Дәрігер-науқас” байланысы өз табиғатында екі жақты ақпарат алмасуды көрсетеді. Дәрігердің көзқарасы бойынша, осы алмасу нәтижесі болып, науқас ауруының алдын алу немесе диагноз қою және емдеу жоспарын
Дәрігер-науқас” байланысы өз табиғатында екі жақты ақпарат алмасуды көрсетеді. Дәрігердің көзқарасы бойынша, осы алмасу нәтижесі болып, науқас ауруының алдын алу немесе диагноз қою және емдеу жоспарын анықтау болады.
«Дәрігер-науқас» қарым-қатынасындағы адекватты коммуникацияны қамтамасыз ететін психологиялық қасиет болып, эмпатия табылады, яғни науқастың уайымдарын түсіну, сезімталдылық, қайғысына ортақтасу, жанашырлық таныту.
Науқаспен қарым-қатынас жасау кезінде аурудың ойын толық түсінуі және өз ойын оған жеткізуі ем нәтижесінде өте маңызды әсер ететіні күмәнсіз.
Науқаспен қарым-қатынас жасау кезінде аурудың ойын толық түсінуі және өз ойын оған жеткізуі ем нәтижесінде өте маңызды әсер ететіні күмәнсіз.
Дәрігер мен науқас арасындағы қарым- қатынас, олардың бірін-бірі түсінуі және қабылдауы, көптеген жағдайларға байланысты: адам тұлғасының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, дәрігердің білімі мен білгерлігі, беделі және т.б. Сонымен қатар, мұнда дәрігердің қарым-қатынас жасауы, жалпы адамзаттың тәжірибесінен алынған, психологиялық принциптерге негізделіп, ғылыми дәрежеде өтуі керек.
Науқастың дерті туралы мәліметті науқасқа жариялағанда дәрігерлік құпия негіздерін де сақтау міндет. Кейбір жағдайларда науқастың шалдыққан дертіне емнің қолданбайтыны анық болады, мысалы соңғы сатыдағы қатерлі ісіктер, асқынған аурулар (бауыр циррозы). Сондықтан аурудың мүддесін қорғау үшін дәрігер оның негізгі дертін немесе емнің нәтиже бермейтінін жасыруға мәжбүр болады.

Қорытынды:
Денсаулықты қорғау, тек жағдайы жеткілікті, айрықша құқықтығы бар, шектелген бір топтардың ғана емес, қоғамдағы әр адамның құқығы болуы, қазіргі таңдағы медициналық этиканың ең бір маңызды мәселесі. Адамгершілік қасиеттеріне сәйкес жекешелігі, бостандығы, құндылығы, тұлғалардың құқығы датең болуы қажет.