Жүсіп баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата31.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#10885
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланылған 

әдебиеттер:

1. Оқулық. 6-сынып. Қазақ тілі.

2.  Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық,  үшінші 

деңгей, 2012 жыл.

3. Интернет көздері.


112

113


Бастауыш білім бағанасы

Татьяна ЛУПУ, 

Новопокровка орта мектебінің

 қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы,

Бородулиха ауданы.

ҒАЖАЙЫП ӘРІПТЕР

(1-сынып оқушыларына арналған ертеңгілік)

Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін саралап, 

үйренген өнер, оқу, тәрбие жұмыс түрлерін көрсете 

білу.  Әр  түрлі  ойындар  арқылы  қазақ  тіліне  деген 

кызығушылықтарын арттыру.



Көрнекілік: қазақ тіліне тән әріптердің суреттері, 

күннің  суреті,  пазл,  сиқырлы  қоржын,  қармақ, 

балықтар, шарлар 

Іс-шара барысы:

- Сәлеметсіздер ме,  құрметті қонақтар, балалар!  

Бүгін біз ғажайып әріптер әлеміне саяхат жасаймыз.  

Біздің  сынып  –  үлкен  автобус,    ал  біз  –  жолаушы-

лармыз.  Саяхатты  бастамас  бұрын,  саяхатшылары-

мызбен  танысайық.  Біз  олармен  жақынырақ 

танысамыз, әуес істерін, достарын білетін  боламыз. 

(Балалар өздері туралы әңгімелейді).

- Ал  жолаушылар,  автобустағы  өз орындарыңа 

отырыңдар,    біз  сапарға  шығамыз.    Енді,    мына  

сұрақтарға  жауап беріңдерші:

- Қазақ әліпбиіне тән неше әріп бар?  (9)

-  Олар  неге  тән  әріптер    деп  аталады?    (Өйткені 

олар тек қана қазақ тілінде кездеседі)

Бізбен бірге саяхатқа сендердің сүйікті кейіпкерің  

де  шығады.  Міне, ол атына мініп, келе жатыр.

(Сыныпқа Алдар Көсе атпен шауып кіреді.) 

- Балалар бұл кім?   Білесіңдер ме?  (Білеміз,  бұл 

– Алдар  Көсе.)

Балалар, білесіңдер ме, оның есімінің мағынасы 

қандай?  (Алдар –обманщик, көсе – безбородый)

Алдар Көсе: 

-  Сәлеметсіңдер  ме,  балалар!    Қал-жағдайларың 

қалай?    Балалар,  менің  сиқырлы  қоржыным    бар. 

Онда сендерге  көп тәтті сыйлықтар  бар. 

- Балалар, қараңдар!  Мынау не?   Бұл – күн.  Күн 

бізге жұмбақ  жасырады.

-  Мен    жұмбақты  оқимын,    ал  сендер  оны  

шешесіңдер.  Мұқият тыңдаңдар:



Әтеште бар, тауықта жоқ

Әселде бар, Анарда жоқ («Ә» әрпі)

-  Енді,  «Ә»  әріпін  күн  сәулесіне  жазамыз.    Ал,            

кәне,  осы    әріпті    бәріміз    айтайық.  (әріпті    бәрі  

хормен  қайталап айтады.)

- Алдар Көсе сендерге тапсырма дайындады.

Алдар Көсе: 

-  Менің    қоржынымда  не  бар  екен,    қараңдар!  

Мынау  кім,  мынау    не?    (әже,  әке,  әтеш,  әліппе). 

(Дұрыс жауап берген балаға Алдар Көсе тәтті сыйлық 

береді.)


114

115


Алдар  Көсе:  - Кім  әже туралы өлең айтып береді?   

(Бір  оқушы  әже туралы өлең айтып береді.

            Әже

Менің әжем, ақ әжем –

Ұл мен қыздың бағы 

– 

әжем.



Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

(Балаға Алдар Көсе тәтті сыйлық береді).

- Келесі  жұмбақ.



Үйректе бар, қазда жоқ

Күнде бар, айда жоқ. («Ү»  әрпі)

- «Ү»  әрпін күн сәулесіне жазамыз  

- «Түс» сөзінде қандай дауысты дыбыс бар? 

-  «Ү»    дыбысы.  Енді  өлең  арқылы  түстерді 

қайталайық.

Мынау – сары қарындаш,

Мұнымен күнді бояймын.

Мынау – жасыл қарындаш,

Мұнымен гүлді бояймын.

Мынау 


– 

көк қарындаш,

Мұнымен суды бояймын.

- Келесі  жұмбақ:



Ұяда бар, қияда жоқ. («Ұ» әрпі) 

«Ұ»  әрпін  күн  сәулесіне  жазамыз.  «Ұ»    әрпі                 

бар қандай сөздер білеміз?  

-  «Ұшты»  сөзі  қалай  аударылады?  Ал,  кәне, 

«Ұшты-ұшты»  ойынын  ойнайық:

Ұшты-ұшты торғай ұшты,

Ұшты-ұшты ұшақ ұшты,

Ұшты-ұшты қалам ұшты,

Ұшты-ұшты түлкі ұшты,

Ұшты-ұшты құс ұшты,

Ұшты-ұшты ағаш  ұшты,

Ұшты-ұшты қоян ұшты,

Ұшты-ұшты қарға  ұшты.                      

Осы  сайыста  алғыр  балаға  Алдар  Көсе  тәтті 

сыйлық береді.

  - Келесі  жұмбақ:



Түлкіде бар, қасқырда жоқ.

Кірпіде бар, қоянда жоқ.  («І» әрпі)

«І»  әрпі бар қандай сөздер білеміз?  (кірпі,  түлкі,  

бір, ілгіш)

«І» әрпін күн сәулесіне жазамыз. 

«Адасқан  әріптер»   ойыны.   (Адасқан әріптерден  

сөздер құраймыз.) 

  Бір,   әтеш, кітап, қалам, күн,  доп.

          Доп

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың  домалап.

Үстел  үстін  бүлдірдің,

Тәрелкені  сындырдың.

Тентек  болып  кеттің  деп,

Тұрмын  сені  тепкім  кеп.  

  - Келесі  жұмбақ:

Өзенде бар,  теңізде жоқ.  («Ө» әрпі)

«Ө»  әрпі  бар  қандай  сөздер  білеміз?  «Ө»  әрпін   

күн сәулесіне жазамыз.

- Балалар, өзенде нелер жүзеді? (балықтар). Қазір 

біз өзенге саяхат жасап, балықтарды аулаймыз.


116

117


Ойын:  «Балықшы»  (Балалар  қармақпен  балық 

аулайды. Балықтарда сөздер жазылған. Осы сөздерді 

балалар дауыстап оқып, орыс тіліне  аударады.)

Көктем,  әке,  қыс,  үй,  өрмекші,  жаз,  ұшақ,  күз, 

түлкі.

- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? (көктем)



           Көктем     

Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел, балалар, әнменен 

Қарсы алайық көктемді.

Сергіту сәті:  «Көбелек»  биі.

Шаршасаңдар, балалар,  қолдарыңды созыңдар,

1 2 3 4 5 орнымыздан тұрамыз.

Бәріміз бірге билейік:

Ақ қанатты көбелек, 

Көк канатты көбелек,

Көбелек-ау, көбелек,

Мені өзіңмен ала кет.

  - Келесі  жұмбақ:



Ағашта бар, талда жоқ,

Ғалияда бар, Әлияда жоқ.  («Ғ» әрпі)

- «Ғ» әрпін  күн сәулесіне жазамыз. 

«Сиқырлы қоржын» ойыны.

- Алдар Көсенің сиқырлы қоржынына  жасырған 

жұмбақ  сөздер  бар.  Сөздерде  кейбір  әріптер 

жоғалған.  Біз  қоржыннан  сөздерді  алып,  жоғалған 

әріпті  орнына қоямыз. 

А...аш, са...ат, тор...ай, а...а, қар..а.  (Ағаш,  сағат, 

торғай, аға,  қарға.)

  - Келесі  жұмбақ: 



Қазда бар, үйректе жоқ

Тауықта бар, әтеште жоқ («Қ» әрпі)

«Қ»    әрпін    күн  сәулесіне  жазамыз,  біз  немен 

жазамыз?  Бұл  сөзде «Қ»  әрпі бар, ол қандай сөз? 

(қалам)


  «Ұйқасын  тап»  ойыны.  Балалар  сөздердің  

суреттердегі  баламасын табады.  

Кітап,    дәптер,    қалам,    күнделік,  қарындаш, 

өшіргіш, сызғыш, сөмке.

Оқу құралдары туралы өлең:

Кітап, дәптер, қаламым,

Сөмкеме оны саламын.

Күтетін оқу құралын

Мен әдепті баламын.

- Келесі  жұмбақ:



Жаңбырда бар, қарда жоқ. («Ң»  әрпі)

«Ң» әрпін күн сәулесіне жазамыз.

- Келесі  жұмбақ:

Айдаһарда бар, жыланда жоқ. («Һ» әрпі)

«Һ»  әрпін күн сәулесіне жазамыз.

-  Енді  біз  пазл  құрастырамыз.  Егер  біз  дұрыс 

құрастырсақ,  бір аңның суреті шығады. Ол  аңның  

атауында һ әрпі бар.  (айдаһар)

Сергіту сәті:    

Саусақтарымыз  үшін  жаттығулар  жасаймыз.

Оң қолымда бес саусақ,



118

119


Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

-  Ал  енді,  балалар,    Алдар  Көсені  шығарып              

салайық.  Сау болыңыз,  Алдар Көсе!

-  Балалар,  біздің  саяхатымыз    қызықты  болды                  

ма? Сендерге не ұнады?

- Қараңдаршы, балалар, біздің күніміз күлімсіреп 

қалыпты,  өйткені  біз  барлық  тән  әріптерді  жақсы 

білеміз және оларды жаза аламыз.

- Балалар, енді Күн  туралы ән айтайық.

Әрқашан күн сөнбесін.

Күн әлемі, көк әлемі,

Бұл суреті жас баланың

Ақ қағазға салған оны

Қалдырған бар сөзі.

Әрқашан Күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!

- Осымен  балалар,  ертеңгілігіміз  аяқталды. Келесі  

кездескенше,  қош сау  болыңдар!

Рая БАЙЖАНОВА,

Алматы қаласындағы

№5 мектеп-гимназияның 

мұғалімі.

ҚАЙДАН КЕЛДІҢ, БАУЫРСАҚ?

(4-сынып)

Жалпы мақсаты:

Білімділік: нанның көп 

еңбек арқасында келетінін 

әңгімелеу, нан туралы мақал-

мәтелдер, тақпақ,тыйым 

сөздер айту.

Дамытушылық: сөздік қорды 

байыту, ауызекі сөйлеу тілін 

дамыту, сын тұрғысынан 

ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: нанды 

құрметтеуге тәрбиелеу, 

патриоттық сезімдерін  

тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі:

Нанның қадірін түсінеді. 

Тақырып бойынша белсенді 

сөздік қорды меңгереді, 

сұрақтарға жауап бере алады, 

қазақ тіліне тән дыбыстарды 

меңгереді.



120

121


Тақырып 

бойынша түйінді 

идеялар:

Тапсырмалар жас 

ерекшеліктеріне және ойлау 

деңгейіне сәйкес құрылады 

және «жеңілден-күрделіге» 

ұстанымына негізделеді, 

топтық жұмыстар барысында 

оқушылар ЖАДА-ның 

ықпалымен   өздігімен оқуға 

дағдыланады.

Көрнекіліктер, 

қажетті құралдар:

Флипчарттар, маркерлер, 

фишкалар, суреттер, 

стикерлер, АКТ, презентация, 

слайд-шоу.

Жаттығулар:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 

Сәлемдесу. Түгелдеу. 

Сыныпта жағымды 

психологиялық ахуал 

қалыптастыру.

II. Сергіту сәті. 3 мин.

III. «Тілек айту» әдісі. 1 мин.

- Жақсылық тілеймін.

- Сабақтан «5» ал.

- Адал достар тілеймін.

- Денсаулық тілеймін.

- Ашық аспан.

- Ата-анаңа денсаулық 

тілеймін.

IV. Үй тапсырмасын тексеру: 

«Шеңбер бойымен» әдісі.

4 мин.


- Сенің сүйікті тағамың?

- Сүт тағамдарын ата.

- Қандай ұлттық тағамдарды 

білесің?


- «Вита» сөзінің латын 

тілінен аудармасы? Өмір

- Дәруменнің аудармасы? 

Витамин


- Сүттен  жасалатын 

сусындар? Қымыз, шұбат

- Қымыз ненің сүтінен 

жасалады? Бие

- Шұбат ненің сүтінен 

жасалады? Түйе

V. Жаңа сабақтың барысы

Сабақтың тақырыбымен, 

мақсаттарымен, тапсырма 

түрлерімен, бағалау 

өлшемдерімен таныстыру.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы 

«Қайдан келдің, бауырсақ?» 

- Мақсаты: Нанның көп 

еңбек арқасында келетінін 

әңгімелейміз, нан туралы 

мақал-мәтелдер, тақпақ, 

тыйым сөздер айтамыз, 

флипчартпен жұмыс 

жасаймыз, постерлер  

қорғаймыз, презентациялар 

көрсетеміз.



122

123


VI. Білу.

Сөздік жұмысы.  5 мин.

1. Наубай – пекарня.

2. Наубайшы – пекарь.

3. Диірмен – мельница.

4. Диірменші – мельник.

5. Диқандар – хлеборобы.

6. Бидай – пшеница

7. Ұн – мука.

Сөз тіркестер, сөйлемдер 

құрастыру.

2. Түсіну. Презентация «Нан 

дастарқанға қалай келеді?» 

5 мин.


- Нан дастарқанға қалай 

келетінін түсіндіңдер ме?

«Бағдаршам» әдісі. 

Жасыл түс – түсіндім. Сары 

түс – толық түсінбедім.

Қызыл түс – түсінбедім.

3. Топпен жұмыс:

1-топ. «Жемістер»

2-топ. «Балмұздақ»

3-топ. «Бешбармақ»    

Флипчартпен жұмыс.  7 мин

«Нан туралы». 1-топ.

Тыйым сөздер.

Нанды жерге тастама.

Нанның  үстіне зат қойма.

Нанды төңкерме.

Нанды бір қолмен үзбе.

2-топ.   Мақалдар.

1. Еңбектің наны – тәтті,

    Жалқаудың жаны тәтті.

2. Нан бар жерде  ән бар.

3. Дәнді шашпа, нанды 

баспа.

4. Нан – тамақтың атасы.



 Ынтымақ — көптің батасы.

5. Нан астығын жинаймын, 

Елге астық сыйлаймын.

3-топ. «Нан дастарқанға 

қалай келеді?»

1. Егінші бидай егеді.

2. Комбайыншы егінді 

жинайды


3. Диірменші бидайды 

тартады.


4. Ұннан нан пісіреді.

5. Нан дүкенге түседі.

Нан дастарқанға көп еңбек 

арқасында келеді.

Нанды қадірлеу керек!

Жазбаша. Постер қорғау.  

Стикермен бағалау.

4. Талдау.

«Қайдан келдің, бауырсақ?» 

өлеңін түсініп, рөлге бөлініп 

оқу. (3 мин.)


124

125


    Қайдан келдің, бауырсақ?

Дастарқанда шашылып, 

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

- Қайдан келдің, бауырсақ?-

деп сұрады қуыршақ.

- Дүкеннен келдім нан сатқан,- 

деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

- Диірменнен келдім ұн тартқан.



- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім, жан-жақтан

Арғы тегім – ақ бидай,

Тәттімін, жеп көр,

Жесең өзің байқарсың

Рақметіңді айтарсың.

   Ө.Тұрманжанов.

5. Жинақтау. 4 мин.

Нан, қасиетті, дастарқан, 

өмір, тіршілік нәрі, бидай, 

жиналады, егінші, еліміз, бай 

сөздерін пайдаланып, сөйлемдер 

құрастыру.  

- Нан – ең қәсиетті дәм. Нансыз 

өмір жоқ. Нан – тіршілік нәрі. 

Ол дастарханға оңайлықпен 

келмейді. Біздің еліміз өте бай. 

Осы байлығымызды Қазақстан 

Республикасының рәміздерінің 

бірі Елтаңбада көрсеткен. 

Елтаңбада бидай масағы 

бейнеленген. Бүгін нан туралы, 

адамдардың еңбегі жайында 

әңгімелестік. 

Нан болмаса, күнделікті 

тамақтануымыздың 

да, қонаққа арналған 

дастарқанымыздың да сәні 

болмас еді. (слайд)

6. Бағалау. (2 мин.)

- Нан дастарқанға қалай 

келеді? (оқушылардың пікірі: 

көп еңбек арқасында келеді. 

Жазбаша тапсырма.

«Жалғасын тап» әдісі.  Керекті 

сөзді қойып, жазу.

        Мақал-мәтел айту.                                                                                                                   

1. Қоныс көркі – там, 

дастарқан көркі – ......(нан)                                                                                             

2. Дастарқанда наны жоқтың, 

тағамының...... жоқ. (дәмі)                                                              

3. Нан болса ........болады. (ән)

VI. Үйге тапсырма беру:

 Сен нанды қалай қадірлейсің? 

Әңгіме құрастыру.

Рефлексия: Беткескіндер 

арқылы қалдыру.

«Кері байланыс» парағы – 

стикерлерге жазып қалдыру.

Слайд. ҚР Әнұранын айту.



126

127


Білім сынағында

Айсұлу НАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облысының

Орал қаласындағы

А.С.Макаренко атындағы 

№6 жалпы орта білім 

беретін мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

(5-сынып)

2.1 модуль.  Менің отбасым

1. Әкемнің шешесі маған кім болады?

а)  нағашы ата;           ә)  нағашы әже;

б)  қарындас;              в)  сіңлі;

г)  әже.


2.  Шешемнің әкесі маған кім болады?

а)  нағашы апа;          ә)  нағашы әже;

б)  әпке;                      в)  нағашы ата;

г)  аға.


3.    «Отбасы»  деген  сөзге  мағыналас  сөздерді 

анықта:

а)  оқытушы, ұстаз;       ә)  әулет, жанұя;

б)  шәкірт, оқушы;         в)  әке-шеше;

г)  аға, іні.



4.  Сөйлемді тиісті сөзбен толықтыр. 

Менің отбасым ... тұрады. 

а)  кіші;                      ә)  бауырмал;

б)  тату-тәтті;            в)  үлкен;

г)  дәстүр.

5.    Қазақ  халқының  қонаққа  беретін  басты 

тағамы:

а)  сүт;                        ә)  самса;

б)  бесбармақ;            в)  айран;

г)  сүзбе.



6.  Жіңішке түбірлі сөздерді анықта:

а)  жақын, қамқоршы;      ә)  ұл, қыз;

б)  әке, шеше;                    в)  қант, нан.

г)  құлыным, жұлдызым.



7.  Жуан түбірлі сөздерді анықта:

а)  немере, жиен;            ә)  шілдехана, дәстүр;

б)  сыйлы, дастарқан;    в)  мереке, көңілді;

г)  үлкен, кіші.



8.    Үндестік  заңына  бағынбайтын  сөздерді 

анықта:

а) құрмет, еңбекқор;      ә) қонақ, көмек;

б) ардақта, сыйла;          в) ақыл, тәрбие;

г) мейірімді, сезім.



9.  Зат есімдерді анықта:

а) біздің, менің;             ә) қарсы алу, өткізу;

б) биік, жарық;              в) сырланған, орналасқан;

г) көше, бөлме.



10.  Жалқы есімдерді анықта:

а) Әбілқайыр көшесі, Орал қаласы;

ә) қонақ бөлме, үлкен кілем;

б) әдемі перде, бес терезе;

в) амандасу, сәлемдесу;

г) сүт тағамдары, нан тағамдары.



128

129


2.2 модуль.  Мен және менің досым

1. Достық туралы мақал-мәтелді анықта:

а)  Білім кілті – тіл.

ә)  Көз қорқақ – қол батыр.

б)  Мектеп – кеме, білім – теңіз.

в)  Отан оттан да ыстық.

г)  Адам досымен, ағаш тамырымен мықты.



2.    «Досымның  мінезі»  тақырыбына  байла-

нысты сөздерді анықта:

а)  көзі қара, шашы ұзын;

ә)  бойы қысқа, әдемі;

б)  сенімді, сыпайы;

в)  оқу озаты, сыныптас;

г)  көмек, жәрдем.



3.  «Құрбы» деген сөзге мағыналас сөзді анықта:

а)  қайырымды;           ә)  құрдас;

б)  өтірік;                     в)  үлгілі;

г)  тырыс.



4.  «Дос» деген сөздің синонимін анықта:

а)  мақтаныш;             ә)  қайырымды;

б)  бос уақыт;             в)  жолдас;

г)  балабақша.



5.  Сөйлемдегі реттік сан есімді анықта:

Данияр деген досым бесінші сыныпта оқиды.

а)  оқиды;                   ә)  досым;

б)  бесінші;                в)  деген;

г)  сыныпта.

6.  Сөйлемдегі ілік септігіндегі сөзді анықта:

Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайды.

а) денсаулығы;          ә) көп;

б) нашар;                   в) жүгіре алмайды;

г) Абыздың.

7.  Сөйлемдегі жатыс септігіндегі сөзді анықта:

Қиын жағдайларда көмек беруге дайын.

а)  дайын;                 ә)  қиын;

б)  жағдайларда;      в)  көмек;

г)  беруге.

8.    Сөйлемдегі  тәуелдік  жалғауы  бар  сөзді 

анықта:

Менің досым – тамаша, жақсы бала.

а)  менің;              ә)  тамаша;

б)  жақсы;             в)  досым;

г)  бала.

9. Сөйлемдегі етістікті тап.

Оның шалбары жырым – жырым болды.

а)  оның;               ә)  болды;

б)  шалбары;        в)  бірақ;

г)  жырым-жырым.

10. Сөйлемдегі көптік жалғаулы сөзді тап.

Жаңа тәрелкелер әдемі, гүлі бар.

а)  жаңа;               ә)  әдемі;

б)  тәрелкелер;     в)  бар;

г)  гүлі.

2.3 модуль.  Еңбек. Мамандық

1. Дәрігер не істейді? 

а)  балаларды оқытады;

ә)  нан пісіреді;

б)  машина жүргізеді;

в)  адамдарды емдейді;

г)  шаш қияды.



130

131


2. Дастарқанның басты тағамы 

а)  жеміс;                ә)  нан;

б)  сүт;                    в)  жидек;

г)  көкөніс.



3. Еңбек туралы мақал – мәтелді анықта.

а)  Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

ә)  Білімдінің күні жарық.

б)  Өнер алды – қызыл тіл. 

в)  Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

г)  Адам досымен, ағаш тамырымен мықты.



4. Көйлекті кім тігеді?

а)  аспаз;                 ә)  мұғалім;

б)  мұнайшы;          в)  заңгер;

г)  тігінші.



5. Сөйлемдегі сын есімдерді анықта.

Онда наубайшылар тәтті тоқаштар, дәмді нандар 

пісіреді.

а)  тоқаштар, нандар;

ә)  онда, пісіреді;

б)  наубайшылар, нандар;

в)  онда, тоқаштар;

г)  тәтті, дәмді.



6. Барыс септігіндегі сөзді анықта:

а)  бауырсақ;          ә)  азық-түлік;

б)  науқастар;         в)  қалаға;

г)  қызметті.



7. Өткен шақтағы етістікті тап:

а)  оқытады;           ә)  даярлайды;

б)  пісіреді;            в)  қорғайды;

г)  сатты.



8. Сөйлемдегі етістікті анықта:

Нан дастарқанға көп еңбекпен келеді. 

а)  келеді;                ә)  дастарқан;

б)  көп;                    в)  нан;

г)  еңбекпен.

9. Сөйлемдегі І жақтағы етістікті анықта:

а)  Мен ғарышкер боламын.

ә)  Сен шаштараз боласың.

б)  Сіз дәрігер боласыз.

в)  Ол кітапханашы болады.

г)  Олар нан пісіреді.



10. Оқушының еңбегі неде?

а)  балық аулауда;          ә)  білім алуда;

б)  үй салуда;                 в)  адам емдеуде;

г)  көлік жүргізуде.



2.4 модуль.  Менің Отаным

1. Отан туралы мақал-мәтелді анықта:

а)  Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

ә)  Мектеп – кеме, білім – теңіз.

б)  Еңбегіне қарай өнбегі.

в)  Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі.

г)  Адам – бір-біріне қонақ.



2. Еліміздің елордасы қай қала?

а)  Алматы қаласы;       ә)  Астана қаласы;

б)  Орал қаласы;            в)  Ақтау қаласы;

г)  Тараз қаласы.



3.  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік  

күні.

а)  8-наурыз;                 ә)  22-наурыз;

б)  30-тамыз;                в)  1-2-қаңтар;


132

133


г)  16-17-желтоқсан.

4. Павлодар облысындағы ең бір керемет жер 

а)  Бурабай;               ә)  Баянауыл;

б)  Сарыарқа;            в)  Ақжайық;

г)  Жетісу.



5. Қазақстан Республикасының рәміздері 

а)  тау, теңіз, өзен;

ә)  жануарлар, өсімдіктер;

б)  елтаңба, ту, әнұран;

в)  көмір, газ, мұнай;

г)  жеміс, мақта, күріш.



6. Ілік септігіндегі сөзі бар сөйлемді анықта:

а)  Қазақстанда өзен көп.

ә)    Қазақстан  Республикасы  –  Еуразия 

құрлығындағы мемлекет.

б)    Республикада  130-дан  астам  ұлт  өкілдері 

тұрады.


в)  Біздің еліміз – бай әрі қуатты ел.

г)  Мұнда барлық халық еркін өмір сүреді.



7. Тәуелдік жалғауы жоқ сөйлемді анықта:

а)  Біздің Отанымыз – Қазақстан.

ә)  Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері 

кең әрі бай.

б)   Қазақстан – ең ірі астықты мемлекет.

в)   «Жері байдың – елі бай», - дейді халық.

г)   Қазақстан жерінде көмір, мұнай, темір, алтын, 

мыс мол.


8. Көптік жалғаулы сөзі бар сөйлемді анықта:

а)  Мен өз елімді мақтан етемін.

ә)  Тау биіктеген сайын ауа райы салқындайды.

б)  Таудан мөлдір бұлақтар ағады.

в)  Алматыда алма өседі.

г)  Қызылордада күріш өседі.



9. Тәуелдік жалғаулы зат есімді анықта:

а)  Президенттің;            ә)  Үкіметті;

б)  Сенатқа;                     в)  Мәжілістен;

г)  Конституциясы.



10. Барыс септікті сөз тіркесін анықта:

а) Жеңіс күні;                 ә) Бірлігі күні;

б) Жаңа жыл;                  в) Әйелдер күні;

г) Үкімет құрамына.



2.5 модуль.  Қыс

1. Қыс айларын анықта:

а)  желтоқсан, қаңтар, ақпан;

ә)  жаз, күз, көктем;

б)   наурыз, сәуір, мамыр;

в)  маусым, шілде, тамыз;

г)  қыркүйек, қазан, қараша.



2) Шыршаны қай мейрамға құрады? 

а) Халықаралық әйелдер күніне;

ә)  Наурыз мейрамына;

б)  Конституция күніне;

в)  Жаңа жылға;

г)  Жеңіс күніне.



3. Жұмбақты шеш.

Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым.

а) коньки;                  ә) шана;

б) шаңғы;                  в) мұз;

г) аққала.


134

135


4.  «Қыс»  тақырыбына  байланысты  сөздерді 

анықта:

а)  наурыз мерекесі, бүршік, көбелек;

ә)  боран, аяз, қар, мұз;

б)  жаңбыр, гүл, аққулар;

в)  өзен, шалғын, көл;

г)  кітап, оқушы, дәптер.



5. Балалар қысқы демалысты қалай өткізеді?

а)  Өзенге барып, суға шомылады. 

ә)  Мұз айдынына барып, коньки тебеді.

б)  Орманға барып, саңырауқұлақтар жинайды.

в)  Бақшада жеміс-жидек тереді.

г)  Ауылға барып, шөп шабады.



6. І жақтағы етістіктің көпше түрін анықта:

а)  өткізесің;                  ә)  өткіземіз;

б)  өткізді;                     в)  өткізесіз;

г)  өткіземін.



7.  Сөйлемдегі етістікті анықта:

Мен ауылда шаңғы, шана тебемін.

а)  шаңғы;                 ә)  шана;

б)  тебемін;               в)  мен;

г)  ауылда.

8.  «Қыс»  тақырыбына  байланысты  сын 

есімдерді анықта:

а)  ыстық, жеңіл, жаңбырлы;

ә)  мөлдір, таза, өнерлі;

б)  боранды, қарлы, суық;

в)  көрікті, жазғы, күзгі;

г)  кешкі, таулы, қалалық.



9.  Қыста ауа райы қандай болады?

а)  Күн салқындайды, жаңбыр жауады.

ә)  Күн жылынады, қар ериді.

б)  Жел соғады, жерге көк шығады.

в)  Күн ыстық болады.

г)  Қар жауады, аяз болады.



10.  Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

       Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 

       Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық, 

       Басқан жері сықырлап келіп қалды... - өлеңнің 

авторы кім?

а)  Ыбырай Алтынсарин;

ә)  Абай Құнанбайұлы;

б)  Мұзафар Әлімбаев;

в)  Жамбыл Жабаев;

г)  Қадыр Мырзалиев.



2.6 модуль.  Ұлттық ойындар. Спорт

1. Төрт түлік малды анықта:

а) ит, мысық, қасқыр, түлкі;

ә) арыстан, піл, қоян, жолбарыс; 

б) үйрек, тауық, қаз, көгершін;

в) түйе, сиыр, жылқы, қой;

г) қарлығаш, балапан, аю, жылан.



2.  Қазақ  халқының  ұлттық  ойын  түріне 

жатпайтын ойын:

а)  асық;                         ә)  тоғызқұмалақ;

б)  шахмат;                    в)  ақсүйек;

г)  ханталапай.



3.  Заттың  қимылын,  іс-әрекетін  білдіретін  сөз 

табы:

а)  зат есім;        ә)  сын есім;

б)  етістік;          в)  сан есім;     г)  есімдік.


136

137


4. Етістіктің сұрақтары:

а)  не істеді? қайтті?          ә)  кім? не?

б)  қайда? қашан?              в)  кімге? неге?

г)  қандай? неше?



5. Дене шынықтыру сабағы қайда өтеді?

а)  қазақ тілі кабинетінде;

ә)  спорт залында;

б)  мәжіліс залында;

в)  асханада;

г)  кітапханада.



6. Асықты неден жасайды?

а)  сиырдың сүйегінен;

ә)  қойдың  сүйегінен;

б)  жылқының сүйегінен;

в)  түйенің сүйегінен;

г)  иттің сүйегінен.



7. «Ұлттық ойын» сөз тіркесінің аудармасы:

а)  национальное блюдо;

ә)  национальная одежда;

б)  национальный костюм;

в)  национальная игра;

г)  национальный праздник.



8. Болымсыз етістікті анықта:

а)  тігеді;                 ә)  анықтайды;

б)  ойнамайды;       в)  ұтады;      г)  атады.

9. Олимпиада чемпионын анықта: 

а)  Тоқтар Серіков;        ә)  Серік Сәпиев;

б)  Шәкен Айманов;      в)  Әбілхан Қастеев;

г)  Қаныш Сәтбаев.



10.  Дене  шынықтыру  сабағы  аптасына  неше 

рет болады?

а)  бес рет;        ә)  төрт рет;

б)  үш рет;        в)  екі рет;      г)  бір рет.

2.7 модуль.  Менің қалам



1. Сен қай қалада тұрасың?

а) Ақтөбе қаласында;      ә) Атырау қаласында;

б) Алматы қаласында;    в) Ақсай қаласында;

г) Орал қаласында.



2. «Медеу»  мұз айдыны қай қалада орналасқан?

а) Павлодар қаласында;    ә) Астана қаласында;

б) Алматы қаласында;      в) Тараз қаласында;

г) Семей қаласында.



3.  Астана  қаласы  қай  өзеннің  жағалауында 

орналасқан?

а) Жайық өзені;                ә) Есіл өзені;

б) Сырдария өзені;           в) Шу өзені;

г) Тобыл өзені.



4. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы

а) Алматы қаласы;        ә) Қызылорда қаласы;  

б) Өскемен қаласы;       в) Ақтау қаласы;

г) Астана қаласы.



5.  Орал  қаласы  Қазақстанның  қай  өңірінде 

орналасқан?

а) Оңтүстік Қазақстанда;

ә) Солтүстік Қазақстанда;

б) Шығыс Қазақстанда;

в) Батыс Қазақстанда;

г) Орталық Қазақстанда.



6.  Астана  қай  жылдан  бастап  Қазақстанның 

елордасы болды? 

а) 1991 жылдан;           ә) 1992 жылдан;

б) 1993 жылдан;          в) 1995 жылдан;


138

139


г) 1997 жылдан.

7. Келер шақтағы етістікті анықта:

а)  қойылған;              ә)  орналасқан;

б)  аталған;                 в)  салынады;

г)  өзгертілген.



8. Азық-түлік дүкенінде не сатылады? 

а) ойыншықтар;         ә) киімдер;

б) аяқ киімдер;           в) азық-түліктер;

г) кітаптар.



9. Зат есім нені білдіреді?

а) заттың түсін;             ә) заттың атын;

б) заттың қимылын;     в) заттың санын;

г) заттың дәмін.



10. Өткен шақтағы етістікті анықта:

а) жүріп жатыр;         ә) құлпырып келеді;

б) азайтады;               в) көрсетеді;

г) қаланған.



2.8 модуль.  Менің мектебім

1.  «Мектеп»  деген  тақырыпқа  байланысты 

сөздерді анықта:

а) ұстаз, қоңырау, үзіліс, оқулық;

ә) ауа райы, жаңбыр, орман;

б) жануарлар, табиғат, өсімдіктер;

в) ата-ана, отбасы, жанұя;

г) ойын, егін, нан, сүт.



2. Жаңа оқу жылы қашан басталады?

а) қазанда;                ә) қарашада;

б) ақпанда;               в) наурызда;

г) қыркүйекте.



3. Білім күнін белгіле:

а) 1 қаңтар;               ә) 1 қыркүйек;

б) 16 желтоқсан;      в) 22 қыркүйек;

г) 30 тамыз.



4. Сан есім нені білдіреді?

а) заттың атын;                ә) заттың түрін, түсін;

б) заттың іс-қимылын;   в) заттың санын, ретін;

г) заттың сипатын.



5. Сан есімі бар сөйлемді анықта:

а) Әлиханның анасы – мұғалім.

ә) Біздің мұғалім – өте жақсы адам.

б) «Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан.

в) Бірінші қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылды.

г) Оқушылар асханада тамақ ішеді.



6. Есептік сан есімі бар сөйлемді анықта:

а) Мұғалім сыныпқа кірді.

ә) Сыныпта жиырма бес оқушы бар.

б) Сабақ кеш басталды.

в) Қоңырау соғылды.

г) Оқушылар үзіліске шықты.



7. Реттік сан есімі бар сөз тіркесті анықта:

а) мектеп жанында;          ә) қазақ тілі сабағы;

б) жас оқытушы;              в) алтыншы сабақ;

г) үш тақта.



8. Болжалды сан есімі бар сөйлемді анықта:

а) Қыркүйек айы келді.

ә) Мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды.

б) Мектеп сыныптары таза және жарық.

в) Мектепте мыңға жуық оқушы оқиды.

г) Оқушылар мектеп асханасында тамақтанады.



9. Жинақтық сан есімі бар сөйлемді анықта:

а) Бірінші қыркүйекте мектепке барды.



140

141


ә) Бір оқушы сабаққа кешігіп қалды.

б) Екінші қабатта мұражай орналасқан.

в) Кабинетте үш терезе бар.

г) Екеуі сыныпқа кіріп келді.



10. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?

а) кімдер?                  ә) қандай?

б) қайда?                   в) кімнен?

г) нешінші?



2.9 модуль.  Көктем

1. Қар еріп, су ағады,  

     Сарқырап сайға толады.



     Күн ұзарып, жылиды,   

     Бұл қай кезде болады?

а) жазда;                 ә) қыста;

б) көктемде;           в) күзде;

г) түнде.



2. Көктем айларын ата:

а) жаз, күз, қыс;

ә) қыркүйек, қазан, қараша;

б) желтоқсан, қаңтар, ақпан;

в) маусым, шілде, тамыз;

г) наурыз, сәуір, мамыр.



3. Көктем мерекесін ата:

а) Жаңа жыл;          

ә) Халықаралық әйелдер күні;

б) Тәуелсіздік күні;

в) Конституция күні;

г) Білім күні.



4. Наурыз мерекесі қашан тойланады?

а) 1-қаңтарда;            ә) 8-наурызда;

б) 9-мамырда;            в) 1-мамырда;

г) 22-наурызда.



5.  Күшейтпелі  шырай  қатысқан  сөйлемді 

анықтаңыз:

а) Көктемде Жайық өңіріне аққулар ұшып келеді.

ә) Көк шалғынға киіз үй тіккенбіз.

б) Аққу су сабалап, сыңсыды.

в) Аққудың қасына жүзіп жеттім.

г) Тырна – өте сақ құс.



6.  Салыстырмалы  шырай  қатысқан  сөйлемді 

анықтаңыз:

а) Мен анама гүл сыйлаймын.

ә) Аққулар тобымен орман ішіне қонды.

б) Көктемде күн жылынады.

в) Құстар жылы жақтан ұшып келеді.

г)  Көгілдір  көктемнің  жаршысындай  тырналар 

ұшып келеді.

7. Дұрыс құрастырылған сөйлемді анықтаңыз:

а) Биыл көктем ерте келді.

ә) Көктем келді биыл ерте.

б) Ерте келді көктем биыл.

в) Келді биыл ерте көктем.

г) Биыл келді көктем ерте.



8. Наурыз мерекесінің басты тағамы 

а) қуырдақ;              ә) бауырсақ;

б) бесбармақ;          в) наурыз көже;

г) қымыз.



9. Көктемнің алғашқы гүлі 

а) бәйшешек;          ә) қалампыр;

б) раушан;              в) қызғалдақ;

г) түймедақ.



142

143


10.  Көктемде  табиғатта  қандай  өзгерістер 

болады?

а) Жапырақтар сарғаяды.

ә) Жерге көк шығады.

б) Құстар ұшып кетеді.

в) Боран соғады.

г) Аяз болады.



2.10 модуль.  Жаз

1. Күн де ысып, 

    Шөп пісіп,



    Ел пішенін орады.  

    Бұл қай кезде болады?

а) жазда;                ә) қыста;

б) көлде;                в) көктемде;

г) өзенде.



2. Жаз айларын ата:

а) желтоқсан, қаңтар, ақпан;

ә) маусым, шілде, тамыз;

б) жаз, күз, көктем;

в) қыркүйек, қазан, қараша;

г) наурыз, сәуір, мамыр.



3. Балалар жазда не істейді?

а) Жаңа оқу жылы басталады.

ә) Оқу жылы аяқталады.

б) Жазғы демалысқа шығады.

в) Наурыз мейрамын тойлайды.

г) Жаңа жылға дайындалады.



4. Есімдік бар сөйлемді анықта:

а) Жазда жемістер піседі.

ә) Маған жаз мезгілі өте ұнайды.

б) Жазда адамдар демалады.

в) Балалар өзенге шомылуға келді.

г) Жазғы Астана өте әдемі.



5. Есімдік қай сөздер табының орнына жүреді?

а) есім сөздер;             ә) етістік;

б) үстеу;                       в) шылау;

г) одағай.



6. Жіктеу есімдігін анықта:

а) оның, мен, сізге;          ә) бұл, анау, мынау;

б) кім? неше? қайда?       в) бәрі, барлық, тегіс;

г) өзім, ешкім, ешқайда.



7. Сұрау есімдігі бар сөйлемді анықта:

а) Жазда ауылға бардың ба?

ә) Көл жағасында болдың ба?

б) Ауа райы қандай болады?

в) Саған ауыл ұнады ма?

г) Биыл жаз өте ыстық емес.



8. Сөйлемде есімдіктің қай түрі кездеседі?

Бұл жерде суға түсуге болмайды.

а) жіктеу;                     ә) сілтеу;

б) өздік;                       в) белгісіздік;

г) сұрау.

9. Өздік есімдігін анықта:

а) саған, оған, маған;     ә) сенен, бізден, одан;

б) сен, мен, ол;               в) өзім, өзіміздің, өзі;

г) сол, мынау, міне.



10. Жаз мезгілінде тойланатын мейрам 

а) Қазақстан халықтарының бірлігі күні;

ә) Жаңа жыл;               б) Конституция күні;

в) Жеңіс күні;              г) Наурыз мейрамы.



144

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Бас редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.



“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –

Казахский язык и литература в русской школе”  –

ай сайын шығатын республикалық 

ғылыми-педагогикалық жұрнал.

Құрылтайшы және шығарушы: 

“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



  

Теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-                                                           

дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 

және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 

айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 

қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.

Басуға 30.12.2014 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.

Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.

Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 

Таралымы – 910. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.

Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 

Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.

Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 

бөлімдер.........................268-32-48.

Факс................................243-15-53.   



Электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru

Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш. 

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ

ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ

 ОТВЕТСТВЕННОСТью “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”

© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -

Казахский язык и литература в русской школе»,

 №1, 2015 ж., 144 бет, Алматы.



Document Outline

  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет