«базис» компаниясына



жүктеу 4.36 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата15.03.2017
өлшемі4.36 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

BAZIS

NEWS


№8-9

01/09


2016

«БАЗИС» КОМПАНИЯСЫНА

Наталья Владимировна Комкова,

 

«БАЗИС» Холдингтік компаниясы» ЖШС 

президенті

Құрметті  «БАЗИС»  компаниясының  қыз-

меткерлері мен ардагерлері! Компаниямыздың 

мерейтойына  орай  ең  жылы  да  шынайы  құт-

тықтауларымызды қабыл алыңыздар!

Сіздердің  көпшілігіңіз  қаншама  жылда-

рыңызды  біздің  «БАЗИС»  атты  үлкен  отба-

сымызда  өткіздіңіздер.  Сонау  кәсіпорнымыз 

құрылып  жатқан  жылдары  алдымызда  қан-

дай  күрделі  де  жауапты  міндеттер  тұрғанын, 

қандай  ауқымды  жобаларды  жүзеге  асыруы-

мызға  тура  келетінін,  бізге  артылған  міндет-

терді  орындау  үшін  әрқайсымыздың  қаншама 

күш-қайрат  талап  етілетінін  елестетудің  өзі 

қиын еді!

Біз тек құрылыспен ғана айналысамыз деп 

ойладық,  алайда,  біз  немен  айналыспадық, 

қандай қызмет түрлерімен шұғылдануды ойла-

стырмадық десеңізші. Мұның барлығы кәсіпо-

рынымызды сақтап қалу үшін жасалған бола-

тын! Оны барлықтарыңыз ұмытқан жоқсыздар. 

Нәтижесі міне: «БАЗИСке» – 25 жыл, «Біз бар-

лық  қиындықты  еңсердік,  мақсатымызға  қол 

жеткіздік!» деп мақтанышпен айта аламыз!

Бүкіл үлкен ұжымымыздың жанкешті еңбе-

гінің арқасында қалаларымызда тұрғын үйлер, 

мәдени және спорт нысандары, қазіргі заманғы 

сауда  кешендері  мен  іскерлік  орталықтары, 

көлік тораптары мен жолайырықтары салыну-

да. Осының барлығы миллиондаған қазақстан-

дық үшін мегаполистерімізді әдемі әрі жайлы 

етуде. 


Компаниямызға,  кәсіпке  деген  адалдықта-

рыңызға, еңбектеріңізге рахмет!

Мықты  денсаулық,  табыс,  отбасы  жылуы 

мен жайлылығын, тұрақтылық, оптимизм мен 

жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

Павел Александрович Белович

 

«БАЗИС» Холдингтік компаниясы» ЖШС 



(Алматы) бірінші Вице-президенті 

Құрылыс  –  бұл  жер  бетіндегі  ғасырларға 

қалатын  ең  жасампаз  еңбек!  Адамзат  та-

рихын, белгілі бір мәдениеттің даму тарихын 

дәл осыған қарап тануға болады. 

Көптеген  көне  ғимараттар  -    египет  пи-

рамидаларын,  көне  грекия  храмдарын,  рим 

Колизейін  көреміз  –  осы  архитектуралық 

жәдігерлердің  барлығы  бір  кездері  біз  бен 

сіз  секілді  құрылысшылардың  қолымен  са-

лынған. 

Осы  құрылыстарға  қарап  отырып  түрлі 

халықтардың, елдер мен дәуірлердің тарихын 

біле аламыз. Құрылысшы салатын ғимараттар 

ғасырларға қалады. 

Құрылысшының бейнеті ауыр және жауап-

ты,  алайда,  ол  –  өміршең.  Сондықтан,  біздің 

әрбір құрылысшымыз қазірдің өзінде тарихқа 

енді. 

Барлықтарыңызды қос мереке – құрылыс-



шылар  Күні  мен  компаниямыздың  25  жыл-

дығымен  құттықтаймын!  «БАЗИСтің»  әрбір 

қызметкеріне мықты денсаулық, күш-қуат, от-

басы бақытын және табыс тілеймін! 

