Жүсіп Гүлфайруз ҚФ-201 Публицистикалық стиль (мақала)



бет3/5
Дата10.03.2023
өлшемі23,14 Kb.
#73249
1   2   3   4   5
Байланысты:
психология ттт

ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ:

Жүйелілік – тілдің басты белгісі. «Жүйсіз нəрсені жадыңда сақтау қиын. Егер тілде жүйе болмаса, егер ол бір-бірімен байланыссыз, ретке (тəртіпке) келтірілмеген, ұымдаспаған, бөлшектері бүтінге бірікпеген, бытыраңқы элементтер күйінде болса, онда тіл адамның жадында (санасында) сақталмаған болар еді, қатынас құралы, пікір алысудың құралы болып қызмет етеуге де жарамас еді. Тілде жүйелілік қасиет бар. Сондықтан да оның жүйесі сол тілде сөйлейтін адамның жадында (санасында) жатталып, сақталып қалады. Тілдің жүйелілік қасиеті оны (тілді) меңгере білуге жəне қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді»


Тілдің жүйелілік қасиеті оның белгілі бір құрылымы мен қызметінің өз ара қатынасынан аңғарылады. Яғни, тілдік жүйе белгілі бір заңдылықтар бойынша байланысқан элементтерден (дыбыс, морфема, сөз, сөйлем) құралады.
Ал жүйені құрайтын элементтердің арақатынасынан жəне бірлігінен тұратын құрылымның деңгейлерден (ярустардан) тұратыны белгілі. Тілдік əрбір деңгейдің (фонетика, лексика, морфология т.б.) өзіне тəн жүйесі болады да, əрбір жүйенің тілдік бірліктері өз ара байланысында сол жүйенің мүшелері ретінде қызмет етеді. Мəселен, тілдің фонетика саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінуі, дауысты дыбыстардың тілдің, еріннің, жақтың қатысына қарай жауан жəне жіңішке, еріндік жəне езулік, ашық жəне қысаң болып топтасуы, дауыссыз дыбыстардың дауыстың қатысына қарай, жасалу орнына қарай, айтылу жолына қарай қатаң, ұяң, үнді т.б. болып бөлінуі тілдегі дыбыстардың белгілі бір жүйеге негізделетінін көрсетеді.
Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.
Жүйе элементтері (мүшелері) біртектес, бірыңғайлас элементтер ретінде бір-бірімен мағыналық, ұғымдық жағынан байланысты болып келеді. Жүйенің бір элементі өзіне ұқсас екінші элементтің болуын аңғартады. Мысалы, қадірлі, құрметті, ардақты, аяулы, қымбатты сөздері синонимдер, олар мағына жағынан бірбіріне жуық, өзара мəндес сөздер. Ал осы сөздердің өз алдына бір синонимдік қатар құрау үшін екінші бір синонимдік қатардың (мысалы, күшті, мықты, əлді, қайратты, қарулы, қажырлы сөздері) болуын керек етеді, басқаша айтқанда, бір синонимдік қатар синонимдер жүйесін құрай алмаған болар еді. Жүйе болу үшін, оның құрамындағы элементтердің біртектес болуы жеткіліксіз, оларға қарама-қарсы қоятын элементтердің болуы міндетті. Яғни, синонимдердің өз алдына жеке жүйе деп танылуы, оларға қарама-қарсы құбылыс – омонимдердің болуы. Ал омонимдердің өз алдына жеке жүйе ретінде қарастырылуы олардан басқа тілімізде синоним, антоним сөздердің болуы.
Сонымен, лексиколоияны тіл білімінің өз алдына жеке бір тілдік жүйесі десек, синоним, омоним, антоним оның əр тектес элементтері ретінде қарастырылады да, оны əр алуан бөлшектерден құралған жүйенің жүйесі деуге болады. Жалпы лексикалық құрылымның жүйесін анықтау белгілі заңдылықтарға негізделеді. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыстарды анықтауда тақырыптық топтар мен лексика-семантикалық топтарға бөліп қарастырудың мəні зор. Бұлай топтастыру əдісі Ф.П.Филиннің, А.А.Уфимцеваның, Д.Н.Шмелевтің, М.Оразовтың т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет