Б: - Сәлеем! Жақсы, сіз ше?
А: -Ұйықтамадым вообще.
Д: - Қооойш? Не үшін?
А: - Қыздармен арқайын әңгіме айттық. Саяхат ұнап жатыр ма?
Б: -Иәә, супер!
Д: -Әрине! Бүгін қайда барамыз?
А: -Қазір Самарқандтағы мазарға барамыз. Күлмей, өзімізді ұстап, тыныш жүрейік.
Б: -Оның қандай ерекшелігі бар? Біз не аламыз одан?
Д: -Мазарға барудың керегі не? Сәулеті үшін ба?
А: - Олай тар ойламаңыздар. Тарихи орындардан аларымыз көп. Оның сәулеті де, берер құндылығы да, тарихи оқиғасы да бізге өнеге.
Б: -Мысалы?
А: -Мысалы, Ибн Аббастың мазары. Сәулеті сондай әдемі. Мозаикадан жасалған. Кәдуілгі мешіт сияқты. Биік, кең.
Б:- Басқа?
А: - Тұра тұрсайшы, сабырмен
Б: -Ерекшелігін білгім кеп барады.
А: -Маған бұл жердің ұнайтыны мұнда үш дін өкілдері де кіре алады.
Д: -Мұсылмандар ғана емес па??
А: -Солай.
Б: -Оның мәні неде?
А: -Біз әртүрлі дінді ұстасақ та Алланың бір екеніне, бәрімізді жаратқан бір Жаратушының барына, тылсымға, ғайыпқа сенеміз.
Д: -Сонда қалай? Христиан болсам да адасқан болмағаным ба? Қатырасың сен де!
А: - Иә, солай. Біз ғой қазақтар ислам дінін толық танып білмей жатып діни түсінігімізді ұрпағымызға сіңіреміз. Бейсаналы түрде. Олар да соны іліп әкетеді. Негізі адам үш дінді де толық зерттеп, танығаннан кейін ғана өзі үшін ең жақсы деген дінді қабылдау керек.
Б:- Сен бейсаналы түрде сіңіріп алғаныңа өкінесің ба?
А: -Өкінем демедім. Дегенмен өзгелердің таңдауына құрметпен қарау керек. Әркім өз өмірі үшін жауапты. Христианды таңдаса, ол үшін ең жақсысы осы дін болғаны. Оған барып сенің таулауың қате деуіміз, тыжырынуымыз оның таңдауын құнсыздандыру!
Д: -Ойланатын дүние екен.
Б: -Келіспеймін! Түйін не?
А: -Түйін: Адамға өмір сүру үшін сенім керек. Сену керек. Біз бәрінің таңдауына сыйластықпен қарау керекпіз. Басқа дін өкілдері де Аллаға сенеді. Тек кейбір құлшылықтарында ғана өзгеріс болуы мүмкін.
Д: -Лайк (бас бармағын көтеріп)
А: -Қуаныштымын!
Б: -Бәрібір, ойланатын, қызықсыз, негізсіз дүние.