Жүргізуші мұғалім: -Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге рахмет!»



бет2/3
Дата31.01.2023
өлшемі21,01 Kb.
#64066
1   2   3
Байланысты:
Хадирова

-Ханзада мен Ханшайым: Қош келдіңіз , Әліппе!
Жүргізуші:Әліппе,біздің балалар,сізге ризашылығын,рахметін айтқысы келеді.
(Балалар тақпақтарын айтады)
Нұрислам:
Бірінші беттен елімнің 
Елтаңбасын таныдым. 
Көк байрақты қазақтын 
Ұрпағымын,сәнімін. 
Жазира:
Ең алғаш алғанымда Әліппені 
Қызығып қарай бердім әріптерді. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді 
Ұстазым оның кілтін алып берді. 
Амир:
Енді біз жаза білеміз 
Әріпті қосып,әріпке. 
Риза боп саған жүреміз 
Сүйікті біздің Әліппе. 
Әліппеге мың алғыс әні (1 сынып)
Әліппе: Барлық әріп бағалы 
Сөзге тірек болады. 
Жетелеймін білімге 
Мені сүйген баланы. 
- Балалар,мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім. Өзімнен бастау алатын,өздеріне даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім. 

Ана тілі (Назым):
Сәлеметсіздер ме балалар!
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

  • Көңілді дауыстарыңды естіп келдім.Бұл балалар не үйреніп, не білді екен деп, ойланып та келдім.Ал, балалар білімге кезек беріндер. 


Әліппе: төрт ай не оқып не үйренгендеріңді ортаға салыңдар. 
Тапсырмалар
(Оқушылар әр тапсырманы орындаған сайын, ханзада мен ханшайым жемістерді ағаштарға іліп отырады)
Жүргізуші мұғалім:

  1. Әріптерді атау. Дауысты дауыссызға ажырату.
    2. Сөздерді оқу , буынға бөлу.
    3. Өрнектердің мәнін табу. 


Ана тілінің сұрақтары: ал қанекей балалар, менің де сендерге бірнеше сұрақтарым бар:

  1. Ал, балалар алғашқы әліппені жазған кім?( Ахмет Байтұрсынов)

  2. Ең алғаш қазақ даласына мектеп ашып, балаларды оқуға шақырған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

  3. Жақсы, балалар, Абай ата туралы не білеміз?
    (Абай қазақ халқының ұлы ақыны)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет