Жүргізуші мұғалім: -Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге рахмет!»



бет1/3
Дата31.01.2023
өлшемі21,01 Kb.
#64066
  1   2   3
Байланысты:
Хадирова


«Әліппеге рахмет!» әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге рахмет!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше,кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! (Ортаға бүлдіршіндер шығады.)
Сонымен «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!
-Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шетіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағаштарының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағаштарына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?
Ханзада (Алинур): Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағаштары тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?
Ханшайым (Фатима): Ханзада,мұның да бір себебі болар-ау!
Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?
Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.
Cиқыршы қыз: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік есінің бәрі ұйқыда
Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен оған көмектесші.
Сиқыршы қыз (Тамила): ормандағы тіршілік иелерін оятады. (Сахнада жайлы әуен ойналады.

Ортаға Әліппе «Әліппе» әнімен шығады)
Әліппе (Назира)
Армысыздар,жас достар!
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп.не білдік.
Қане.ортаға салайық!
-Амансыздар ма. Ханзада мен Ханшайым!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет