« Аяулы күз, Алтын күз-2022»
Мерекелік кеш
Мақсаты:
Кештің ашылуы: «Жаңбыр биі» қыздар тобы
Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз – 2022» мерекесімен құттықтаймын.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Мерекелік сайыс 2 бөліммен тұрады:
1. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.)
5. Күзгі сыйы.(Күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстарын көрсету)
Жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділқазы алқалармен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанпеисова Айжан Нығыметқалиқызы және алғашқы әскеридайындық пәнінің мұғалімі Қабиденов Азамат Бауыржанұлын қарсы алайық.
Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп кезекті әнге береміз
Ән. «Құстар қайтып барады мекеніне»
Орындайтын Оралбаева Ақнұр
Ән. «Құстар»
Орындайтын Берікжанов Айбар
Қазіргі заман биі. 7-8 сынып оқушылары
«Менің құстарым» биі 5-6 сынып қыздар тобы
Көрермендермен ойын. «Қас - қағым сәт».
(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік.
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.
1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.
2 - сұрақ: Жұмбақ шешу.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ
3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз.
4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.
5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс.
6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей --------------------
7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.
8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
Жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Мерекелік күзгі сыйды жасапты, Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.
Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз – 2022» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жеміпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше
Достарыңызбен бөлісу: |