Көркем әдебиет
|
кейіпкерлерге жанашырлық танытуға;шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажыратуға үйрету
|
Математика негіздері
|
геометриялық пішіндерді тану және атау дағдыларын қалыптастыру
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Өсімдіктер әлемі.
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және тағы басқа), олардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.
|
Құрастыру
|
үлгі бойынша құрастыру
|
Сурет салу
|
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану;
2) қарындаш, қылқалам, бояу, гуашьты пайдалану;
3) негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалану;
4) таяқпен құмға, бормен асфальтқа сурет салу;
5) ойлау бойынша дербес сурет салу.
|
Мүсіндеу
|
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру
|
Жапсыру
|
желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағып алу дағдысын қалыптастыру
|
Музыка
|
Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру
|