Жүргізуші Нұрболсын: Құтты болсын мереке баршамызға, Жүріңіздер үнемі сіздер, алда! -дей келе барша ұстаздар қауымын, қазан «Ұстаздар күні»



Дата02.12.2023
өлшемі23,01 Kb.
#132308
Байланысты:
Сценарий «Ұстаз — ұлы тұлға»



«Ұстаз — ұлы тұлға»
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс - шара

  1. Сахна безендірілген түрлі түсті шарлар. LED экранда ұстаздарға арналған құттықтау видео көрсітіледі.

1 жүргізуші Нұрболсын:
Құтты болсын мереке баршамызға,
Жүріңіздер үнемі сіздер, алда! -дей келе барша ұстаздар қауымын, 5 қазан - «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз. Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз.


2 жүргізуші Ақ Маржан: Нұрболсын, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.


3 жүргізуші Санжар: Ұстаз - ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақын да бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған.

4 жүргізуші Мерей: Олай болса бүгінгі «Ұстаз — ұлы тұлға» атты мерекелік жиынымыздың құттықтау сөзі №1 АҚМГПК колледжінің директоры Мендгазиева Магишат Таскалиевнаға беріледі.


1 жүргізуші Нұрболсын:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2 жүргізуші Ақ Маржан: Ортада Мерей мен Меруерт қыздарыңыздың орындауында «Жақсы адамдарым» әні.
1 жүргізуші Нұрболсын: Олай болса кешіміз одан әрмен жалғасады!


3 жүргізуші Санжар: Нұрболсын, байқайсың ба? Кейде мұғалім жұмысы қарбалас, бітпейтін құжат, мол жауапкершілік.


1 жүргізуші Нұрболсын : Иә, Санжар сондай сәттерде ұстаздар арасында ұжымдық, әріптестік байланыс өте тығыз болады. Менде бір ой болып тұр.

Бізді қолдауға дайынсыздар ма? Олай болса сіздерді құпия ойынға шақырамыз. Ол үшін бізге ұстаздар керек болады. Ортаға жұптасып 8 мұғалім шықса.


«Кубик рубик» ойыны.
2 жүргізуші Ақ Маржан: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.


1 жүргізуші Нұрболсын: Ақ Маржан, Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

  1. Кәусар-

  2. Бақдәулет-

  3. Маржан-

4 жүргізуші Мерей: Санжар, менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.
3 жүргізуші Санжар: Иә, Мерей, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса ортаға биші қыздарымызды шақырып, ұстаздарымыздың көңілін көтеру мақсатында «Интерактив ойынын» тамашаласақ!


1 жүргізуші Нұрболсын:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын


2 жүргізуші Ақ Маржан:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.

Ортада Қарақат қыздарыңыздың орындауында «Ұстазым» әні


(ұстаздармен вальс)


3 жүргізуші Санжар: Ендеше кешіміз әрмен қарай жалғасады.
Қазір қызықты шоу болады. Иә, иә, қызықты шоу болады. Кезекті ойынымыз «Не зат?» деп аталады.
4 жүргізуші Мерей: Санжар, осы жолы ортаға батыл ағайларымызды шақырсақ, апайларымыз ренжімейтін шығар деген ойдамыз. Солай ма?
«Не зат?» ойыны.


1 жүргізуші Нұрболсын:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда колледжіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші Ақ Маржан: Ортада «_________» би ансамбльі. Испан биі.
4 жүргізуші Мерей: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
3 жүргізуші Санжар: Сіздер салып кеткен сара жол - ұстаз жолы – ұлы жол. Ал енді бізге ассистенттеріміздің көмегі қажет. Жарықты өшірсеңіздер. Кешіміздің соңғы номері. Сондықтан барлығымыз көңілдірек отырайық. Барлықтарыңыздан телефонның жарығын қосып қол былғауларыңызды сұраймыз.
Ортада Бақдаулет ұлдарыңызбен Альмира қыздарыңыздың орындауын да «Ұстазым» әні қабыл алыңыздар!


4 жүргізуші Мерей:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
2 жүргізуші Ақ Маржан: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Кешімізді қорытындылау мақсатында кураторларымызды ортаға шақырып, гүл шоқтарын табыстайық. Табыстауға рұқсат етіңіздер!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет