Жүргізуші



бет2/4
Дата03.01.2023
өлшемі28,26 Kb.
#60294
1   2   3   4
Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар! Балалар енді менің сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. Барлығымыз бірге ойнаймыз ба?
Балалар: Ия, ойнамыз
Ойын: « Қар беру »
Шарты: балалар әуен басталған кезде бір-бірлеріне қарды береді. Әуен тоқтаған кезде қар кімнің қолында болса, сол бала өз өнерін көрсетеді.
Сайқымазақ: Сендерге ойын ұнады ма?
Балалар: Ия
Сайқымазақ: (шыршаға қарап) балалар шыршаға қараңдаршы, шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шыршаны жағу үшін бізге кімдер келу керек?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Сайқымазақ: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
(Музыка әуенімен көңілді күймен Аяз ата шаңғы теуіп шығады, қолында шанасы бар. Залды бір айналады.)
Аяз ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата! Жүргізуші: Біздің мерекеге қош келдіңіз Аяз ата! Ақшақар немереңіз қайда? Аяз ата- Ақшақар..... Жаңа менімен келе жатқан сияқты еді.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сізді қатты сағынып, асыға күтті. Балалардың сізге арнаған өнерлерін тамашалап бізбен бірге болыңыз. Оған дейін Аяқшақарда келіп қалар.
Сайқымазақ: Аяз ата біздің шыршамыз көңілсіз, сіздің және балалардың көмегі қажет.
Аяз ата: Кәне, олай болса барлығымыз бірге санайық 1.2.3.........
Қандай керемет шырша.
Жүргізуші: Кел,балақай,шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Ән мен бимен қарсы алайық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет