Ана тілі , бұл балалардың біліміне куә болдыңыз, енді өнерлерін де тамашалайық.
Ханшайым: Бұл балалар ән салып би билегенді де ұнатады.
Олай болса , бәріміз көңілді әуенмен Қыздардың орындауында әдемі биді тамашалайық. (Қыздар би орындайды)
Әліппе: Оқушылар, мен сендерді ана тілімен таныстырдым. Білімдеріңе куә болдым. Рұқсат болса, мен енді кетейін.
Ханзада: Тоқтай тұр, Әліппе! Өзіңе арналған ән жырды тыңдай кет.
Амир: Білімге жолды бастаған
Әліппем саған,мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс !
Барлығы: Әліппем саған, мың алғыс
Нұрислам: Қош бол,құтты «Әліппе»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Жазира: Қош бол құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестін сен.
Аяулы анам болып сен
Айыбынды кештің сен.
Барлығы: Қош бол,құтты «Әліппем»! Ән:
Әліппе: Әр сөзімді жаттаған,
Балалар үшін мақтанам.
Рахмет айтып, шаттанам,
Риза болып аттанам.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар!
Барлығы: «Қош бол, Әліппе»!
Ана тілі: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аласың
Ана тілін ардақты
Ақ сүтіндей ананың - (тілегін айтып балаларға «Ана тілі» оқулығын таратады.) Ханзада мен Ханшайым сөзі:
Қандай тамаша ! Балалардың білімдерінің ,өнерлерінің арқасында біздің бақшамыз гүлденіп шыға келді. Көп рахмет сендерге!
Мұғалім: Балалар,сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп оқуларыңа ата -аналардың,әжелердің қосқан үлесі көп. Кәне бәріміз бірге рахмет айтайық.
Барлығы: Аналарға мың алғыс!
Мұғалім: Құттықтау сөз мектеп директоры міндетін атқарушы Шрипов Айбек Қайырбекұлына беріледі. (оқушыларға грамоталар табысталады.) Келесі құттықтау сөз Ата аналарға беріледі.
Мұғалімнің тілегі:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын, дей отырып барлық қатысқан оқушыларға осындай кішкентай сыйлықтарымды табыстауға рұқсат етіңіздер.
Осымен бүгінгі өткен «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!