Компаниямыздың  гүлденуін,  жаңа,  әдемі 

де  бірегей  нысандарды  көптеп  салуымызды, 

біз  салған  ғимараттарда  өмір  сүріп,  еңбек 

ететін адамдардың көбірек қуануын тілеймін. 

Мерекелеріңізбен, құрметті достар! 

«БАЗИС» ХолдИнгтік компАнИяСы» 

ЖШС дИректорлАр кеңеСінің 

төрАғАСы:



ҚұрМетті әріПтеСтер! 

Бізге  25  жыл  толып  отыр.  осы  жылдар  ішінде  біз  компанияның  дүниеге  келу,  қалыптасу 

және гүлдену кезеңдерінен өттік. Қазір біз «Бұл жылдарды босқа өткізген жоқпыз» деп айта 

алатын уақытқа келдік. Үлкен ұжымымыздың жетістіктерінен Қазақстан ғана емес, әлемнің 

көптеген  елдері  де  хабардар.  осы  жылдар  ішінде  қаншама  нысан  салдық.  оларда  қазір 

отандастарымыз өмір сүріп, еңбек етіп жатыр.

 

Біз еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз, жұмысымызбен мақтанамыз және бізбен бірге бүкіл 



ел  де  мақтан  етеді.  егер  де  «БАЗИСте»  еңбек  етіп  жүрген  біліктілерден  тұратын  команда 

болмағанда мұндай толайым табыстарға қол жеткізе алмас едік. осы уақыт ішінде көптеген 

жұмысшы, инженерлік-техникалық мамандар буыны ауысты. 

Сонымен  қатар,  ұжымымызда  компанияның  құрылған  алғашқы  күнінен  бері  жұмыс  істеп 

жүрген  адамдар  да  бар.  Біразы  зейнеткерлікке  шықты,  енді  бірі  жұмысын  жалғастырып, 

тәжірибесін  жас  ұрпаққа  үйретуде.  «БАЗИС»  компаниясында  еңбек  ететін  әр  жаңа  буын 

біліктілігі мен техникалық жағынан алдыңғыларынан мықтырақ екендігін мойындау керек. 

мұны  құрылыс  технолоияларының  өзгеруімен,  жұмысшылардың  біліктілігінің  артуымен 

түсіндіруге болады. Жыл өткен сайын біз салатын ғимараттардың да күрделі әрі ауқымды 

болып  бара  жатқанын  тәжірибе  байқатып  отыр.  Бүгінгі  күні  әлемнің  кез-келген  елінде 

күрделілігі жөнінен кез-келген міндетті орындай аламыз. 

Мүмкіндікті пайдалана отырып, «БАЗИС» компаниялар тобы ұжымына қажырлы еңбегі 

үшін  алғыс  айтқым  келеді.  Қымбатты  әріптестер,  сіздерге  шығармашылық  табыс, 

отбасы бақытын, мықты денсаулық, гүлдену мен молшылық тілеймін!

Сейітжапар Мұхамедәлиұлы Әлімжанов,

 

«БАЗИС» құрылыс компаниясы» ЖШС 

директорлар кеңесінің төрағасы (Астана)

Құрметті  әріптестер!  Компаниямыздың  25 

жылдығы  мен  кәсіби  мереке  –  Құрылысшылар 

Күні  құрметіне  ең  жылы  да  жүрекжарды  құт-

тықтауларымды қабыл алыңыздар! 

Бүгінде бұл сала ең жасампаз, ардақты және 

Жер  планетасы  адамдарының  сұранысына  ие. 

Біліктілік,  жоғары  жауапкершілік,  жаңа  өзгеше 

шешімдер, жобалаушылардың, зерттеушілер мен 

құрылысшылардың күнделікті табанды еңбегінің 

арқасында ең ірі ауқымды жобалар жүзеге асуда. 

Түгесілмес  күш-жігер,  оптимизм  мен  табыс 

қашанда серігіңіз болсын, ал, барлық ойға алған-

дарыңыз іске ассын. Сізге және жақындарыңызға 

мықты денсаулық, бақыт, махаббат пен үлкен та-

быстар тілеймін! 

Құрылыс  саласының  ардагерлеріне  ерекше 

алғысымды білдіремін.

25 ЖылдыҚпен ҚҰттыҚтАулАр

қуттықтаЙМыЗ

3

2

BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016



МерейтойғА ЖАңА ЖАуХАрлАр 

«БАЗИС»  компаниясының  мерейтойлық 

жылы барлық қазақстандықтар үшін ұлық мере-

ке  –  Қазақстан  тәуелсіздігінің  25  жылдығымен 

тұспа-тұс  келді!  Сондықтан,  компаниямыздың 

қызметкерлері  үшін  бірқатар  мемлекеттік  жоба-

лардың құрылысын дәл осы еліміз бен компани-

ямыздың  мерейтойы  жылы  аяқтап,  пайдалануға 

беріп  отырғанымыз  үлкен  мәртебе!  Атап  айтар 

болсақ,  олар  –  Универсиаданың  басты  нысаны 

- 12 000 орындық Мұзды арена, ЕХРО 2017 ха-

лықаралық  көрмесінің  павильондары,  ЕХРО 

қатысушыларына  арналған  тұрғын  аудан,  Қазақ 

Ұлттық  хореография  Академиясы,  Алматыдағы 

үш  деңгейлі  автомобиль  жолайырығы,  «Қорғас-

Шығыс  қақпалары»  ЕЭА  аумағындағы  құрғақ 

порт, Жезқазған-Сексеуілді темір жол тармағын-

да  салынып  жатқан  инфрақұрылым  нысандары. 

Мемлекеттік нысандармен қатар, Астана мен Ал-

матының жайлы тұрғын үй кешендерінде жүзде-

ген мың шаршы метр баспана салынып, пайдала-

нуға берілуде. 



ІС ЖүЗІНде дӘлелдеНгеН: КАдрлАр 

БАрлығыН ШеШедІ 

Нарықтағы  құрылыс  компанияларының  та-

быстылығы  бірінші  кезекте  өмірін  құрылысқа 

арнаған  білікті  мамандарға  байланысты.  25 

жыл  ішінде  «БАЗИС»  компаниясынан  бүгінде 

құрылыстың  түрлі  салаларында  еңбек  етіп  жүр-

ген  мамандардың  бірнеше  буыны  өсіп  шықты. 

«БАЗИС»  компаниясы  еліміздің  ең  үздік  кәсі-

би    мектебі  екендігін  құрылысшылардың  өздері 

мойындайды. Бүгінде «БАЗИС» - нағыз кадрлар 

ұстаханасы. Компанияда 60-тан астам мамандық 

өкілі қатар еңбек етуде. Жыл сайын бізге құрылыс 

колледждері мен жоғарғы оқу орындарының сту-

денттері  тәжірибеден  өтуге  келеді,  үздік  маман-

дарымыздың  тәжірибесінен  үйренеді,  алдыңғы 

қатарлы  технологияларды  меңгеріп,  «БАЗИСте» 

жұмыс  істеуге  қуана  қалып  жатады.  Компания 

басшылығы  қызметкерлеріміздің  мансап  жо-

лымен  өсуіне  қашанда  бар  жағдайды  жасайды. 

Кез-келген  адам  қарапайым  жұмысшы  лауазы-

мына  келіп,  өзінің  біліктілігін  дәлелдеп,  мансап 

сатысымен  көтеріле  алады  –  бригадир,  участок 

бастығы, ҚМБ директоры, нысан басшысы бола 

алады. «БАЗИС» компаниясының кез-келген қы-

зметкерінің өзінің біліктілігін шыңдап, біліктілігі 

деңгейін жоғарылатып, өндірістен қол үзбей білім 

алуына  мүмкіндігі  бар.  Тұрақтылық,  тамаша 

ұжым, әлеуметтік қорғалу мен ертеңгі күнге деген 

сенім қызметкерлердің өз жұмысына толығымен 

берілуіне,  мамандығын  мақтан  тұтуына  және 

«БАЗИС»  компаниясындағы  жұмысын  бағалай 

білуіне мүмкіндік береді.  



BN-нен

Бүгінгі «БАЗИС» компаниясы – бұл өз ісінің 

шеберлерінің  үлкен,  ынтымақты  ұжымы.  Олар-

дың біразына компания екінші үйіне, ал, әріпте-

стері – ең жақын достары мен сенімді серіктеріне 

айналған. Біздің командамыз қалалардың келбетін 

түрлендіруде,  жайлылық  сыйлайды,  қоғамға  ға-

сырлар  бойы  қызмет  ететін  бірегей  ғимараттар 

тарту етеді. Біз елімізді бірге салып жатырмыз, біз 

болашақты  салып  жатырмыз  деп  мақтанышпен 

айта аламыз! 

елдІ БІрге САлыП ЖАтырМыЗ!

«БАЗИС» – құрылыС НАрығыНдАғы 

КөШБАСШы 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясының  негізі 

1991-ші жылы қаланды, тәуелсіз Қазақстанның 

құрдасы.  «БАЗИС»  компаниясының  алғашқы 

жобаларының  өзі-ақ  құрылысшылар  команда-

сының қазақстандықтардың сеніміне ие болып, 

өзін тұрғын үй мен коммерциялық жылжымай-

тын  мүлік  нарығында  танытуына  мүмкіндік 

берді.  

90-шы жылдардың ортасында елімізде ком-

мерциялық жылжымайтын мүлікке деген сұра-

ныс  пайда  болды.  Адамдар  өзгеше  жоспарлық 

шешімдер мен тартымды архитектуралық жоба-

ларға қызығушылық таныта бастады. Үй салуда 

жаңа технологиялар пайда бола бастады. 

«БАЗИС» 


компаниясы 

Қазақстанда 

алғашқылардың бірі болып монолитті құрылыс 

технологиясын  меңгерді.  Компания  үйді  темір 

бетоннан алғаш 1997-ші жылы Алматыда 8-ші 

наурыз    көшесінде  салды.  (Айтпақшы,  Ресей 

Федерациясы  бұл  технологияны  тек  1998-ші 

жылы  ғана  енгізе  бастады).  Алдыңғы  қатарлы 

технологиялар  бойынша  салынған,  жоспарлы 

шешімдері өзгеше жаңа, қазіргі заманғы үйлер-

дегі кең пәтерлердің алматылықтардың көңілі-

нен  шыққанын  ұғынған  компания  монолитті 

тұрғын  үй  құрылысында  шыңдала  бастады  да 

нарыққа жаңа форматтағы тұрғын үйдің алуан 

түрін ұсынды. 

Монолитті  құрылыс  дәуірі  Қазақстанның 

қалаларының  архитектуралық  келбетін  өзгер-

туге мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы кешендер 

мен кеңселерде өмір сүріп, еңбек еткісі келетін 

адамдардың  қатары  көбейе  түсті.  Құрылыс 

материалдарын  өндіретін  компаниялар  өнім-

дерінің түрлерін арттыра бастады. Жаңа серпін 

пайда болды, архитекторларға үлкен мүмкіндік-

тер ашылды. Олар қалыптан тыс жобалар жасай 

отырып өздерін танытты. 

Осылайша,  «БАЗИС»  құрылыс  компания-

сының базасында 1991-ші жылы жеке жобалау 

институты құрылды. Бүгінгі күні «Базис» ЖИ – 

Қазақстандағы ең ірі жобалау институты. Онда 

қазір көптеген біліктілігі жоғары маман жұмыс 

істейді. 

ЖАңА АСтАНА – ЖАңА МүМКІНдІКтер 

1994-ші жылы Қазақстан астанасын ауысты-

ру туралы шешім қабылданды. 1997-ші жылы ел 

ордасы  ресми  түрде  Астанаға  көшірілді.  Жаңа 

астанадағы  министрліктер  мен  ведомстволарға 

арналған жаңа тұрғын үй ғимараттары, мемле-

кеттік мекемелер, кеңсе жайларын салуға деген 

қажеттілік осылай пайда болды. «БАЗИС» ком-

паниясының  жаңа  буынның  күрделі  монолитті 

ғимараттарын  жобалау  мен  салуда  тәжірибесі 

үлкен болғандықтан бізге Астанадағы мемлекет 

үшін  маңызды  бірқатар  нысанды  салу  тапсы-

рылды. Құрылысшыларымыз жұмысқа құлшы-

на кірісті. «БАЗИС» компаниясы салған тұңғыш 

ірі әкімшілік ғимараты – қаржы Министрлігінің 

ғимараты. Ол 1998-1999-ші жылдар аралығын-

да  монолитті  темір  бетоннан  қазіргі  заманғы 

стандарттар  бойынша  салынды.  Қаржы  Мини-

стрлігі  құрылысы  барысында  осыдан  17  жыл 

бұрын енгізілген инновациялық технологиялар 

әлі  күнге  дейін  қолданылады,  ал,  ғимараттың 

қондырғысы  өзінің  маңыздылығын  жоймай 

кінәратсыз жұмыс істеп тұр. 

елІМІЗдІң Бет-БейНеСІНе АйНАлғАН 

АрХИтеКтурА

Мұнан  соң  компания  еліміздің  бет-бейнесіне 

айналған бұдан да күрделі және маңызды нысандар-

дың құрылысын жалғастырды. Әлемге танымал ғи-

мараттар ретінде TRANSPORT TOWER, әкімшілік 

және  тұрғын  үй  ғимараттары  бар  Дөңгелек  алаң 

бірегей  архитектуралық  композициясы,  «Астана 

салтанаты» тұрғын үй кешені, Hi-tech стилімен са-

лынып, архитекторлар одағының Халықаралық қа-

уымдастығының  сыйлығын  жеңіп  алған  батыл  да 

ерекше жоба - «Солтүстік шұғыласы», ТМД елдері 

архитекторлар  одағының  Халықаралық  қауымда-

стығының  І  дәрежелі  дипломымен  марапатталған 

«Сулы жасыл желек» әкімшілік-тұрғын үй кешені, 

конструкциялық шешімдерінің күрделілігі жөнінен 

баламасы жоқ, Қазақстандағы ең биік нысан болып 

саналатын «Зүбаржат квартал» әкімшілік орталығы, 

Қазақстанның архитектуралық құндылығы деп та-

нылып,  архитектура  саласындағы  «Хрустальный 

Дедал» ресейлік ұлттық сыйлығының Гран-приіне 

ие  болған  оқушылар  шығармашылығы  Сарайы, 

BREEAM  стандарты  бойынша  сертификаттаудан 

өтіп, «жасыл» ғимарат мәртебесін алған Қазақстан-

дағы тұңғыш коммерциялық жылжымайтын мүлік 

- Q бизнес-орталығын атауға болады.

Осынау көрнекті нысандармен қатар «БАЗИС» 

қазақстандықтардың  көңілінен  шықан,  архитекту-

расы айырықша және техникалық шешімдері күр-

делі қазіргі заманғы, жайлы баспана, білім беру, мә-

дениет және спорт нысандарының үлгісіне айналған 

тұрғын  үй  кешендерінің  құрылысын,  авто  және 

темір жолдар, көпірлер, эстакадалар, жолайырықта-

ры құрылысын жалғастырды, бүкіл Қазақстан үшін 

стратегиялық  маңызды  көптеген  инфрақұрылым 

нысандарын салды. 

Биыл «БАЗИС» компаниялар тобы өзінің 25 жылдық мерейтойын тойлайды. Осы уақыт ішінде компания өзін еліміздің 

құрылыс нарығында әлеуетті, инновациялық, қазіргі заманғы құрылыс нысандарын салатын әлеуметтік бағыт ұстанған 

ұйым ретінде танытты. Бүгінде «БАЗИС» компаниялар тобы – 8 мыңға жуық қызметкер және мердігер ұйымдардан 4-5 

мың адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған көркею үстіндегі кәсіпорын. Компания 8 миллион шаршы ме-

трден астам түрлі мақсаттағы ғимараттар салды, бүкіл Қазақстан бойынша көптеген авто және темір жолдар төседі. 

раушан Бижкенова



«БАЗИС» Холдингтік компаниясы» ЖШС 

(Астана) Вице-Президенті

Қымбатты әріптестер! Біздің үлкен және ын-

тымақты  ұжымымымызды  мерейтоймен  –  ең 

табысты,  танымал,  брендтік  компаниялардың 

бірінің құрылуының 25 жылдығымен шын жүрек-

тен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл құр мақтау 

емес. Соңымызға қарайтын болсақ, «БАЗИСтің» 

күрт  континентальді  климаттан  соңғы  жылдар-

дағы күрделі экономикалық ахуалға дейінгі түрлі 

жағдайларға бейімделген үлкен қызметкерлер ар-

миясының күнделікті тынымсыз еңбегін көреміз. 

Компаниямыз  еш  нәрсеге  қарамастан  қиын  аху-

алдарға  төтеп  беріп  қана  қоймай,  сонымен  бір-

ге,  кәсіби  тұрғыда  өсіп,  шынығып,  посткеңестік 

кеңістіктегі географиясын кеңейтіп келеді. 

Компаниямызға өркендеу, кәсіби тұрғыда өсу, 

қазір қосымша игеріп жатқан салаларда жаңа биік-

тіктерді  бағындыруды  тілеймін.  Әріптестеріме 

денсаулық,  отбасы  бақытын,  Отанымыздың  гүл-

денуі  жолында  атқарып  жүрген  жұмыстарына 

табыс тілеймін. Қажымас еңбегі мен ұжымға де-

ген қамқорлығы, компаниямызды құрғаны, оның 

біліктілігі, командада жұмыс істеуге берген мүм-

кіндігі  үшін  «БАЗИС»  Холдингтік  компаниясы» 

ЖШС  директорлар  кеңесінің  Төрағасы  Белович 

Александр Якубовичке арнайы алғыс айтқым ке-

леді. «БАЗИС» – бұл жас мемлекетіміздің, жаңа 

астанамыздың,  Астананың  сол  жағалауының  та-

рихының  жаңа  бренді.  Мұнда  компаниямыздың 

күшімен ортақ Отанымыз – Қазақстанды әлемге 

танытқан  көптеген  бірегей  нысандар  тұрғызыл-

ды.  Барлығыңызды  мерейтоймен  және  кәсіби 

мереке  –  құрылысшылар  Күнімен  тағы  да  құт-

тықтаймын!



Жеңіс Нұрбосынұлы Нұғыманов,

 

«БАЗИС» құрылыс компаниясының 

Президенті (Алматы)

Барлық құрылысшылар мен әріптестерімді 

құрылысшылар  Күнімен  шын  жүректен  құт-

тықтаймын! 

Біздің  саламыздың  жұмыскерлерінің  ең-

бегі  еліміз  бен  туған  өлкеміздің  әл-ауқатын 

арттыратын  бірден  бір  негіз  деп  орынды  ай-

тылады. Миллиондаған адамның өмірінің са-

пасы соның нәтижесіне тәуелді. Біз бірге са-

лып  жатқан  нысандар  еліміздің  бет-бейнесін 

қалыптастырады  және  қуатты  даму  серпінін 

береді!


Біз халықтың сапалы баспана алуына сеп-

тесеміз!  Құрметті  құрылысшылар,  осымен 

25  жыл  «БАЗИС»  компаниясы  сіздердің  қол-

дарыңызбен жаңа тұрғын үй кешендерін, өн-

дірістік  қуаттарды,  қалалар  мен  ел  аймақта-

рының инфрақұрылым нысандарын салуда!

Сіздер  салған  ғимараттардың  барлығы 

Отан  игілігі  үшін  ғасырлар  бойы  сақталып, 

тұрғындардың мақтанышына айналуын тілей-

мін!  Қымбатты  құрылысшылар,  сіздерге 

мықты денсаулық, қажыр-қайрат, жаңа кәсіби 

биіктерді  бағындыруды,  бақыт,  махаббат  пен 

амандық тілеймін! 

Сондай-ақ, «БАЗИС» компаниясын 25 жыл-

дық мерейтойымен құттықтаймын! Бұл – біз өт-

кен тағы бір меже. Көркею, үлкен жұмыс көлем-

дері мен тапсырыстар тілеймін.

25 ЖылдыҚпен ҚҰттыҚтАулАр

қуттықтаЙМыЗ

5

BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016



4

«қАЗАқСтАННың құрМеттІ құрылыСШыСы»

Швагор Сергей Антонович

«12 000 орындық Мұзды арена» құрылыс 

нысанының басқарушы директоры, Алматы 

Қазақ  политехникалық  институтын  ин-

женер-құрылысшы  мамандығы  бойынша 

бітірген.  Еңбек  жолын  1980-ші  жылы  Ал-

матыпромстрой трестінің №24 ҚМБ шебері 

болып  бастады.  «БАЗИС»  компаниясында 

1997-ші жылдан еңбек етеді. Сергей Антоно-

вич «Шахристан», «Ренессанс», «Мирный», 

«Алмалы» сауда-ойынсауық орталығы, «Сто-

личный центр», «Променад» СОО, «Шуақты 

алқап» тұрғын үй кешендерінің құрылысына 

белсене қатысты. Биыл Швагор С.А. Универ-

сиаданың басты нысаны - «12 000 орындық 

Мұзды аренаны» пайдалануға береді.

Еңбек  еткен  жылдары  Сергей  Антонович 

өзін жоғары білікті, сауатты маман, күрделі 

басқарушылық  шешімдер  қабылдап,  алға 

қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізе  алатын 

жауапты  басшы  ретінде  танытты.  Жоғары 

деңгейдегі еңбек тәртібін ұстанады. Жоғары 

білікті білім мен тәжірибеге ие. 

Ю-Бо-джан Антонина Фуновна, 

«Базис» Жобалау институты» ЖШС сумен 

қамтамасыз ету және кәріз инженерлік 

бөлімінің бастығы

Алматы  құрылыс  техникумын,  1990-шы 

жылы  –  Алматы  архитектура-құрылыс  ин-

ститутын  «Сумен  қамтамасыз  ету  және 

кәріз» мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Алмаатагипрогор», ПСК «АДК» секілді ірі 

жобалау  мекемелерінде  еңбек  етті,  қызмет 

баспалдағымен  бөлімнің  бас  маманы,  кейін 

бөлім бастығы қызметіне жоғарылады. 

«Базис»  жобалау  институтында»  Антони-

на Фуновна оның құрылған күнінен жұмыс 

істейді,  бастапқыда  бас  маман  қызметін 

атқарды, ал, 2007-ші жылдан – сумен қамта-

масыз ету және кәріз бөлімінің бастығы қы-

зметінде.

Ю-Бо-Джан  А.Ф.  белсене  қатысуымен  ком-

панияның барлық дерлік нысаны жобаланды 

және салынды. 

Ю-Бо-Джан А.Ф. жобалау ісіндегі көп жыл-

дық тәжірибесі Қазақстан Республикасының 

құрылысына  үлкен  үлес  қосуда.  Сонымен 

бірге,  Антонина  Фуновна  білгенін  бөлісіп, 

жинаған  тәжірибесін  жас  буынға  үйретуде. 

Еңбек ұжымында аса сыйлы. 



Зайцева татьяна Федоровна, 

«Базис» Жобалау институты» ЖШС бас 

жоспары бөлімінің бас маманы 

Өскемен  құрылыс-жол  институтын  «Өнер-

кәсіптік  және  азаматтық  құрылыс»  маман-

дығы бойынша бітірген.

 

  «Каздорпроект»,  «Алматы  арнайы 



жобалау-зерттеу  институты»  секілді  ірі  жо-

балау  мекемелерінде  бас  жоспар  бөлімінің 

маманы  болды,  қызмет  баспалдағымен 

бөлімнің бас маманы лауазымына дейін кө-

терілді.

«Базис» Жобалау институты» ЖШС Татьяна 

Федоровна  2003-інші  жылдан  архитектура 

бөлімінің бас маманы қызметін атқарып ке-

леді. 

Зайцева  Т.Ф.  қатысуымен  «Зүбаржат  квар-



тал»,  «Нұрлы  Тау»,  «Алмалы»  жерасты 

көпфукнционалды  қоғамдық  орталығы», 

«Оқушылар  шығармашылығы  Сарайы», 

«Қазақстан  тарихы  музейі»  нысандары  жо-

баланып, салынды. 

Зайцева Т.Ф. мұқият орындаушылық, кәсіби 

біліктілік,  алдына  қойылған  мақсатқа  қол 

жеткізудегі  табандылық,  өзіне  және  қола-

стындағыларға  деген  талапшылық  секілді 

қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұған қоса, Та-

тьяна  Федоровна  білімін  бөліседі,  жинаған 

тәжірибесін жас буынға үйретуде. 



Плотникова Валентина Михайловна, 

бригадир, 5-ші дәрежелі құрылыс 

сырлаушысы – «БАЗИС – А» 

Корпорациясы» ЖШС 

Еңбек жолын Валентина Михайловна 1968-

ші  жылы  Алматы  қ.  №32  ҚМБ  сырлаушы 

тағылымгер ретінде бастаған. Еңбекшіқазақ 

ауданындағы  Есік  қ.  ДСУ-13-те  көп  жыл 

жұмыс  істеді.  2007-ші  жылдан  оның  еңбек 

жолы  «БАЗИС»  компаниясында  5-ші  дәре-

желі  сырлаушылар  бригадирі  қызметінде 

жалғасты, қазір әрлеу жұмыстары жөніндегі 

№2 ҚМБ   бригадирі.  

Плотникова В.М., басқаратын бригада Алма-

ты, Ақтау, Астана қалаларындағы  «Столич-

ный центр», «Фантазия», «Овация», «Звезда 

Востока», «Новый мир», «Ботаникалық бақ», 

«Раушангүл  алқабы»,  «Достық»,  MEGA 

TOWER ALMATY, «Талисман», «Рапсодия», 

«29  орам»,  Әскери-клиникалық  госпиталь,  

ҚТЖ  «Пенжим  ст.»,  «Тасқарасу-Алтынкөл 

ст.», Назарбаев Зияткерлік мектебі нысанда-

ры құрылысына белсене қатысты. Қазір Ва-

лентина Михайловнаның бригадасы 2017-ші 

жылы  өтетін  Универсиада  нысаны  -  Алма-

ты қаласының Алатау ауданындағы «12 000 

орындық Мұзды аренада» еңбек етуде.    

Плотникова  Валентина  Михайловна  өзіне 

де, өзгелерге де талап қоя білетін қызметкер, 

ұжымдағы  еңбек  тәртібінің  деңгейін  жоға-

ры  ұстайды.  Өзінің  қызметтік  міндеттеме-

лерін  өте  кәсіби  және  сауатты  орындайды. 

Ұжымда үлкен абыройға ие.





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет