым тыныс алған.
Тыныштық болса дейміз жер бетінде,
Бейбітшілік, азаттық ел еркінде.
Желбіреп көк байрағы қазағымның,
Биік бола берсе екен ел көркіне.
Ән: Хор «Атамекен»
Жүргізуші 1:
25 қазан Республика күніне арналған «Менің Отаным Қазақстан!» кешімізді жабық деп жариялаймыз! Мерекелеріңіз құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Қош сау болыңыздар! / екі жүргізуші бірге айтады/
Достарыңызбен бөлісу: |